Жануарлардың қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Жануарлар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуі

Оқу мақсаты

2.2 Жануарлар.

 Сабақтың мақсаттары

2.2.2.3 жануарлардың қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуін сипаттау

 Бағалау критерийлері

Жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделу әдістерін сипаттайды.

 Тілдік мақсат

«Бүркеніш рең», «қорғану», «рең» тірек сөздерді үйренеді. Осы сөздерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу

Алдыңғы білімдер

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Cабақты «Қысқа дайындық» кіріспе тапсырмасынан бастау. Сыныпты топтарға бөлу. 1-сыныпта өткен жануарлардың жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерістеріне дайындығы туралы естеріне түсіру.

  • Қыстыгүні кейбір құстарға не жетіспейді?
  • Неліктен аю қыста ұйықтайды?
  • Тиіндер қысқа арнап қандай қор жинайды?.

Сабақтың мақсатын қою.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Аман қалу тәсілдері (2-слайд)

Оқулықта берілген суреттерге қарастыру.

- Жолбарыс не істеп жатыр? (Торуылдап жатыр.)

- Қалай торуылдайды? (Қозғалмай, ұзақ уақыт бойы.)

- Бұл оған тірі қалуға қалай көмектеседі? (Ол жануарды торуылдап тосып, кенеттен шабуылдап, қашуға мүмкіндік бермейді.)

- Екінші суретте ше? (Қоян бейнеленген.)

- Ол не істеп жүр? (Қашып бара жатыр.)

- Неден қашып бара жатыр? (Кенет шыққан дауыстан, бұтақты басып кетті.)

- Бұл оған тірі қалуына қалай көмектеседі? (Жақсы реакция оның тірі қалуына мүмкіндік береді.)

- Үшінші фотосуретте бұғы мен бұғышақ. Төл не істеп жатыр? (Анасының қимыл-әрекеттерін қайталап жүр, осылайша ол тірі қалуды үйреніп келеді.)

- Жолбарыстың түсі қандай? (Ол оған өз олжасын аңду үшін қалың өскен ашық түсті өсімдіктермен және тастармен бірдей болуға көмектеседі.)

-Ал қоянның ше? (Ол ағаштардың діңдерінің, бұталардың арасында, сирек өсетін ормандарда тығыла алады, жердің түсімен бірдей бола алады.)

- Бұғылардың түсі көбінесе қысқы уақытқа сәйкес келеді, олар осы кезде ағаштардың арасында көп көрінбейді.

- Неге кейбір жануарлар түстерін өзгертеді, мысалы, қоян?

- Ол түсін қашан өзгертеді? (Көктемде, күзде.)

- Онда жылы жаққа ұшып кететін құстар неге түлемейді? (Оларға басқа жағдайларға бейімделу қажет емес.)

,МК) Оқушыларды шағын топтарға бөліп, зерттеу жұмысын жүргізуді ұсыну. Қажетті заттар: А4 пішінді парақтар, бояулар, түстері әртүрлі жануарлардың суреттері: керік, бүркіт, елік, көртышқан, арыстан, бақа.

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар

• Қоршаған ортаның фоны қандай болуы мүмкін? Парақтарды сәйкес түстерге бояу. Жасыл (шөп), көгілдір (су), қоңыр (ағаштардың діңдері), сұр, қара (жер, тастар), сары (құм).

• Ұсынылған әр жануар қандай жағдайларда тіршілік ете алатыны туралы пікір айту. Жоспар құру.

• Әр жануардың суретін әртүрлі фондарға кезекпен қойып көру. Қай фонда жануарды көру қиын екендігін белгілеп, қойын дәптеріне жазғызу.

Нәтижелерді өздерінің бастапқы пікірлерімен салыстырту.

Оқушылар жануарлардың түсі қоршаған ортаның түсіне ұқсас болатыны туралы қорытындыға өз бетінше келулеріне жетелеу. Осылайша табиғат олардың тірі қалуына көмектеседі.

(МК) Сыртқы түсін түрлі жағдайларға байланысты өзгерте алатын жануарлар туралы айтып беру (3-8 слайдтар)

Сегізаяқ пен теңіз атбас балығы – өте танымал жануарлар. Құбылғының түсі оның көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады (қорықса, тыныш күйде болса), сонымен қатар ол жарықтың, температураның әсерінен де өзгере алады.

(Ө) Кестені толтыр. Оқушылар жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы қоршаған орта фонының түсін жазады.

- Неге оның түсі осындай?

- Ол қайда тіршілік етеді?

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту:

  • Жануарлар өз жауларынан қалай қорғанады?
  • Жануарлар әлемін не үшін сақтау қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кестені толтыру барысында қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу