Теңгерілген диета. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4B бөлім: Денсаулық. Денім сау болсын десең...

 Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні : Шамиганова Р. М

Сынып: 2В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ

тақырыбы:

Теңгерілген диета

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

4. Адам.

Адам денесінің құрылымы

 Сабақ

 мақсаттары

2.4.2.1 Энергия мен адамның дамуы үшін тағамның маңыздылығын түсіну;

2.4.2.2.Тағамның кейбір түрі денсаулық үшін қауіпті болатынын білу

Дағдылар:

Бақылау

Салауатты диета бізге не беретіні туралы сұраққа жауап беру үшін жеке тәжірибені пайдалану

Жоспарланған ғылыми зерттеу

2.1.2.2.Проблеманы және оны шешу жолдарын анықтау және түсіну

Мәліметтерді алу және таныстыру

2.1.4.2.нәтижелерін бақылау түрінде таныстыру

 Жетістік

 критерийлері

  • теңгерілген диета -көмірсулардан, майлар мен ақуыздардан тұратынын біледі.
  • тағамның өсу мен қуат алу үшін маңызды екенін біледі және түсіндіре алады.

 Тілдік

 мақсаттар

 

Теңгерілген диетаның компоненттерін талқылау

Теңгерілген диета дегеніміз не?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

Біз көмірсулар/майлармен тамақтануымыз керек?

«Х» энергетикалық сусыны «Ү» энергетикалық сусынынан жақсырақ?

Жазуға арналған кеңестер:

Тағамдардың түрлі топтарын белгілеу.

Зерттеулерден мәліметтерді жазып алу.

Салауатты тағамды сатып алу парағын жазып толтыру

Құндылықтардыдарыту

 

 

Сыйластық

Жауапкершілік.

Еңбекқорлық

Пәнаралық

байланыстар

Қазақтілі,дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Денсаулықты күту, денсаулық пирамидасы, дұрыс тамақтану

Сабақбарысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Күннен алып шуақты

Жерден алып қуатты

Алақандар ашылып

Жылуларын таратты

Жылулары жүрекке

Ақ моншақтай боп асылды

Сол моншақтар әлемге

Шаттық болып шашылды.

«Көңілді таспа» ойыны арқылы ертегі құрастыру.

Ертеде бір бала болыпты. Оның денсаулығы нашар болыпты. Өйткені ол дұрыс тамақтануды білмеген екен.Ол анасына күнде қуырылған картоп пен газдалған сусын алғызыпты. Сөйтіп оның асқазаны қатты аурыпты.

Болжау страдегиясы бойынша: оқушылардың ойларын тыңдау.

Адам баласы дұрыс тамақтанбаса не болады екен ?

Сол сияқты біз де денсаулығымызды күтпесек не болады?

Ол үшін не істеуіміз керек? Дұрыс тамақтануымыз керек.

Құрамында көп дәрумені бар тағамдар жеу керек екен.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Теңгерілген диета.

Мақсаты:

  • Энергия мен адамның дамуы үшін тағамның маңыздылығын түсіну;
  • Тағамның кейбір түрі денсаулық үшін қауіпті болатынын білу.

Жетістік критерийлері:

  • Теңгерілген диета -көмірсулар, майлар мен ақуыздардан тұратынын біледі.
  • тағамның -өсу мен қуат алу үшін маңызды екенін біледі және түсіндіре алады.

Таймерлер, дене шынықтыруға арналған жабдықтар

Сабақтың

ортасы

Ой шақыру.

Проблемалық сұрақ қою: Диета дегенді қалай түсінесіңдер?

Диета(емдәм) -тағамның құрамы дегенді білдіреді.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты) - тамақтың құрамы, өңделуі, дайындау тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері және уақытына қарай тамақ қабылдау әдісі.

(Ж) «Теңгерілген диета» дегеніміз не?

Теңгерілген диета-уақытқа қарай тамақтану кестесі.

Теңгерілген диетаның құрамында -көмірсулар, майлар мен ақуыздардан тұратынын біледі.

(ОТ) Оқушылардан олар жақсы көретін екі тағам және жақсы көрмейтін екі тағам туралы жазуын сұрау

Жақсы көретін тағам

Жақсы көрмейтін тағам

Сендер қандай тағамды үнемі,ал қандай тағамды анда-санда жейсіңдер?

Балалардың айтқандарын тізіп жазу:

(ОТ,Қ) Олардың табақшаларындағы «тағамдарға» «энергия беретін» және «дене өсуіне қажетті» деген бөлу.

Энергия беретін тағамдардың (көмірсулар мен майлар) ағза тіршілігі үшін пайдалы екенін, дененің өсуіне қажетті тағамдардың (протеиндер) дененің өсуі мен қалпына келуіне көмектесетінін түсіндіру.

Тағам құрамындағы қоректік заттар организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның күш - қуаты кеміп, дертке-ауруға шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған емдік диета түрлері бар:

  • құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты:
    • ақуызды;
    • майлы немесе көмірсулы;
    • тұзсыз т.б.;
  • химиялық құрамына қарай:
    • жеңілдетілген;
    • ықшамдалған;
    • элиминациялық;
    • гипоаллергенді т.б., кейде авторының атымен: Карел, Лейбе емдік диетасы, т.б. деп аталады.

(Т) Азық-түліктің қаптамаларын немесе тағамдар бейнеленген суреттерді беріледі.Тағамдарды сәйкесінше топтастырып, топ атауын, тағам құрамдарын жазады.

Қалыптастырушы бағалау.

Табақшаға адам ағзасына күш-қуат пен дененің өсуіне қажет тағамдардың суретін сал:

Энергия беретін және дененің өсуіне қажетті тағамдарды білуін кесте арқылы бағалау.

Сабақтың

соңы

Қорытынды жасау.Не үйреніп,не білдік?

Сонымен, балалар бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық?

Сабақта не маңызды болды?

Қандай қиындықтар кездесті?

Келесі сабақта не білгілерің келеді?

Денсаулық

және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Дифференциация –топтық жұмыстарда деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Өзін-өзі бағалау. «Жетістік баспалдағы » әдісі» бойынша.

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергіту

сәттері

мен

белсенді

іс-әрекет

түрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу