Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А бөлімі – Мен-зерттеушімін!

Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

  • Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау
  • Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілеу

Сабақ мақсаттары

Ғылым мен зерттеушінің рөлін анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтай отырып, нәтижені кестеге түсіру

Бағалау критерилері

  • Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтай алса;
  • Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілей білсе.

Тілдік мақсаттар

Гипотеза, ресурстар, тәжірибе

Құндылықтарды дарыту

еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Математика,дүниетану, география, физика, биология,химия.

Алдыңғы меңгерілген білім

Табиғи бақылау әдісі арқылы табиғат құбылыстарын зерттеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК) Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/Оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

(Т) «Ойлан!Тап!» айдары

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау, сыни ойлауын дамыту.

Балаларға сөзжұмбақ ұсынылды. Сөзжұмбақтың шешуін табу арқылы тақырыпты анықтайды.

ТӘЖІРИБЕ сөзі шығады.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, тақтаға жазу/

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерйлерін шығару.

Интерактивті тақта

Сөзжұмбақ

Сабақ ортасы

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы оқушы өз алдына мақсат қоя білуге, қоршаған орта жағдайларына сыни көзқараспен қарауға, белсенділікке баулу.

-Балалар, қоршаған ортадағы жаңалықтарға қалай қол жеткіземіз?

-табиғат құбылыстарының өзгерістерін қалай білеміз?

-судың қасиеттерін қалай анықтаймыз?

-тәжірибе деген не?

-тәжірибе жүргізу үшін адамға не керек деп ойлайсыңдар?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

(МК) «Таныс бол!» айдары

Мақсаты: тәжірибенің негізгі кезеңдерімен танысу.

Тәжірибе жүргізуді жоспарлаудың кезеңдерімен таныстыру;

/мұғалім слайд көрсете отырып, негізгі кезеңдерді оқушылармен бірге анықтайды/

(Ұ,Ө) Проблемалық сұрақ

Мақсаты: проблемалық сұрақтың жауабын табуда сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану.

Оқушыларды шарды көрсетіп, сұрақ қояды:

  • Бүгінгі тақырыбымыз бен шардың арасында қандай байланыс бар?
  • Қай кезде шарды аспанға ұшыра аламыз? (шар газға толтырылғанда)
  • Үстел үстіндегі ресурстар мен шардың байланысы қандай деп ойлайсыңдар? (ас содасы, сірке қышқылы, бөтелке, су)

/оқушылар үстел үстіндегі ресурстарға қарай отырып, гипотеза шығарады /

Сергіту сәті «Қара жорға биі»

Тәжірибе жүргізу:

Мақсаты: бақылағыштыққа, зерттеушілікке, ақпаратты кестеге түсіре отырып, қорытынды шығара білуге дағдылану.

Мұғалім тәжірибенің барысын көрсетеді. Оқушылар тәжірибені бақылай отырып, кестені толтырады.

  • Шарға ас содасын салу;
  • Бөтелкеге ускус құю;
  • Бояу араластыруға болады;
  • Бөтелкенің аузын шармен бекіту;
  • Ас содасын усксупен араластыру;
  • Қорытынды шығару.

(Қ) Оқушылардың тәжірибенің жүру барысымен, кестеге түсіре алуын салыстыра отырып, қорытынды шығартамын.

Интерактивті тақта

 

 

«Қара жорға» бейнематериал

Ас содасы, сірке суы, бояулар, шар,т.б.

Флипчарт маркерлер қима сөздер

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Тәжірибе жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- қандай жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды».

2 жұлдызша 1 тілек парақшалары

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы

Топта отырып, таңдаған өлшеу құралдарымен бойларын өлшейді және нәтижелерін жазады.

Қалыптастырушыбағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу