Дыбыс көздерін қаттылығы бойынша жіктеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім. Табиғат физикасы. Дыбыс | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: 16.04 | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Дыбыс көздерін қаттылығы бойынша жіктеу | ||||
Оқу мақсаттары | 2.5.3.1 - Дыбыс көздерін қаттылығы бойынша жіктеу 2.1.2.7 - Эксперимент жүргізу және оның нәтижесін кесте түрінде белгілеу. | ||||
Сабақ мақсаттары | Дыбыс шығаратын заттарды дыбыс қаттылығына қарай топтастыру. Эксперимент жүргізу және нәтижесін кесте түрінде белгілеу. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Қатты дыбыс, бәсең дыбыс. | ||||
Миссия және пайымдау | Өз бетімен білім алу | ||||
Жаһандық азаматтық | Дыбыс түрлерінің қоршаған ортаға әсері, маңызы | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, АКТ сабақтарымен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өмірлік тәжірибелеріне сүйенеді. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау. | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Дыбыс көздерін қаттылығы бойынша жіктеу Дыбыс шығаратын заттарды дыбыс қаттылығына қарай топтастыру. «Не естіліп тұр?» ойынын ойнату. Оқушыға қалқаланып тұрған заттардың біреуін таңдап алып, соның дыбысын шығарады, ал қалған оқушылар бұл не зат екенін табады. /Сылдырмақ, қоңырау, кітап парақтау, шарды сыру, үстелді қаламмен тақылдату, су құю/ Сергіту сәті Өлеңдегі сөздерді қане, бейнелеп айтып көрейік: – Шегіртке қалай шырылдайды? – Пойыз қалай жүреді? – Трактор қалай жүреді? – Жылан қалай ысылдайды? – Шыбын қалай гүжілдейді? – Мәшинелер қалай сигнал береді? – Мысық қалай мияулайды? – Есек қалай ақырады? Табиғи және жасанды дыбыстарды тыңдату. Топтастыру https://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/penie-ptic-dlya-detey/ Малдар қалай дыбыстайды? /Түйенің басқа да жануарлар дыбыстарымен таныстыру/ https://www.youtube.com/watch?v=1IkGH7uG0vY Таныстырылым «Қатты-бәсең» ойыны «Қатты-бәсең» ойыны. Ойын ережесін түсіндіру. Оқушыларға қандай да бір дыбысты тыңдап, оның қатты немесе бәсең дыбыс екенін табуды ұсыну. Егер сипаттама қатты дыбысқа сәйкес келсе, оқушылар құлағын жабуы керек, ал бәсең дыбыс болса, сұқ саусағын ерніне қойсын. Мысалы, мынадай дыбыстарды тыңдату: кітап беттерін парақтау, сағат тықылы, қоңырау үні, балғаның дауысы, өтіп бара жатқан машинаның дауысы, ұшақтың гүрілі, жанкүйерлердің шуылы, бұлақтың сылдыры, әтештің айқайы, шылдырмақтың дыбысы, тұяқтың дыбысы, үстелді қаламмен тықылдату және т.б. -Тауда болғандарың бар ма? Сұрақтар қою: -Кімге қандай дыбыс ұнайды? Қандай дыбыстар ұнамайды? Неліктен? -Кім футбол матчында болды? Онда, әдетте, қандай дыбыстар шығады? Ол жерде қатты айқайлауға бола ма? Неліктен айқайлауға болады? Стадионның суретіне қара. Онда не болып жатыр? Қандай дыбыстарды естуге болады? Бұл дыбыстардың қаттылығы бірдей ме? Стадион қандай дыбыс көзіне жатады? Сипатта. Стадион, адамдар көп жүретін көше қиылыстары және би алаңдары сияқты дыбыс көздерінен қатты дыбыстар шығады. Табиғатта. Суретке назар аудар. Балалар не істеп жүр? Қандай дыбыстар естілуде? Бұл жерде қатты сөйлеуге бола ма? Неліктен? Сенің ойыңша, табиғат аясы қандай дыбыс көзі болып табылады? Адам денсаулығына тым қатты дыбыстардың зияны. Бәсең сөйлесетін және қатты айқайлауға болатын орындар бар. Ойлан Орманда қандай дыбыстар естілуі мүмкін? Тәжірибе жасату.
Дыбыстарды тыңдау және зерттеу (Ұ, ОТ, қ) Көшеге шығып, шеңбер жасап тұрғызу. Түрлі дыбыстарды тыңдап, ақырындап дыбыс көзінен алыстау. Дыбыс естілмей кететін қашықтықты анықтау. Оқушыларға нәтижелерді кесте/диаграмма түрінде жазып, дыбыстарды қаттылығына қарай жіктеп, дыбыс қаттылығы неге байланысты екендігі туралы қорытынды жасауды ұсыну. Ақпарат Дыбыс – айналадағы серпімді толқындар (көбінесе ауадағы) немесе адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу мүшесімен қабылданатын құбылыс. Қауіпсіздік шаралары: тым қатты дыбыстың құлақты ауыртуы мүмкін екенін оқушылардың есіне салу. Дыбыс барлық бағытта таралатынын түсіндіру. (Қ) Оқушылардың біз дыбыстан неғұрлым қашықта орналассақ, соғұрлым естіліп тұрған дыбыстың бәсеңдей түсетіндігін анықтау үшін сұрақтар қою. (Т) Зертте. Аурухана, театр, стадион, мұражай, кітапхана, ойын-сауық орталығы. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет? Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар: – Әр оқушы бір үлестірмелі парақшадан /суреттер/ алады. – Үлестірмелі парақшаларда көрсетілген орындарға қандай дыбыстарды қолданған орынды екенін анықтайды. – Парақшаны қажетті бағанға жапсырады. – Жұмысты топ болып талқылайды. Басқа топтар үшін: – Әр оқушы қандай жерде қатты сөйлеуге және қандай жерде жай сөйлеу керектігін анықтайды. – Әркім өз нұсқасын қажетті бағанға жазады. Алынған нәтижені талқылайды. Жұмыс дәптері 56-беті. Ғимараттар Қоршап сыз. Оқушылар қандай ғимараттарда қатты дыбыстарды, ал қандай ғимараттарда жай дыбыстарды естуге болатынын анықтайды. Оқушыларды мұқият тыңдай отырып, қателік жібергенін байқау, нақтылап, оқушының дәлелін тыңдау, дұрыс түсінуіне көмектесу. Қалыптастырушы бағалау Жауаптар Адамдар бәсең сөйлейтін орындар: аурухана, театр, мұражай, кітапхана. Адамдар қатты сөйлейтін орындар: стадион, ойын-сауық орталығы. Қосымша тапсырмалар Топтарға мынадай жағдаяттарды ойнап көруге ұсыныс жасау: 1. Анаң ұйықтап жатыр. Сен ағаңмен немесе апаңмен бірге бір нәрсе туралы талқылауларың керек. 2. Сен ауырып қалған досыңның көңілін сұрап бардың. 3. Анаң үйде жұмыс істеп жатыр, ал сенің досыңмен телефон арқылы сөйлесуің керек. Әр көріністе қалай сөйлесу керек: қатты ма, әлде жай ма? Мүмкіндігінше әдепті сөйлеу нормалары мен телефон арқылы қалай сөйлесу керектігі жайлы талқылау. | Сылдырмақ, қоңырау, су, тастар, шарлар, камертон, сызғыш https://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/penie-ptic-dlya-detey/ https://www.youtube.com/watch?v=1IkGH7uG0vY Ойынға қажетті құралдар: қораптар, киндер-сюрприздің контейнері, бұршақ, ұрықтар, жемістердің сүйегі, ұрықтары | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорыту. Бүгін не үйрендік? Қандай дыбыс түрлері бар? Кері байланыс Бағдаршам әдісі арқылы. Барлығы түсінікті Сұрағым бар Түсінбедім | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушылар бағыт «картасын» салу, модельдер жасау барысында шығармашылық жұмыстар жүргізеді. | Топтық жұмыс барысында жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау | Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу. | |||
Зертте. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?cұрақтарына жауап беруге қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Зерттеу барысында оқушылардан сұрақ: «Неге кейбір орындарда тыныштықты сақтау қажет? (Адамдар ұйықтап жатады, демалып жатады, науқастанып тұруы мүмкін, үй жануарлары болуы мүмкін т.б.) Ондай орындарды қалай бақылау керек? (Үндемей, ешкімге кедергі келтірмей.) Осылайша оқушылар айналадағы нысандар, құбылыстар және үдерістерді зерттеуге қажетті жағдайлар мен дағдыларды анықтай алады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар Сергіту сәттерін ұйымдастыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?