Ай - Жер серігі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3B бөлім: Ғарыш

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ай - Жер серігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.6.1.5 Жердің серігі (Ай) туралы, оның фазалары туралы білу.

2.1.1.1. Ай фазаларын бақылау арқылы сұрақтарға жауап табу

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларда судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

 Жетістік критерийлері

Ай - Жердің табиғи серігі екенін біледі;

Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың ғарыш тақырыбында сөздік қоры молаяды. Ай, Жер, серік, Ай-Жердің табиғи серігі сөздері мен сөз тіркестерін үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

Ғарыш туралы білуге, зерттеуге деген құлшыныстары артады.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ дүниетану пәнімен байланысты өтеді.

 АКТ

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Күн және көлеңке туралы білім алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты естеріне түсіреді.

  • Күн мен түн неліктен алмасады?
  • Жер осі деген не?
  • Тәулік деген не?
  • Тәулікте неше сағат бар?
  • Тәулік бөліктерін қалай аталады?

Жұмбақ шешу.

Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге. (Ай)

Сабақ ортасы

7 минут

23 минут

(Ұ) Ай туралы бейнефильм көру.

Серік дегеніміздің не екенін талқылау.

Айдың ғарыштан түсірілген суреттерін көрсете отырып, Айды Жердің серігі ретінде сипаттау.

(МТ) Серік деп үнемі біреудің қасында жолдас болып жүретін кісіні айтады. Ай үнемі біздің ғаламшарымызбен ілесіп жүреді. Ол жерді айналып қозғалады. Ай Жерден еш уақытта алыстап кетпейді.

(ОТ,Қ) Ай-жердің жалғыз серігі. Ол жерді айналып қозғалады.

Айды адамдар түнгі аспаннан көре алады. Ол біздің ғаламшарымыздан кіші, онда атмосфера жоқ.

(Ө,Қ) Жердің, Күннің және Айдың бір-біріне қатысты орналасуын бейнелейтін суреттер арқылы Айды Жердің серігі ретінде қарастыруды ұсыну. Ай фазаларын көрсетіп тұрған күнтізбе арқылы ондағы өзгерістерді талқылату.

(МТ) Фазалардың айналымы жаңа Айдан басталады. Ол әуелі көрінбейді, содан кейін жіңішке қиығы көрінеді. Айдың жартысы көрініп тұрса, ол-бірінші ширек. Содан кейін ол өсіп, толған Айға айналады. Сол кезде ол дөңгелек болып көрінеді. Оны кемуші Ай деп атайды.

Суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың Ай және оның фазалары туралы білімдерін бағалау.

(ОТ, Дифф.) Ай фазаларын көрсетіп тұрған күнтізбеге немесе күнделікке тоқталу. Осы айға Ай күнтізбесін толтыру.

Қабілеті жоғары оқушылар: Ай фазаларының суретін салады;

Қабілеті орташа оқушылар Ай күнтізбесін толтырады.

http://www.imektep.kz/ai

Айдың суреті.

Ай мен Жердің моделі

Жұмыс дәптері.

70-71 бет.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушыларға толған Ай мен жарты Айдың суреті көрсетіледі.

Сабақты өте жақсы түсіндім деген оқушылар толған Айға отырады, ал сабақты жартылай түсіндім деген оқушылар жарты Айға отырады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар: Ай фазаларының суретін салады;

Қабілеті орташа оқушылар Ай күнтізбесін толтырады.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың Ай және оның фазалары туралы білімдерін бағалау.

Тәжірибелер жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу