Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлімі – Мен-зерттеушімін! | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||||
Мерзімі:1 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің ролі 2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар ғылым мен зерттеушілердің рөлі жайлы түсіндіреді; қоршаған әлем құбылыстары мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтайды. | ||||||
Бағалау критерийлері | Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтай алады; «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіре алады | ||||||
Тілдік мақсаттар | Ғалым, ғылым, зерттеуші, нысан, мақсат, тұлғалық қасиет, зертеу нысаны, т.б. сөздерді пайдаланады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика,дүниетану, география, физика, тарих, биология,химия. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | (МК) Шаттық шеңбер Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./ (Т) «Ойлан!Тап!» айдары Топтарға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады. -Балалар, қима әріптерден сөз құрастырсаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбын білеміз. ҒЫЛЫМ ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІ Сабақтың тақырыбымен таныстыру. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау, тақтаға жазу/ Сабақтың мақсатымен таныстыру. | Интерактивті тақта Қима әріптер | |||||
Сабақ ортасы 30 минут | (Ұ) Оқушылармен диалог құру -Балалар, біз табиғаттағы құбылыстар мен әртүрлі өзгерістерді қайдан білеміз? -Жер дөңгелек екенін қайдан білеміз? -Жануарлар мен өсімдіктердің өміріндегі болатын маусымдық өзгерістерді? -Жұлдыздардың аққанын? -Осы және тағы басқа керемет жайттарды қайдан білеміз? /оқушылардың жауабын тыңдау/ (МК) «Таныс бол!» айдары Оқушыларды ғалым-зерттеушілермен таныстыру. -Балалар, бұл адамдардың арасында сендерге таныс, сендер білетін адам бар ма? /Оқушыларға әр зерттеуші-ғалым туралы қысқаша айтып, өмірбаянымен таныстыру/ (Ұ,Ө) Проблемалық сұрақ Оқушыларға ғалымдардың фотоларын көрсетіп: -Зерттеуші, ғалым болу үшін адамның бойында қандай тұлғалық қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? /Оқушылар ғалымдардың суреттеріне қарай отырып, қоршаған ортаның нысандары мен құбылыстарды, үдерістерді зерттеуге қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін анықтайды/ Сергіту сәті «Қара жорға биі» (Т) Топтық жұмыс Оқушылар топта отырып, өз ойларымен бөлісіп, постер құрастырады. 1-топ: Ғылым түрлері Мысалы:өсімдіктерді зерттейтін ғылым, жұлдыздарды зерттейтін ғылым, т.б. 2-топ: Ғалымның бойындағы қасиеттер Мысалы:еңбекқорлық, ізденімпаздық, т.б. 3-топ:Зерттеушінің іс-әрекеттері Мысалы:зерттейді, іздейді, салыстырады, анықтайды, т.б. 4-топ: Зерттеуге қажетті жағдайлар Мысалы:әдебиет көздері, энциклопедия, құралдар,білім, зертхана, т.б. Жұмыстарын орындап болғаннан кейін оқушылар постерлерін қорғайды. Қалған оқушылар өз ой-пікірлерін қосады. (Қ) Оқушылардың қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтай алуын бағалаймын. | Ғалымдардың фото суреттері
«Қара жорға» бейнематериал Флипчарт маркерлер қима сөздер | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Сөздік жұмыс жасадық, Соныменен сабақта Нені оқып үйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - қандай жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды». | 2 жұлдызша 1 тілек парақшалары | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |||||
Топта отырып, талқылаулар жүргізеді және нәтижелерін жазады. | Қалыптастырушы бағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?