Өсімдіктерге не қажет? Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Тірі табиғат әлемі

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 4 – тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктерге не қажет?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.3.1 Өсімдіктің өсуі үшін судың, жарықтың және жылудың (мысалы, тұқым не тұтас өсімдік үшін) қажеттілігін зерттеу;

2.2.3.2. Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну

2.1.1.2. Өсімдіктерге қанша су, жылу және жарық қажет екені туралы сұрақтарға жауап беру үшін өз тәжірибесін пайдалану

2.1.3.2.Өлшемдерді жүргізу үшін құрал-жабдықты дұрыс таңдай білу, мысалы өсімдік биіктігін анықтау үшін сызғыш пайдалану

2.1.2.2.Сұрақтарға өздігінен жауаптар табу жолдарын ұсыну

 Сабақтың мақсаттары

Өсімдік өсу үшін су, жарық, жылуды қажет ететінін зерттеу;

Өсімдіктер күн қуатын сіңіретінін түсіну;

Болжамдар мен алынған нәтижелерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің өсуі үшін судың, жарықтың және жылудың қажеттілігін түсінеді.

 Сөздік қор

 

  • Біржылдық,көпжылдық
  • жарық, су,жылу.
  • жағдай
  • тамыр,жапырақ,сабақ,гүл,жеміс, көбею

 бақылаулар Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қорғау, өсімдіктері жұлмау, ағаштарды кеспеу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байаныс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта жануарларды топтарға жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, өсімдіктер тіршілігі және қорегі жайлы бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылардан понтомимамен бойы тік өскен, жақсы күтілген сау өсімдікті көрсетуді сұрау. Содан кейін жапырақтары сарғайып, төмен қарай салбыраған, ауруға шалдыққан өсімдік қалай көрінеді деп сұрау.

- Ол неге осындай болады?

- Оған не жетпеді?

- Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?

Таныстырылым

Сабақ ортасы

(Ж) Суреттерді салыстыру. Екі суреттегі өсімдіктерді салыстырыңдар. Айырмашылық неден болады? Осы сұрақты жұппен талдап, өздерінің жасаған болжамдарының дұрыстығын энциклопедиялар мен ғаламтордан деректерді пайдаланып дәлеледуді тапсыру.

(Ж,Ұ) Көгал. Оқушыларға күннің суретіне қарауды немесе терезеден қарауды ұсыну. 1 – сыныпта «Жарық» бөлімінде күн мен көлеңке туралы өткендерін естеріне салу. Оқулықтағы суретке назар аудару. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін , ал қай жерлерде өте жақсы өсу жағдайлары бар екенін ойлансын. Неге бұлай болатынын сұрау. Шыршалы орманның фотосуретін көрсету. Оны толық сөздермен суреттеу. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауға ұсыну. Оқушылар шыршалы орман өте қараңғы, онда жарық аз түседі, сондықтан еш нәрсе өспейді деген қорытынды жасай алатындай ұйымдастыру. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттарды түзетінін түсіндіру.

(Ж,Ұ,ОТ) Шөл. Оқушыларға шөл мен орманның суреттерін көрсетіп салыстыруды тапсыру.

  • Шөлді жер өсімдіктерінің тамырының ұзындығы қандай?
  • Неге?

«Зерттейік!» жұмысты еркін құрылған топтармен жалғастыру.

Үрмебұршақ немесе асбұршақ тұқымдарын,бөлме өсімдігін (өніп тұрған үрмебұршақты) , 3 банка (пластикалық стакандар), топырақ, қорап, және «су,жарық», «су,жарқсыз», «жарық,сусыз» деген жазулары бар қағаздарды пайдалану.

Тапсырма.

  • Банкаларға жазулар бар қағаздарды жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқушының аты – жөнін жазу;
  • Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отырғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Банкаларды терезенің алдына қою.
  • Бірінші банканы суарып, қақпағын ашыпқою.
  • Екінші банканы суарып, бірақ қораппен жабу.
  • Үшінші банканы ашық қалдырып, суармау.

Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала өнген тұқымдар арқыл да жасауға болады. суаруды ұмытпау.

Бұл сабақта нәтижелерді біден алу мүмкін болмайтындықтан, соңында мұғалім өсімдіктің өсуіне белгілі бір жағдайлар қажет екендігін айту.

) Топпен жұмыс. Анықтау қажет:

  • Өсімдіктің сау немесе ауру екендігін,
  • Ауа температурасын өлшеу,
  • Топырақтың ылғалдылығы мен құнарлығын,
  • Қара ма, әлде сары ма?
  • Жарық қалай түседі?

«Сен білесің бе?» оқушыларға жылыжайда өсімдіктерге барлық жағдайлар жасалатындығын түсіндіру. Егер өлкеңізде жылыжай болса, саяхат ұйымдастыруға болады.

112 – жұмыс парағында оқушылар өсу үшін қандай факторлар анытайтын сөз шығатындай етіп, түсіп қалған әріптерді жазулары керек.

Жұппен жұмыс. Оқушылар мағынасы қарама – қарсы сөздерді түзу сызықпен қосады.

Жауаптар:

Жылы – суық, жарық – қараңғы, ылғал – құрғақ, бай – кедей.

  • Топырақ құрғақ болса, өсімдік нашар өседі.
  • Өсімдік жақсы өсуі үшін сыныптың іші жарық болуы керек.
  • Тұқым көктемде өнеді, себебі жылы бола бастайды.

3 банка, үрмебұршақ, «су,жарық», «су,жарқсыз», «жарық,сусыз» деген жазулары бар қағаздар,топырақ.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар дидактикалық материалдағы жануарлардың атын атап,олар қайда мекендейді және немен қоректенеді,олар өздерін қалай қорғайтыны туралы әңгімелейді.

Жұптық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу