Өсімдіктерді күту. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Тірі табиғат әлемі

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 4 – тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктерді күту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.3.4 Бөлме және мәдени өсімдіктерге қандай күтім қажет екенін білу;

2.2.3.2. Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну

2.1.2.3. күтілетін нәтижелерді болжау

2.1.4.1.Өсімдіктер арасындағы айырмашылықтарды салыстыру және түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

Өсімдіктің жақсы өсуі үшін топыраққа күтім жасау керектігін түсіну және топыраққа қалай күтім жасайтынын білу. Бөлме және мәдени өсімдіктерге қалай күтім жасау кректігін білу. Тәжірибелер мен басқа да зерттеулердің нәтижелері болжамдармен сәйкес келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдістерін жетілдіру кректігін түсіну.

 Бағалау критерийлері

Жүргізілген бақылауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.

 Сөздік қор

 

  • біржылдық/көпжылдық
  • гүлді/қылқанжапырақты
  • тығайтқыш, арамшөп
  • тамыр/жапырақ/сабақ/гүл/жеміс

көбею

 бақылаулар Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қорғау, өсімдіктерді жұлмауға, ағаштарды кеспеуге, жыл сайын көктем мезгілінде ағаш отырғызу керектігін түсіндіру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байаныс және математика пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта жануарларды топтарға жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, өсімдіктер тіршілігі және қорегі жайлы бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушыларға «Бағбанның биін» жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылын көрсетеді.

Таныстырылым

Сабақ ортасы

(Ұ) Оқулықпен жұмыс.

Оқушылардың назарын оқулықтағы құралдардың суретіне аудару. Олардан суреттерді атауларын, оны құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін айтып беруді сұрау. Оқушылар сол қимылдарды жасап берулерін өтіну. Егер мүмкін болса, олардың әрқайсысын көрсету.

(ОТ) Күтім жасау.Жұптасып ақылдас.

  • Топыраққа күтім жасау керек пе?
  • Әлде өсімдікке ғана ма?
  • Неге?
  • Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан?
  • Тамыр одан не сіңіреді?
  • Егер өсімдікті суармаса не болады?
  • Тыңайтқыштар не үшін керек?
  • Топырақты неге қопсыту керек?

(ОТ) Топпен жұмыс. «Зерттейік» оқушылар жұппен жұмыс істейді. Сыныптағы бөлме өсімдіктерімен жеке жұмыс істейді.

  • Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып оны суару;
  • Сосын топырақты қопсыту;
  • Жапырақтарға су бүркіп, шаңын сүрту.

Тыйым салынады!

- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.

- Отты көрсең сөндір!

- Қалдық заттарды тастама!

- Ластауға болмайды.

- Табиғатты тиімді пайдалану керек!

Бір тал ексең, он тал ек

Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.

- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)

- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)

- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)

- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)

- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)

- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)

- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.

Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.

(ОТ) Оқылым. Оқушылар «Күтім жасау» тапсырмасында суреттерге арналған жазуларды оқиды. Кейбір оқушылар «Күтім жасау ерекшелігі» тапсырмасын орындауда әртүрлә өсімдіктерге жасалатын күтім бойынша нұсқау оқиды.

Жазылым. Кейбір оқушылар «күтім жасау ерекшелігі» тапсырмасын орындау барысында әртүрлі өсімдіәктерге күтім жасау туралы нұсқауда сөйлем құрастырады.

(ОТ) 114 – жұмыс парағы. Өсімдіктерге қалай күтім жасау ерекшелігі керек?

Әр түрлі өсімдіктерге әр түрлі күтім керек. Осы тапсырманы кейбір оқушылар сыныпта орындауды ұсынуға болады. Олар күтім жасау туралы нұсқауды оқиды, әр өсімдік қаншалықты суаруды қажет ететіндігін түсінеді, жетіспей тұрған сөйлемдерді жазады.

Жауабы: Азалияны күнделікті суару қажет.

Кактусты айына бір – екі рет суару керек.

Қазтамақты үш – төрт күнде бір рет суару қажет.

(ОТ) Бөлме өсімдіктерін қалай күту туралы кітапша жасаңыз.

Таяқша, шүберек, су. Ыдыстағы бөлме өсімдіктері.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар дидактикалық материалдағы жануарлардың атын атап,олар қайда мекендейді және немен қоректенеді,олар өздерін қалай қорғайтыны туралы әңгімелейді.

Жұптық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу