Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.1.4 адам іс-әрекетінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Адам әрекетінің өсімдік түрлерінің азаюына және көбеюіне әсерін сипаттау. | |||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызымен және өсімдіктер санының азаю себептері | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту. Егістер, бау-бақшалар. Оқулықта берілген суреттерді сипаттап, «Микрофон» әдісі арқылы оқушылардан егісті, бау-бақшаны не үшін егетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
| Көңілді әуен қосып қою Слайд №1,2,3 Микрофон Слайд №4,5 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 5 минут 1 минут 6 минут 5 минут 3 минут 2 минут 3 минут 7 минут | Пайда мен зиян. Әр жұптың алдына фабрика құбырының түтіні, зауыттың ағын сулары, көліктерден шығатын газ бейнеленген суреттер таратылып, оқушылардан олардың пайдасы мен зиянын талқылау. Орман. Жер шарына ормандар қандай пайдасы тиетінін, адамдар ормандарды не үшін кесетінін, анықтауда, орманды қолдан өсіруге болатынын ескере отырып газет шығару. Мұғалімнің түсіндіруі. Көптеген елде орман қорғауға алынған. Біздің еліміздегі ормандар да мемлекеттің қорғауында. Орман ғаламшарға қандай пайда келтіреді? Орманды сақтап қалу үшін адам не істей алады? Топқа бөлу. Оқушыларды геомертриялық фигуралар арқылы топқа біріктіру. Зертте. Сыныпты шағын топтарға бөлеміз. «Мына жерге ағаш, бұта, шөптерді отырғызса, не болар еді?» деген сұраққа жауап табу ұсынылады. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • «Бірлестіктердің қалыпты дамуына табиғи ортаның қандай жағдайлары кері әсер әсер етеді? Бұл жерге ағаш отырғызса, не болар еді? Оны қандай белгілерінен білуге болады?» – деген сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдіктердің неге нашар өсетіні жайлы топ ішінде талқылау. • Ватманға суретті жапсыру. • Адамдардың қандай іс-әрекеттері бірлестіктер түрі мен өсімдік түрлерінің азаюына әсер етті? (Өсімдіктерді жою, жолдар мен фабрикалар салу, зиянды қалдықтарды тастау.) • Басқа да топтардың қорытындыларымен салыстыру. Қорғау. Оқушыларға табиғи бірлестіктерді сақтау үшін қандай шаралар қолдануға болатынын топпен ақылдасып, ескерту плакатын дайындап, «Микрофон» стратегиясы арқылы өз ойларын білдіруді жоспарлау. Мұғалімнің түсіндіруі. Адам белсенді әрекетімен қоршаған ортаны өзгертеді. Қала, автожол мен теміржол салып, асфальт төсейді, жер жыртады, батпақты құрғатады. Зауыт пен фабриканың зиянды қалдықтары қоршаған ортаны ластайды. Осылай өсімдіктің тіршілік ортасы бұзылады, саны азаяды. Табиғи бірлестіктер жойыла бастайды. Өсімдіктер қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы бейімделді. Аптап ыстық пен қатты аяздарға қарсы тұрып, бірлесіп өмір сүруді үйренді. Сонда да оларға адамның қамқорлығы қажет. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу. Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе? Ғылыми зерттеу жүргізу әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен бірлестіктерді сақтап қалу үшін ботаникалық бақтар құрылады. 1912 жылы Петропавл қаласында құрылған ботаникалық бақ Қазақстандағы ең көне болып саналады. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 17-жұмыс парағы. «Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны», 19-б. Адамның іс-әрекеті. Оқушылар адамның өсімдіктерге пайда келтіретін әрекеттерін жасыл қарындашпен, зиянды әрекеттерін қызыл қарындашпен бояп белгілейді. Бұл тапсырманы жұпта бірін-бірі тексеру үшін орындатуға болады. (Жауаптар: Қорық жасау, ағаш отырғызу, сарқынды суды тазарту – өсімдіктер үшін пайдалы әрекеттер. Батпақтарды құрғату, дәрілік шөптерді жинау, ауаны ластау, жол салу, орманды кесу, туристік бағыттарды ашу – өсімдіктер үшін зиянды әрекеттер). Бағалау.
| фабрика құбырының түтіні, зауыттың ағын сулары, көліктерден шығатын газ бейнеленген суреттер Слайд №6 Геометриялық фигуралар Газет шығаруға арналған құралдар Ескерту плакатын дайындауға арналған құралдар, микрофон https://www.youtube.com/ watch?v=_lx7d4eIkVE Слайд №7 Дәптермен жұмыс | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Оқушылар «Мен журналистпін» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айту. | Микрофон | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралап оқыту мақсатында ынталы оқушыларға «Өзіміз орман өсіреміз» жобасын жүзеге асыруға арналған қадамдарды ойлап табуды ұсыну. Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?