Су және оның қасиеттері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2B бөлім: Менің әлемім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Су және оның қасиеттері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Су және оның қасиеттері. 2.5.3.1 Судың қасиеттерін анықтау (дәмі, иісі, түсі, пішіні, сұйықтығы); 2.5.3.2 Судың үш күйде болатынын түсіну және бір күйден екінші күйге ауысуын зерттеу. 2.1.1.1. Қыздыру және салқындату барысында судың күйінің өзгеруін бақылау арқылы сұрақтар қою және жауаптар табу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. | |||||
Жетістік критерийлері | Судың негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады; Жүргізілген бақылауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың су тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Су және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Суды үнемдеу керектігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ дүниетану және ғылымға кіріспе пәнімен байланысты өтеді. | |||||
АКТ | АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тәжірибелер жасау арқылы ауаның қасиеттерін анықтады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Бүгінгі ауа райы туралы әңгімелеседі. Оқушылар қолдарына ыдысқа салынған қар, мұз алып, оны суға айналғанша бақылайды. Су туралы өз ойларын айтады. «Су-тіршілік көзі», «Суды үнемдеп ұстау керек» деген қорытындыға келеді. | Қар, мұз. | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | (МК) Термометрді ұстау және қолдану жолдарын көрсету. (Ж, ОТ, Қ) Суық, жылы, ыстық судың және мұздың температурасын өлшеу. Көрсеткіштердегі айырмашылықтарды талқылау. Таза судың 1000С қайнап, 00С қататынын білу. Қайнаған судың температуралық көрсеткіштерін алу процесін көрсету. /Қауіпсіздік ережесін ескерту./ (ОТ, Ж, Қ) Мұз текшелерін жасау. Оларды мұндай күйде қаншалықты ұзақ сақтауға болатынын зерттеу. Түрлі материалдардың жиынтығын алып, мұз текшелерін орап және оның қанша уақыттан кейін ери бастайтынын бақылау. «Қатты» және «Сұйық» деген сөздерді пайдалана отырып, текшемен болған өзгерістерді жазу. (ОТ, Ж, Т) Күнделікті өмірден алынған булану мысалдарын зерттеу. (мысалы шалшық сулардың булануы, киімді кептіру, фенді пайдалану, және т.б). Сүлгінің немесе кептіргіштің көмегімен қолды қанша уақытта кептіруге болатынын есептеу. (Ұ) Судың үш күйі арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бақылау және салыстыр. Әр күйдің сыртқы түрі мен қасиеттерін сипаттау. (ОТ, Қ) Оқушыларға түрлі тәжірибе үшін түрлі заттарды беру. Олардың қорытынды шығару қабілетін бағалау. Тәжірибе 1. «Су — мөлдір Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес» Тәжірибе 2. «Суда дәм жоқ» Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмін өзгертуге болады. Тәжірибе 3. «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады. Тәжірибе 4. «Судың пішіні жоқ» Балаларға әртүрлі ыдыстар беріледі. Ыдыстарға су құю арқылы судың нақты пішіні болмайтынын анықтап, қорытынды шығарады. | Түрлі термометрлер Су, мұз текшелері Мұздатқыш, мұз текшелері, термометрлер, таймерлер, материалдар, (мысалы түрлі қағаз не мата ) Таймерлер, бор, фен немесе қолды кептіретін аспап Тәжірибеге қажетті заттар мен материалдар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Оқушыларға бұлттар беріледі. Өздеріне қажетті сұрақтарды таңдап, тәжірибе арқылы ауаның қандай қасиеттерін анықтағанын жазып шығады. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі. | Оқушыларға түрлі тәжірибе үшін түрлі заттарды беру. Олардың қорытынды шығару қабілетін бағалау. | Тәжірибелер жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?