Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Жанды табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р | |
Сынып:2А | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны -0 |
Сабақтың тақырыбы: | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметі | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.2.1.3 - өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау; 2.1.2.2 - бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже) 2.1.2.3 - бақылау нәтижесін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу 2.1.2.6 - эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурс, жоспар, мерзім, нәтиже) 2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижесін кесте түрінде белгілеу | |
Сабақ мақсаттары | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды | |
Бағалау критерийлері | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттай алады | |
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |
Бастапқы білім | Өсімдіктердің тірі ағза екенін біледі, негізгі бөліктерін атай алады, мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата алады. Өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды түсінеді, оларға күтім жасай алады. |
Сабақ барысы | |||||||||||||
| Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
| |||||||||||
Сабақтың басы | |||||||||||||
5 мин | I Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеп ,сабаққа назарын аудару. II Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасырамын 1.Түрлі – түсті, әдемі, Иісі қандай десеңші. Көздің жауын алады Шешуін кім табады? (гүл) 2.Аспай түскен, Қайнамай піскен. (жеміс) 3.Көктемде жерге енемін, Ылғалда өсіп-өнемін. Менің өскен жемісім, Қыс бойғы сенің қорегің. (тұқым) - Жұмбақтар не туралы? - Гүл, жеміс, тұқым. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбақтармен байланысты. Олай болса осы атауларға байланысты топқа бөлінейік. Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру | презентация | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 9 минут | ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар таратып беру. Оқушылар «Лото» ойыны бойынша сәйкестендіреді. Оқушылар 4 топқа бөлінеді: 1. тамыр 2. сабақ 3. жапырақ 4. гүл Әр топ өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топ алдында ұсынылған жоспар бойынша баяндама жасайды: 1.Өсімдік мүшесінің аталуы; 2.Өсімдіктің қай жерінде орналасқаны; 3.Қызметі Әр топ өз түсіндірмесінен кейін өсімдік мүшесінің суретін дәптерлеріне салады.Бір-біріне көрсетеді (Ұ) Оқушылармен үрмебұршақтың, асбұршақтың өскінін өсіріп, олардың мүшелерін бақылау жүргізу.Ол үшін қағаз сүлгіні дымқылдап шыны банкаға салып, кейін шыныға үрмебұршақтың тұқымын жайғастыру. Банканы терезе алдына қою. Ұрықтың пішінінің өзгерісін, тамырының, сабағының пайда болуын бақылау. (Оқушылар өсімдіктегі өзгерісті сызбаға күнделікті белгілеп отырады. (Т) Өсімдіктердің мүшелерінің қызметтері туралы сәйкестік тапсырмасын ұсыну
| Үрмебұршақтың тұқымы, шыны банка, қағаз сүлгі кесте | |||||||||||
Сабақтың соңы 7 минут | Мозайка әдісі бойынша берілген сөздерден сөйлем құрастыру. 1-топ:Тамыр Тамыр сабаққа бекіп, суды сіңіріп, басқа бөліктерге өткізеді. 2-топ:Сабақ Сабақ қоректік заттарды өткізеді. 3-топ: Гүл Гүл – өсімдіктің көбею мүшелері. 4-топ:Жапырақ Жапырақ-тыныс алу мүшесі | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Сілтемелер Денсаулық жағдайын тексеру АТ құндылықтар | |||||||||||
Бейнелеу Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді? Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды? Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме? Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме? Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде) 1: 2: Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде) 1: 2: Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?