Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жанды табиғат. Жануарлар | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі | |||||||||||||||
Оқу мақсаты | 2.2.2.3 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін сипаттау; 2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу ,тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіндіру. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделу әдістерін сипаттайды. | |||||||||||||||
Тілдік мақсат | «Бүркеніш рең», «қорғану», «рең» тірек сөздерді үйренеді. Осы сөздерді қолданады. | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу | |||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы | Жануарлардың суреттерін тіршілік ету мекен ортасына қарай берілген суреттермен сәйкестендіру.
Сабақтың мақсатын тапқызу Кейбір жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттауды үйренеміз | А4 парағы бояулар суреттер | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушыларға 4 бөлікке бөлінген постер ұсынып, көрсетілген жануарларды мекен ету ортасына қарай (су қоймада, топырақ астында, жерде, әуеде) тиісті бөлікке желімдеуді тапсыру. Жауаптарын қорытындылату. (Ұ) Оқушыларға жануарлардың суреттерін және олардың қоршаған ортаға бейімделуінің сипаттамасын ұсыну.. Оқушылар оларды сәйкестендіруі тиіс. Кестемен жұмысты ұсынуға болады. (Ж, қ) Оқушылардың әр жұбына екі жағында да жануарлардың суреті салынған парақтар беріледі. Бір оқушы парақтың келесі бетінде қандай жануардың суреті салынғанын көрмейді. Олар кезектесе отырып, бір-біріне жануардың мекен ету ортасын бейімделу сипаттамасын айту арқылы оның қандай жануар екенін (ОТ, қ) Мектеп маңындағы үлескіге экскурсия ұйымдастыру. Мақсаты: Жылдың осы мезгіліндегі жануарларды бақылау. Ескерту: Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыздар Өздері бақылаған жануарлардың қоршаған ортаға қандай бейімделуі бар екенін талқылату. Оқушылардан жануарлардың тіршілігіндегі осы бейімделудің қандай маңызы бар екенін сұрау. Ауаға қарағанда судың мөлдірлігі төмен, онда оттегі мен жарық аз, ал терең суларда қысым жоғары болады және температура үнемі өзгеріп тұрады. Жер және әуеде оттегі мен жарық жетерлік. Температура үнемі, әсіресе қыс мезгілінде өзгерісте болады, соның салдарынан ылғалдылық жетіспейді. Көбінесе ылғалдың жетіспеушілігі шөл және шөлейтте анық байқалады. Топырақ арасында оттегі аз, жарық жоқ, көбінесе судың мол қоры кездеседі. Температура бірқалыпты болады. Жер астын әртүрлі жануарлар – құстар, борсықтар, жауынқұрттары, тасбақалар мен құрбақалар мекендейді. Ал көртышқандар барлық өмірін жер астында өткізеді. Ал басқа жануарлар жер астын ін қазуға, ұрпақтарын көбейтуге , яғни уақытша пайдаланады. Мысалы: балық – жүзбеқанаттары, ақ аю –түгі, құс – қанаттары, бақа – саусақтарының арасындағы жарғақтары. Егер оқушылар суретпен жұмыс жасау кезінде қиналса, онда сурет астына жануарлардың сипаттамасын беру. Қалыптастырушы бағалау Аты жөні:................................................. Тапсырма
Жануарлар сол ортаға қалай бейімделеді? Топта ой бөліс. Дескриптор Білім алушы
жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі жолдарын түсіндіреді. | Жануарлардың бейімделулері туралы бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=5mciUYQ4kPw https://www.youtube.com/watch?v=ksUy1trIRzs Бейімделуі түсіндіретін суреттердің бейнеқатары https://www.youtube.com/watch?v=A1PfNju5OiE&spfreload=10
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорыту:
| |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Кестені толтыру барысында қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?