Судың табиғаттағы агрегаттық күйі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Су.

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Судың табиғаттағы агрегаттық күйі

Оқу мақсаттары

2.3.3.2 Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу.

Сабақ мақсаттары

Судың күйінің өзгеру үдерісін зерттеу.

Бағалаукритерийлері

Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттейді және түсіндіріп береді.

Тілдікмақсаттар

Қасиеттер, дәм, иіс, пішін, аққыштық, түсі, мөлдір, тазалық, су, бу, мұз, сұйықтық, газтәрізді, қаттыкүй, өзен, көл, тоған, бұлақ, құдық, теңіз

Құндылықтардыдарыту

Суды үнемдеу керектігін түсінеді.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

/интернационализм

Судың әлемдік маңызы мен қажеттілігін түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Тәжірибелер жасау арқылы ауаның қасиеттерін анықтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Сабақ ортасы

30 минут

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Судың табиғаттағы агрегаттық күйі»

Сабақ мақсаты:

Судың күйінің өзгеру үдерісін зерттеу.

(МК) Жылдың әр мезгіліндегі бір су қоймасының, мысалы өзеннің фотоларын көрсету.

(Ұ) Оқушылардан оларды сипаттап беруді сұрау. Өзеннің қалай және неліктен өзгергенін сұрау.

(ОТ) Оқушыларға мұз текшелер беру. Оларды қолда ұстап, не болатынын бақылауын сұрау.

(МК) Мұз текшесі салынған ыдысты отқа қою. Мұздан еріген су қайнаған кезде, ыдыстың бетін шынымен жабу. Содан соң шыныда түзілген тамшыларды көрсету.

(қ) Оқушыларға түсіндірме кезінде «қатты», «сұйық» сөздерін пайдаланып, мұзға не болғанын сипаттап беруді ұсыну.

(Ұ) Судың үш күйі арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бақылап, салыстыру. Әр күйдің сыртқы түрі мен қасиеттерін сипаттау

Зертте

Салфеткамен тәжірибе жасауға дайындап қою.

/Тақтаға уақытын жазу/

Тәжірибе 1. Үстел үстінде үш стакан: шырын, сүт, су.

-Сыртынан қарап қай стаканда су бар екенін білуге бола ма? (Ия, судың түсі жоқ, мөлдір)

Тәжірибе 2. Қараңғыда екі ыдыста шырын және су құйылған. Ойланып көріңдер, қай ыдыста су бар екенін қалай білеміз? (Судың иісі және дәмі жоқ)

Тәжірибе 3.Қасықты алдымен су құйылған стақанға, содан соң сүт құйылған стақанға сал. Қасық көріне ме? Нені байқадыңдар? Бұдан судың қай қасиетін көре аламыз? (Судың түссіз, мөлдір).

Тәжірибе 4. Әр түрлі ыдысқа су құю. Сұраққа жауап бер. Судың пішіні қандай? (Судың пішіні жоқ.)

Тәжірибе 5.Суды стақаннан үстелге төгейік.Су не істеді? Нені байқадыңдар? (Су аққыш).

Салыстыр

Эйлер Венн диаграммасы арқылы су мен ауаны салыстыру

Су Ауа

Тәжірибелерді дәптерге жазу.

«Жер шарында қанша су бар?» жаттығуы

Ол сұраққа жауап беру үшін алдарыңдағы дөңгелекті төртке бөліңдер, 3 бөлігін көкке, 1 бөлігін жасылмен бояңдар. –Міне, балалар, Жер шарында қанша су бар көрдіңдер ме!

«Ойлан»

-Табиғатта таза су қайда кездеседі?

- Су неге ластанады?

Жағдаятқа берілген есепті шешу:

Үш басты айдаһар адамдарды құлдыққа алып кетіпті. Ал олардың балаларын қараңғыға қамап қойыпты да, көктем шыққанша болсын, көктемде жеймін деп ойлапты. Балалар қараңғыдан қорықандарынан айғайлап жылап, шулайды. Көктемге дейін оларды қамап ұстай алмасын білген айдаһар: - Мен сендерді бостандыққа қоя беремін. Бірақ мынандай шартым бар. Маған қазір су әкеліп беріңдер, бірақ ыдысқа құймай әкеліңдер,- депті.

Тәжірибе жасауға арналған құралдар: су және сүт құйылған стақандар, шай қасық, түрлі түсті жолақтар, су және шие шырыны құйылған стақандар, түрлі сыйымдылықтар (пробирка, құты, т.б.), бор кесегі, қант.

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды

«Су — мөлдір

«Суда дәм жоқ»

«Судың иісі жоқ»

«Судың пішіні жоқ»

Рефлексия

-Сөйлемдерді аяқта « Бүгін мен білдім...»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу