Өсімдіктер. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.
| ||||||
Сынып:2А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктер | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өсімдіктің негізгі бөліктерін біледі және ажырата алады; Оқушылардың көпшілігі:өсімдік бөліктерінің негізгі қызметтерін біледі ; Кейбір оқушылар: өсімдік бөлктерінің қызметтерін сипаттай алады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіре алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Ғылым, ғалым, зертеу, ақпарат көзі, мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже т.б. сөздерді пайдаланады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика,дүниетану | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (МК) Шаттық шеңбер Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./ -Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін жұмбақ шешіп көрейік. Үйi де жоқ, Күйi де жоқ. Бiрақ Жауыннан да, Дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да, Суыққа да Шын шыдайды Шешуiн айта ғой, Балалар бiлсiн жайды. ӨСІМДІКТЕР Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды 1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл атты 4 топқа бөлемін. | Интерактивті тақта Жұмбақ суреттер | |||||
Сабақ ортасы
| (Т) Ассоциациялық картаны толтыру -Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ) Оқушылармен диалог құру -Балалар, өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар? -Өсімдіктерді қандай дене мүшелері бар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ,Т) Проблемалық сұрақ -Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай? /оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/ Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топ алдында баяндама жасауды ұсыныңыз. Әр топ өз түсіндірмесінен кейін гүл мүшесінің суретін тақтада салуын өтініңіз. (Ұ) Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар таратып беріңіз. Оқушылардың «Лото» ойыны бойынша сәйкестендіруін сұраңыз. (Ө,Қ)Өздік жұмыс А4 парақтарында тапсырмалар таратылады. Әр оқушы сабақтағы білімін қорытындылайды. а) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауын жазыңыз: б) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіріңіз. | Ассоциациялық карта Энциклопедиялар мен суреттер ҚБ жұмыстары | |||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Сөздік жұмыс жасадық, Соныменен сабақта Нені оқып үйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - қандай жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды». | 2 жұлдызша 1 тілек парақшалары | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |||||
Топта отырып, таңдаған өлшеу құралдарымен бойларын өлшейді және нәтижелерін жазады. | Қалыптастырушыбағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?