Күн және көлеңке. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім

3B бөлім: Ғарыш

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 3– тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн және көлеңке

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.6.1.2 Күн мен көлеңкенің бір күндік өзгерісін бақылау

2.1.1.1. Сұрақтар қою және бір күн ішіндегі көлеңкенің ауысуын бақылау арқылы жауаптар табу

2.1.2.3.Күтілетін нәтижелерді болжау.

 Сабақтың мақсаттары

Күні бой күннің қозғалысын және көлеңкенің ауысуын бақылау;

Өлшем құралдарын таңдау және қолдану (мысалы:секундомер, сызғыш, таразы)

Сұрақтарға жауап беру үшін күнделікті тәжірибесін пайдалану.

 Бағалау критерийлері

Жүргізілген бақылауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.

 Сөздік қор

Ұзағырақ, күнсағат, күн, көлеңке, тәулік.

 Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге,табиғатқа, аспан әлеміне сүйіспеншілікпен қарау, қозғалыстың, дененің әсерінен қозғалатынын білу

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байланыс, математика, өнер пәнімен байланыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ай – жердің серігі тақырыбымен танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым ,суреттер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақта жайлы ахуал орнату. Белсенді тақтадан берілген сілтеме бойынша бейнебаян көрстеу.

Оқушыларға төмендегі сұрақты қою.

  • Көлеңке қалай пайда болады?
  • Көлеңке әр уақытта бірдей ме? (жоқ)
  • Ол қашан көрінбейді? (күн болмаса, жарық тік түскенде)

Таныстырылым

http://tinyurl.com/qkjkh «Жарық және көлеңке» сілтемесі

Сабақ ортасы

(Ұ) Оқулықтағы суретке назар аудару. Күнсағаттардың дизайндарына назар аудару, сипаттау. Белгілі уақыт көрсетілген сағаттарды атау және көрсету.

«Ойлан!»

  • Ағыс деген не?
  • Күннің ағысы деген не?
  • Оны қалай көлеңкемен өлшеуге болады?

(далада көлеңкені өлшеуге болады)

) Топпен жұмыс «Зерттейік!»

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

  • Оқушылар күнсағат әзірлейді. Гномонның орнына кез келген кейіпкердің мүсінін, циферблат есебінде 1 – 12 сандармен бөлінген қағаз шеңбер.
  • Гномонды шеңбер ортасына орналастырып, шамнан түскен жасанды жарық көзін мүсіннің жағына түсіру.
  • Көлеңке қай уақытта көрсетіп тұрғанына назар аударту.
  • Көлеңкенің ұзындығын өлшеу нәтижесін жұмыс дәптерге жазу.

Мұндай сағаттар барлық уақытта дұрыс көрсете алмайтынын оқушылар аңғарулары тиіс.

Бірнеше оқушыларға көлеңкенің ұзындығын өлшеуді тапсыру. Әр түрлі биіктіктегі таған (10 см, 20 см, 30 см) әзірлеу.

Үш тағанға кезек қойып мүсінге жақындату. Алдымен шам тағанның үстіне, содан кейін екінші, үшінші тағанда тұрады.

Әр кезде көлеңкенің ұзындығын өлшеу.

Зерттеу барысында оқушылар жарық неғұрлым биік болған сайын көлеңкенің ұзындығы қысқарады және көлеңке бағыты жарық көзінің затқа қалай түсірелітіне байланысты деген қорытындыға келулері керек.

«Сен білесің бе?»

Күнсағаттардың әр түрі, тіпті тік орналасқан күн сағаттар болатынын айту. Мюнстер шіркеуіндегі куранттардың фотосуреттерін көрсету.

  • Күнсағат не үшін қажет болды?
  • Уақытты анықтау үшін
  • Күнсағаттар жұмысы неге негізделді?
  • Күні бойғы көлеңкенің ұзындығы мен бағытының өзгеруіне
  • Олар неге механикалық сағаттарға ауыстырылды?
  • Олар неғұрлым дәл және қолайлы.

Көлеңке театры туралы түсінік беру.

Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Постер, маркер,суреттер

Үстел шамы, қатырмақағаз,қағаз, сызғыш.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар қосымша зерттеулерге қатысып, өз тұжырымдарын ұсынады

Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу