Қандай денелер жарық өткізеді? Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | ||||||
Сынып: 2А Пән: Ғылымға кіріспе | Қатысқандар: Қатыспағандарсаны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | 5 бөлім Жарық. Дыбыс. Жылу. Магнетизм Тақырып: Қандай денелер жарық өткізеді? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.5.2.1 кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 2.1.2.6 тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау 2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерилері | кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу; • құрылған жоспарға сай бақылаулар жүргізу және қорытындылар жасау. | ||||||
Сөздік қор | Жарық | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика қазақ тілі және әдебиеті | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қандай денелер жарық өткізеді? | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық | ||||||
Сабақ ортасы | ОМ таныстыру.
(Ұ) Оқушыларға кезекпен судың бір-бір қасиетін атауды ұсыну. Оның әрқайсысын, әсіресе мөлдірлігін түсіндіруді ұсыну. (Мөлдірлік – судың жарық өткізу және белгілі бір тереңдіктегі заттарды көрсететін қасиет.) Оқулықтағы суретке назар аударыңыздар. Қандай сұйықтықтар бейнеленген? (Су және сүт.) (Ж)Сұйықтық Стақандардағы сұйықтықтарды салыстыр. Бірінші стақан арқылы басқа заттарды көруге бола ма? Екінші стақан арқылы ше? Сұйықтықтар құйылған стақандарды беру. Солар арқылы сыныптастарына қарап көреді. Оларды кім көре алды? Неліктен? (Себебі су мөлдір, сүт – мөлдір емес.) (Т) Төрт ыдыс. Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарастырып, бейнеленген ыдыстарды атауды, олардың қайсысын мөлдір деп айтуға болатынын топ ішінде талқылауды ұсыну. Бұл сыйымдылықтардың қайсысы арқылы қоршаған заттарды көруге болады? (Шыны және мөлдір стақан.) Егер осы сыйымдылықтарға қарай жарықты бағыттаса, не болады деп ойлайсыңдар? (Мөлдір заттың ар жағынан жарық көрініп тұрады, мөлдір еместің артынан көрінбейді.) Қалай ойлайсыңдар, жарық мөлдір заттар арқылы өтеді, ал мөлдір емес заттар арқылы өтпейді деп айтуға бола ма? (Иә.) Осылайша, оқушылар денелердің мөлдір және мөлдір емес болып бөлінетінін, олардың жарықты өткізгіштік қасиеті әртүрлі болатынын түсіне алады. (Т) Зертте. Сыныпты кез келген әдіспен топтарға бөлу. Әрқайсысына қолшам керек. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар • Әр оқушы сыныптан мөлдір және мөлдір емес заттарды барынша көбірек табуы керек. • Табылған заттардың атын зерттеуші қойын дәптеріне жазу. • Топ ішінде мөлдір және мөлдір емес заттардың жалпы кестесін құру. • Қолшамның көмегімен болжамдардың дұрыстығын тексеру: жарық сәулесін тізімдегі заттарға бағыттау қажет. • Нәтижелерді белгілеу. Жасалған тізімді басқа топтармен салыстыру. Оқушылар зерттеу барысында «Төрт ыдыс» тапсырмасын орындау кезінде алынған, мөлдір заттар жарықты өткізеді, ал мөлдір емес заттар өткізбейді» деген қорытындыларды растай алады. (Ж)Түрлі түсті сусындар. Оқушыларға оқулықтағы суретті сипаттап беруді ұсыну. «Не бейнеленген? Әр сұйықтықты сипаттаңдар. Қалай ойлайсыңдар, олардың қайсысы ең мөлдір? (Су.) Ең мөлдір емесі? (Қызыл ерітінді.) Неліктен бұндай шешімге келдіңдер? (Су жарықты өткізеді, ал қызыл ерітінді өткізбейді.) Қызғылт түсті ерітінді туралы не айта аласыңдар? (Ол жарықты толық өткізбейді.) Қалай ойлайсыңдар, жарықты жартылай ғана өткізетін заттар қалай аталады? (Жартылай мөлдір.)» Ойлан. Ауаның қандай қасиеттері оқушылардың есінде бар екенін сұрау. (Ауа түссіз, дәмсіз, иіссіз, жеңіл және газ тәріздес.) «Жан-жақтың бәрінде ауа бар болса да, біз неліктен қоршаған заттарды анық көре аламыз? (Ол мөлдір.) Тұманды ауа райында не болады? (Ауа бу бөлшектерінің әсерінен мөлдірлігін біраз жоғалтады.) Ендіқоршаған заттарды анық көре аламыз ба? (Жоқ, енді ауа мөлдір емес.)» Айдар бойынша жұмыс барысында оқушылар заттардың мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір болатынына көз жеткізеді. Сен білесің бе? Теңіздерде әртүрлі жартылай мөлдір жануарлар мекендейді. Мысалы, медузалар. Олардың қоймалжың денелері тұтас судан тұрады. Олардың пішіні ұзын жіңішке қармауыштары бар қолшатырға ұқсайды. Медузалар туралы айтып немесе бейнематериалды көруді ұсыну. Олардың түгелдей дерлік судан тұратынын түсіндіру. | Оқулық, мөлдір және мөлдір емес заттардың суреті бар үлестірме парақшалар; • су және сүт құйылған стақандар; • қолшам, фарфор кесе, пластикалық мөлдір стақан, пластикалық мөлдір емес стақан, әр топ үшін бос шыны стақан. Интернет-ресурстар: • Медузалар туралы бейнематериал. | |||||
Сабақтың соңы | Мөлдір денелер жарықты өткізуге қабілетті, ал мөлдір емес денелер жарықты өткізбейді. Кері байланыс: Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады ««Төрт ыдыс»» тапсырмасы дифференциациялық тапсырма ретінде ұсынылады. | Зерттеу жұмысының алдында бұл тәжірибенің не үшін қажет екені, нәтиженің қандай болатыны туралы болжамдарымен бөлісуін сұраңыз. Оқушыларға жұп ішінде заттардың суреттері салынған үлестірме парақшаларды «жарықты өткізеді» және «жарықты өткізбейді» деген қасиеттері бойынша бөлуін сұрау. Бір-біріне қандай да бір затты не үшін таңдағанын түсіндіру қажет екенін айту.). | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар Сергіту сәттерін ұйымдастыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?