Ауа және оның қасиеттері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2B бөлім: Менің әлемім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ауа және оның қасиеттері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5.2.1 Ауаның басты қасиеттерін суреттеу (газ тәрізді, мөлдір, түссіз, иіссіз, пішінсіз) 2.1.2.1.Проблеманы шешу жолдарын анықтау мен түсіну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға ауаның қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. | |||||
Жетістік критерийлері | Ауаның негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың ауа тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Ауа және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты қорғау керектігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ дүниетану пәнімен байланысты өтеді. | |||||
АКТ | АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қазақстанның Қызыл кітабы сирек кездесетін және құрып кетудің алдындағы жануарларды қорғау үшін жасалғанын білу; | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Біріне-бірі табиғат туралы сұрақтар қояды. Жұмбақ шешу. Көзге көрінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) | https://www.youtube.com/watch?v=XQpZjC_8bag | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | (Ұ) Ауа ұғымын талқылау. Бұл не? Ол қайда? Ол неге ұқсайды? Ауаның қандай қасиеттері бар? Тәжірибе-ойындар арқылы ауаның түсі, иісі, дәмі, пішіні болмайтынын дәлелдеу. (МК,ОТ) Шарды үрлеу, оқушылардан шардың үрленуіне не себеп болатынын түсіндірулерін сұрау. Шарды босатқанда ауаға не болады? Шардан түрлі жануарлардың пішінін жасап ойнау. (Ұ) Ауасы өзгеше болатын жерлер туралы ойлану (мысалы биік таулардың басы). (Ұ,Қ) Әуе шары туралы бейнефильмді қарау. (ОТ) Оқушылардан ауа толтырылған заттармен тәжірибе көрсетеді. (мысалы, көпіршікті сусындар, жүзуге арналған қолға тағатын таңғыштар, резеңке шеңберлер, ойыншықтар және т.б.). Екі қабатты әйнектеу және терезенің екі шынысының арасындағы ауаны қамту жұмысы туралы әңгімелесу. (Ұ, Т) Үрленген және ауасы сәл шығарылған шарлармен ойнау. Айырмашылығы неде? (ОТ,Т,Қ) Қандай материалдардың жылуды ұзақ уақыт сақтайтынын зерттеу. Оқушыларға бөтелкедегі суды тұрақты температурада ұстап тұру үшін түрлі материалдарды пайдалануларын және лайықты материалды анықтауды ұсыну, (мысалы, қысқы пальто үшін) Газдалған сусын мен көпіршіктерде газ болатынын түсіндіру және эксперимент жасап көрсету. Көпіршіктермен фокус көрсету! Саусақтарын көпіршігі бар қоспаға батыру. Көпіршік шығаруға арналған түтікшені сабын ерітіндісіне малып, үлкен көпіршік жасау. Оны түтікшеден түсірмей ұстап тұру. Саусақты көпіршік ішіне кіргізу. Көпіршік саусақтың айналасында шар қалыптастыратынын көру. Құрғақ саусақтың көпіршікті жарып жіберетінін анықтау. | Шарлар, ауа шарларына арналған насостар Сабын ерітіндісі, тікенді ысқылар немесе сусын ішетін түтікшелер, қайшы. https://www.youtube.com/watch?v=H3h2yjcBNh0 | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Оқушылар тәжірибе арқылы ауаның қандай қасиеттерін анықтағанын айтып шығады. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.
| Оқушылардың жоспарлау, жобалау, зерттеу және мәліметтерді жазу мен қорытынды жасау дағдыларын бағалау. | Тәжірибелер жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?