Тірі табиғат. Өсімдіктер. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Тірі табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
| |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тірі табиғат. Өсімдіктер | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.1 Өсімдіктер. 2.2.1. 1 түрлі жағдайларда өсімдіктердің өсу мүмкіндіктерін зерттеу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Жетістік критерилері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Көлеңке сүйгіш өсімдіктер, жарық сүйгіш өсімдіктер, сабақ, сағақ, жапырақ,тамыр, шөлді, орманды өсімдіктер. Өсімдік - растение –plant Күн –солнце-sun Көлеңке –тень -shadow Жарық-свет-shine | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||||||||
Пән аралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 2 мин | (МК, Ұ) Ұйымдастыру бөлімі Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Күндей жадырап,Айдай арайланып,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір таза көңілменБүгінгі сабақты бастаймыз!“Қызығушылықты ояту”ЖұмбақҮйі де жоқ,Күйі де жоқ.БірақЖауыннан да,Дауылдан да,Қымсынбайды.Ыстыққа да,Суыққа даШын шыдайды.Шешуін айта ғой,Балалар білсін жайды - Бұл жұмбақтың шешім кім табады? Ендеше, сабағымыз не туралы болмақ? /Бүгінгі сабағымыз өсімдік жайлы болмақ/. (Ұ) «Артығын тап!» ойыны Балалар «Артығын тап» ойынын ойнайды. Мектеп құралдары және бөлме гүлінің суреті тұрады. Мұғалім балаларға сұрақ қояды. Балалар жауап беруі тиіс.
(Оқушылардың ойын тыңдау)
/Тірі табиғат, себебі, өседі, өнеді, қоректенеді/.
(Ұ) «Айырмашылығын тап» Оқушылардан ашық жерде өскен және орманда өскен қарағай ағаштарының айырмашылығын анықтау сұралады.
(себебі, жарық аз түседі).
Негізгі айырмашылық – жарықтың түсу мүмкіндігі.
/Жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді/. Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болмақ? Жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Презентацияда сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып көрсету. | презентация презентация
| ||||||||||
Сабақ ортасы 1 мин 3 мин 2 мин 1 мин 15 мин 4 мин 2 мин 3 мин | (МК, Ұ) Мұғалім балаларға зерттеуші –бақылаушы қызметін атқаратынын айтып, бақылау жоспарларын таратып береді, толтыру тәсілін түсіндіреді. (Т) Әрбір топқа суреттер тартып береді. Оқушылар суретте берілген өсімдіктің атауын, қайда өсетінін, қалай күту қажеттігін сипаттап айту керек. 1-топ: кактус 2- топ: қызанақ 3-топ: шырша 4топ: мүк / Топ оқушылары бір-бірімен қосымша ақпараттармен бөліседі, талқылайды, басбармақ арқылы бірін-бірі бағалайды/. (МК, Ұ) Ендеше, өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
Сергіту сәті (қимылмен)Тербеледі ағаштарАлдымнан жел еседіҚызыл - жасыл гүлдеріКөздің жауын аладыҮзіп - жұлмай бекергеАялайық біз оны! (МК,Ұ,Ө) Жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Оқушылар назарына «Жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді көкөністер» бейнежазба көрсетіледі. «Стоп- кадр» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынады. Жарық сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады деп ойлайсыңдар? Неліктен жарық сүйгіш өсімдіктер деп атаймыз? Оқушылар атап айтады, ал мұғалім тақтаға сол атаған сөздерді тізіп жазады. Қызанақ, қияр, баклажан, пияз, бұрыш, қырыққабат. Екі топқа жылу сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы ақпарат беріледі. Балалар оны қысқаша айтып түсіндіру керек. Мұғалім бекіту ретінде презентациядан көрсетеді. (Ұ) Өсімдіктердің маңыздылығы. - Өсімдіктің маңызы қандай?/Өсімдік - таза ауа, баспана, қорек, демалыс орны, тағам, жиҺаз, дәрі – дәрмек/.
(Ж) Бақылау жоспарларын қорғайды. /Жұптық бағалау. Оқушылар бақылау жоспарлары бойынша алған ақпараттарын алмасады./ (Ө,Қ)Тест1. Көлеңкеге төзімді өсімдікті тапа) баклажанә) қиярб) қызанақв) бұршақ2. Мәдени өсімдікті тап: А) шеңгел Ә) шырша Б) мүк В) қызанақ3. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді. Атауларын жаз ………………………………………………………….. | Суреттер Постер құрастыру Постер құрастыру https://www.youtube.com/watch?v=dXUYD0MNN3o карточкалар презентация постер құрастыру Тест тапсырмалары | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.
-Өздерін бағалау Шапалақ арқылы бағалайды. | презентация | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың өсімдік тіршілігі жайлы білімдері бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?