Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
- «Аялы алақан» әдісінде оқушылар шеңбер болып отырып «Бүгінгі сабақтан не алғым, не көргім келеді?» деген сұраққа жауап береді.
- Жедел жауап. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушылардан өсімдік бірлестігі туралы білімдерін анықтау. Доп арқылы сұраққа жауап алу. Сұрақтар:
- Өсімдік бірлестігінде қанша өсімдік болады?
- Бірлестік өсімдіктері өзара қалай байланысады?
- Бірлестіктегі тепе-теңдік қандай табиғат жағдайлары арқылы сақталады?
3. Өзгеріс. Өсімдіктер ылғалды артығымен не жылуды азырақ алса, бірлестікте қандай өзгеріс болатынын анықтау.
Ылғалды артығымен қабылдау өсімдіктің өлуіне әкеп соғады, яғни бірлестіктегі өсімдік саны мен құрамы өзгереді. Ылғалсүйгіш өсімдіктер үшін қолайлы жағдай болғандықтан, уақыт өте келе мұндай өсімдіктер саны артуы мүмкін.
- Көл. Көлдің орманға айналу себептері мен кезеңдерінің дұрыс ретін табу. Оқушылар көлдің жоғалу себептерін анықтап, сипаттайды.
- Зертте. Табиғи бірлестік өсімдіктерінің алуантүрлілігін зерттеу мақсатында оқушылар мектептің жанындағы аймақтарға бақылау жасайды. Зерттеу жұмысы үшін сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топқа 1м² аумақта зерттеу жүргізуді тапсыру ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топта бірлестіктің табиғи жолмен немесе жасанды жолмен құрылғанын талдау.
• Аймақтағы өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтау.
• Қандай өсімдік түрі жиі кездесетінін табу.
• Оларға қандай жағдай тұрақты түрде жасалатынын анықтау.
• Басқа топтың қорытындыларымен салыстыру.
- Қосымша ақпарат. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігі. Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпі белдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне әкеліп соқтырады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін жоғалтады.
- Өсімдіктердің алуантүрлілігі. Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың оған қосымша Каспий, Арал, Балхаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.
Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14% эндемиктер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде шөлдер және далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан Шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі Солтүстік-Шығыстан (Алтай) Оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 монотиптік эндемикалық туыстарды ерекше атауға болады: Physandra (Физандра), Rhaphydophyton (Рафидофитон), Pseuderemоstаshys (Лжепустынноколосник-жалған шөлмесақ), Botschantzevia (Бочанцевия), Pseudomarrubium (Ложная шандра-жалған шандра), Canсriniella (Канкриниелла), Spiraeаnthus (Таволгоцвет-тобылғытүс), Pterygostemon (Птеригостемон), Pastinacopsis (Пастернаковник), Niedzwedzkiа (Недзвецкия) Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесін түрлері енгізілген.
- Қызықты ақпарат. Адыраспанның пайдасы. Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гарминалколойдтер бар.
Емдік қасиеттері: Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «УарауАспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы• Ұмытшақ ауруы• Тіс ауруы• Бастың созылмалы ауруы• Тарамыс ауруы• Буынның қабынуы• Бел, сал ауруы• Асқазан ауруы
Сонымен, өсімдік - медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
Жуаның, сарымсақтың пайдасы. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға жуа ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминнің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлақ ауруы на қарсы заттарға бай. Жуаның құрамын-дағы фитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді.
Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде жуаның фитоцидімен (иісімен) дем алады. Жуаның шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Жуаның шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге, туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдеріс-терді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген жуа шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.
- Жуа езіндісі тырнақтың зеңді ауруларын кетіреді.
- Жуаның шырыны сүйелді жояды.
- Жуаның шырыны қыр-құлақ (цинга) ауруына шипалы ем.
- Құрамында калийдің көптігі бүйректің тас ауруларына, құяңға, сары-буынға, семіздікке шипалы, ол бауырдың қызметін де жақсартады. Оның атеросклерозда, ағза шаршағанда пайдасы көп. Жуаның құрамында В дәрумені мол болғандықтан, оның спрей түрін науқасқа, балаларға, ой еңбегімен айналысатындарға көбірек пайдалануға мамандар кеңес береді.
Батун жуасының ішек құртына қарсы әсері мол. Оның құрамында атеросклероздың дамуын тежейтін, зат алмасуға және қанда холестерин деңгейіне ықпал ететін заттар көп. Сусамырда аспен бірге пісірілген, бұқтырылған немесе шикі жуаны жеген жақсы. Жуа ас қорыту жұмысын реттейді, асқазан сөлінің бөлініпшығуына мүмкіндік береді. Оның жәрдемімен ішек ферменттері және ұйқы безі жасалып шығады. Жуаның жаңа шырыны іш қатқанда, көтеуде (геморойда) жағымды әсер етеді. Халық медицинасында басты пияз несеп айдағыш ретінде пайдаланылады.
Емдік қасиеттері: Жуа қабақтарының судағы тұндырмасы ағзадан әртүрлі қоқыстарды шығаратыны. Батун жуасын Қытайда асқазан ауруларында және іріңдеп ауырғанда тер шығаратын дәрі орнына жегізеді.
Қыр жуасының қаназдықта пайдасы зор, өйткені онда фитонцидтік заттар, темір, қант бар. Көк жуаның құрамындағы калий жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады, оның құрамындағы кальций тіс ауырғанда пайдалы. Жөтелде, созылмалы тонзилитте, мұрын бітелгенде ,салқын тигенде, тері ауруында,күйген жерге, өкшенің мүйізгегін кетіру және қатайған теріні жұмсарту үшін де пісірілген ыстық пияз қабығын басады.
Малды емдеуде пияз тұнбасы оның күйіс қайтаруын реттейді, ірі қараның қатпаршақ, жалбыршақ қарындарының жиырылып –созылуын үдетеді, ішектегі желді басады. Пияздың қабығынан 5 пайыздық ерітінді жасап, бұзауға 150-300 миллитр мөлшерінде күніне 4-5 рет ішкізсе, тәбеті артып, ас қорытуы жақсарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?