Табиғи ресурстардың шығу тегі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. «Заттар және олардың қасиеттері.Табиғи ресурстар.»

Күні:

Сынып:3

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи ресурстардың шығу тегі

Оқу мақсаттары

2.3.4.2 - табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу

2.1.2.1 - «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;2.1.2.2 - бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);

 Сабақ мақсаттары

Табиғи ресурстар туралы түсінік қалыптастыру. Табиғи ресурстарды анықтап, түрлері мен көздерін ажырату.Табиғи ресурстардың маңыздылығын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктей алады

 Сөздік қор

Табиғи ресурстар, табиғат және адам қолымен жасалған ресурстар, сарқылатын және сарқылмайтын , атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

I.Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.Күндей жадырап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір, таза көңілменБүгінгі сабақты бастайық!

-Балалар, қима әріптерден сөз тіркесін құрастырып көріңдер.

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР

-Табиғат ресурстары деп нені айтамыз? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі сабағымыз табиғат, нақтырақ айтатын болсам табиғи ресурстар жайлы болмақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Бағалау критерийлерін мақсатқа қарап құрастыру.

презентация

Сабақ ортасы

5-10 минут

10-15 минут

15-20 минут

20-25 минут

25-35 минут

(Ж) Топтастыру стратегиясы

Оқушыларға табиғи компонент бейнесін таратып беріп, суреттен табиғат ресурсты табуын сұрау. Оқушылардан ресурстарды қандай топтарға бөлуге болатыны туралы ойландыру.

(Ұ) «Ойлан.Бірік.Талқыла.» стратегиясы

Оқушылардың идеяларын тыңдаған соң, табиғат ресустарының шығу тегі бойынша бөлінуін талқылау: табиғат және адам қолымен жасалған ресурстар

Қосымша мәлімет:Табиғат ресурстарына күн, жел, мұхит, теңіз энергиясын, климаттық ресурстарды да жатқызуға болатынын есте сақтау қажет.

Табиғат ресустарының маңызды белгісі ретінде олардың орны толатынын атауға болады. Адамзат жасаған ресурстар табиғат ресурстарынан дайындалады.

(Ұ)Проблемалық сұрақ

-Бұл табиғи ресурстар адамға керек пе? Не үшін?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

(МК,Т) Аудиоматериалды тыңдау, мазмұнын талқылау

Тапсырма:«Табиғи ресурстардың жіктелуі» атты роликті мұқият тыңдап, табиғи ресурстардың түрлерін естеріңе сақтаңдар.

(Ө,Қ)Карточкамен жұмыс

Оқушылар жұмыстарымен ауысып, бір-бірін тексеріп, күлегеш арқылы бағалайды.

Оқушыларға айналаға қарап, табиғи және адам қолымен жасаған ресурстарды анықтап, мысал келтіруді ұсыну.

Бейнефильм

Суреттер

Аудиоматериал

Тыңдалым

Суреттер

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

35-40 минут

  • Рефлексия

Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?
  • Қандай жаңалық алдыңдар?
  • Қай кезең сендерге қиындық туғызды?

Өздерін бағалау

Ата аналарына СМС жазу.Өздеріне баға беру.

Үйге тапсырма: 48-49-бет, оқу. Дәптерде 35-беттегі тапсырманы орындау.

Стикерлер

Дифференциацияоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Оқушылардың табиғи ресурстары жайлы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу