Ғаламшар үшін ауаның маңыздылығы. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа. Күні:2 тоқсан Сынып: 2 | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ғаламшар үшін ауаның маңыздылығы | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2 Ауа 2.3.2.1 ғаламшарымыз үшін ауаның маңыздылығын түсіндіру 2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаттары | Әр түрлі ресурстарды қолдана отырып, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын анықтап, талқылайды, түсіндіреді. | |||||
Бағалау критерийлері | Ауаның және ауа тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіре алады. | |||||
Сөздік қор | Атмосфера, оттегі, азот, көмірқышқыл газы, таза, тіршілік үшін маңызды, т.б. сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық:Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір,таза көңілменБүгінгі сабақты бастаймыз! ІІ.Қызығушылықты ояту” Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату. Бұл ненің дыбысы? -Жел дегеніміз не?ЖұмбақБір нәрсе жер мен көктің арасында. Көрінбейді өзі түгіл қарасы да, Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы, Пайдалы адамзаттың баласына.Бұл не? -Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз? -Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. | презентация Аудиоматериал | ||||
Сабақ ортасы 3 минут 5 минут 3 минут 2 минут 5 минут 10 минут 5 минут | (Ж,Ұ,Қ) Ауа деген не, ол қайда, неге ұқсайды – талқылау. Ауаның негізгі қасиеттері туралы сызбаға жазу.
(Ұ)Ауаның басқаша болуы мүмкін жерлер туралы ойланыңдыру (мысалы, биік тауда, қылқанжапырақты орманда). -Балалар, биіктікте тыныс алу қабілеті мен жаттығулар жасау қандай өзгерістерге ұшырайды? (Т, Ж, Ө) Шарды үрлету. Қ:Оқушылар әр түрлі пішіндегі шарларды үрлей ала ма? анықтау. - Сендер немен және қалай тыныс аласыңдар? - Демді ұстап қанша уақытқа дейін тұра аласыңдар? Қосымша ақпарат. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы: Азот-78% Оттегі-21% Көмір қышқыл газы-1% Сергіту сәті: «Қара жорға» биі (Ұ, Ж) Оқушыларға ауа туралы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды таратып беру. Бұл тіркестердің мағынасын жұп ішінде бір-біріне түсіндіріп беруін сұраймын. Оқушылардан осы мақал-мәтел, жұмбақтардан ауаның қасиетін қалай білуге болатыны туралы ойландыру. (Т) Оқушыларға топтарға бірігіп, А3 форматты қағазға суреттер салғызу. Бұл суреттер кейін кинотаспа секілді біртұтас суреттер желісіне біріктіріледі. Сурет тақырыптарының мысалдары:
Суреттерді біріктіріген кезде ғаламшар өмірінің кинотаспасы шығады. Топтарға суреттер бойынша әңгіме құрастырып, сынып алдында оқып не айтып беруді ұсыну.
(Ө,Қ)Өздік жұмыс Тапсырма:Суреттерге сүйеніп, сұраққа жауап жазыңыз. Ауа не үшін қажет?
| Әртүрлі пішінді шарлар Сызба Аудиоматериал Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, сөз тіркестері А 3 форматтағы ақ қағаздар, қарындаштар мен фломастерлер. ҚБ парақтары | ||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасау.
-Не қызықты болды?
Бағалау Оқушылар басбармақ арқылы өздерін бағалайды. | Басбармақ | ||||
Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру. | Оқушылардың ауа жайлы білімдері бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?