Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А бөлімі – Мен-зерттеушімін!

Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Мерзімі:1 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:2

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің ролі

2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру

2.1.2.2 Бақылаудың негізгі белгілерін (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар «ақпарат көзі» түсінігін түсінеді; бақылаудың негізгі белгілерін (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтай алуға үйренеді.

Бағалау критерийлері

«ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіре алады;

бақылаудың негізгі белгілерін (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Ғылым, ғалым, зертеу, ақпарат көзі, мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже т.б. сөздерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Математика,дүниетану,

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(МК) Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін ребус шешіп көрейік.

ақ ,, і

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

АҚПАРАТ КӨЗІ

Интерактивті тақта

Ребус парақшалары

Сабақ ортасы

30 минут

(Т) «Артығын тап!» ойыны

Диван, керует, теледидар, орындық, үстел.

Парта, орындық, тақта, үстел, кітап.

Газета, орамал, қалпақ, бөрік, сәукеле.

Қалам, дәптер, ғаламтор, өшіргіш, пенал.

Бақылау, ұйықтау, күлу, жазу.

Сурет, тәжірибе, сөз, іс-әрекет.

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

-Балалар, қандай сөздер артық болып шықты?

-Біз оларды не үшін пайдаланамыз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Балалар, бұларды ақпарат көзі деп неге айтамыз?

-Бұдан басқа тағы да қандай ақпарат көздерін білесіңдер?

-Зерттеу жүргізгенде ақпарат көздерін пайдалану қажет пе?

-Не үшін?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

(Ұ,Т) Проблемалық сұрақ

-Зерттеуші -ғалым болып, зерттеу жүргізу үшін не керек?

/оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/

«Мақсат,нысан, жоспар, мерзім, нәтиже, қорытынды» сөздерін шығарып, түсіндіру.

(ОТ)Оқушылармен мектеп жанындағы саябаққа саяхат жасау.

-Бұл жерде нені зерттеп ,нені бақылауға болады?

(Қ, Т) Оқушылардың зерттеу тақырыбын және оны жүргізу үшін қажетті жағдайларды анықтауын ұсыну.

Тақырыпты таңдаған соң әр оқушы арнайы «зерттеуші бумасы» мен ақпарат жинауға қажетті парақшаларды алады. Ол «зерттеуші бумасындағы» қалташада жазылған. Қажетті заттарды алған оқушы (оқушылардың жұбы немесе тобы) өздігімен жұмыс істейді.

Барлық қолжетімді ақпарат көздерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті мәліметтерді жинау оларды қорытып, зерттеу нәтижелері бойынша баяндама дайындау. Табылған ақпаратты оқушы шағын қағаз парақшаларға жазып, буманың қалташаларына салып қояды.

Мысалы, егер деректерді кітаптан тапса, онда бұл бойынша жазба түскен парақша «кітап» деген белгісі бар қалташаға, егер мәліметтер бақылау немесе тәжірибе барысында алынса, онда жазбасы бар парақша «тәжірибе» немесе «бақылау» деп белгіленген парақшаларға салынады. Жинақталған парақшалар кейіннен бума қалташаларынан қайта алынып, зерттеу нәтижелері туралы қысқаша хабарлама құрастырылады.

Тірек сызба

Қима сөздер

Табиғат нысандары мен құбылыстары

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Сөздік жұмыс жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- қандай жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды».

2 жұлдызша 1 тілек парақшалары

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы

Топта отырып, пікіралмасады, мақсатты анықтайды және ақпарат көздерін пайдаланып, нәтижелерін жазады.

Қалыптастырушыбағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу