Денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік. Магниттілік

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:28.03

Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу

Оқу мақсаттары

2.5.2.1 - Кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу.

2.1.2.6 -Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже)

2.1.2.7 - Эксперимент жүргізу және оның нәтижесін кесте түрінде белгілеу.

Сабақ мақсаттары

Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу.

Эксперимент жүргізу және оның басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже).

Бағалау критерийлері

Денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттейді.

Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтайды.

Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Күш, қозғалыс, жылдамдық, жылдам, баяу, итеру, тарту, тоқтау, баяулату, масса, өлшеу құралы

 Миссия және пайымдау

Өз бетімен білім алу

Жаһандық азаматтық

Жарықтың табиғаттағы әсері, маңызын білу.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымда топтық, жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өмірлік тәжірибелеріне және 1 сыныпта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.

Сабақ ортасы

33 минут

Үй тапсырмасын сұрау

«Сиқылы қорапша»

«Сиқырлы қорапшада» берілген сұрақтарға беру.

Сұрақтар:

  • Жарық неше түрге бөлінеді?
  • Табиғи жарық көздеріне мысал келтір.
  • Жасанды жарық көздеріне мысал келтір?
  • Тіршілік үшін жарықтың қандай пайдасы бар?
  • Жарық өткізгіш денелерді ата.
  • Неліктен кейбір денелер жарық өткізбейді?
  • Көлеңке дегеніміз не?
  • Көлеңке қалай пайда болады?
  • Жарық қандай бағытта түседі?

Сабақ тақырыбы

Қандай денелер жарық өткізеді?

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу.

Эксперимент жүргізу және оның басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже).

-Балалар, бүгінгі сабағымыз зерттеу түрінде болмақ.

-Қалай ойлайсыздар, біз зерттеу үшін нені білуіміз қажет?

1. Мақсатты анықтау.

2. Гипотеза шығару.

3. Ресурстарды таңдау.

4. Жоспар құру.

5. Нәтижені анықтау.

6.Қорытынды.

-Ендеше, алғашқы зерттеуімізді бастайық.

(Т) Кестемен жұмыс.

Мақсаты:Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау.

Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Кеспе қағазда берілген зерттеу жұмысын жүргізеді, кестеге түсіреді.

Зерттеу мақсаты

Гипотеза

ресурстар

мерзімі

жоспар

нәтиже

1-топ: Фонарь мен картон қағазды алыңдар. Фонарьді іске қосыңдар. Қабырғаға бағыттаңдар. Фонарьдің алдына картон қағазды көлбейле. Не байқадыңдар?

2- топ: Су құйылған ыдысқа қасық салыңдар. Не байқадыңдар?

3-топ: Фонарь мен мөлдір түсті затты алыңдар. Фонарьді іске қосыңдар. Қабырғаға бағыттаңдар. Фонарьдің алдына мөлдір затты тосыңдар. Не байқадыңдар?

(Т) Топтық қорғау, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісу.

Оқушылар өз зерттеулерін ортаға салады. Ұжыммен бағаланады, ұсыныстар айтылады.

Бағалау критерийі:

1.Зерттеу мақсатын анықтады.

2.Зерттеудің гипотезасын анықтады.

3.Зерттеу ресурстарын жазды.

4. Зерттеу мерзімін толтырды

5. Жоспар құрылды.

6. Нәтижесі анықталды.

Зертте. Сыныпты топтарға бөлу. Әрқайсысына қолшам керек.

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар

• Әр топ сыныптан мөлдір және мөлдір емес заттарды барынша көбірек табуы керек.

• Табылған заттардың атын жазу.

• Топ ішінде мөлдір және мөлдір емес заттардың жалпы кестесін құру.

Жарық өткізгіш денелер

Жарық өткізбейтін денелер

• Қолшамның көмегімен болжамдардың дұрыстығын тексеру: жарық сәулесін тізімдегі заттарға бағыттау қажет.

• Нәтижелерді белгілеу. Жасалған тізімді басқа топтармен салыстыру.

Өзара тексеру.

Топтар бірін-бірі «плюс-минус» әдісі бойынша тексереді.

 Ойлан. Ауаның қандай қасиеттері оқушылардың есінде бар екенін сұрау. (Ауа түссіз, дәмсіз, иіссіз, жеңіл және газ тәріздес.)

 Біз жан-жақтағы қоршаған ортаны ауа арқылы көре аламыз ба?

 Ал тұманды ауа райында не себепті көру қиындайды? (Ауа бу бөлшектерінің әсерінен мөлдірлігін біраз жоғалтады. Ауа ауа мөлдір емес болады.

Бүгінгі ауа райы қандай? Біз айналаны анық көре аламыз ба?

Жарық –қуаттың бір түрі. Жарықтың арқасында адам баласы айналадағы әлемді көре алады.Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады. Мөлдір денелер жарықты өткізеді. Ондай заттарға шыны, су, слюда, ауа жатады. Мөлдір емес дене жарықты жұтады, оның артында көлеңке пайда болады. Мұндай денелерге ағаш, металдар, қағаз, т.б. жатады. Жартылай мөлдір заттар жарықты шашыратады. Ондай денелердің қатарында полиэтиленді атауға болады.

Кесте, фонарь, картон, қасық, стакан, су, мөлдір және мөлдір емес заттар.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

Қорытынды. Не үйреніп, не білдік?

  • Сабақта не қызық болды?
  • Қандай қиындықтар кездесті?
  • Не маңызды болды деп ойлайсыңдар?

Келесі сабақта қандай жұмыс түрімен жұмыс жасау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жарық өткізетін заттарды анықтау барысында шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Топтық жұмыс барысында жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу