Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А бөлімі – «Мен-зерттеушімін!»

Мектеп:

Мерзімі:1 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің ролі

2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар ғылым мен зерттеушілердің рөлі жайлы түсіндіре алады; қоршаған әлем құбылыстары мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтай алады.

Бағалау критерийлері

  • Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтай алады;
  • «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Ғалым, ғылым, зерттеуші, нысан, мақсат, тұлғалық қасиет, зертеу нысаны, т.б. сөздерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Математика,дүниетану, география, физика, тарих, биология,химия.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(МК) Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

(Т) «Ойлан!Тап!» айдары

Топтарға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады.

-Балалар, қима әріптерден сөз құрастырсаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбын білеміз.

ҒЫЛЫМ ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІ

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, тақтаға жазу/

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийлерін анықтау.Сабақтың соңында осы бағалау критерийлеріне қайта оралатындарын ескерту.

Интерактивті тақта

Қима әріптер

Сабақ ортасы

30 минут

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

-Балалар, біз табиғаттағы құбылыстар мен әртүрлі өзгерістерді қайдан білеміз?

-Жер дөңгелек екенін қайдан білеміз?

-Жануарлар мен өсімдіктердің өміріндегі болатын маусымдық өзгерістерді?

-Жұлдыздардың аққанын?

-Осы және тағы басқа керемет жайттарды қайдан білеміз?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

(МК) «Таныс бол!» айдары

Оқушыларды ғалым-зерттеушілермен таныстыру.

-Балалар, бұл адамдардың арасында сендерге таныс, сендер білетін адам бар ма?

/Оқушыларға әр зерттеуші-ғалым туралы қысқаша айтып, өмірбаянымен таныстыру/

(Ұ,Ө) Проблемалық сұрақ

Оқушыларға ғалымдардың фотоларын көрсетіп:

-Зерттеуші, ғалым болу үшін адамның бойында қандай тұлғалық қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

/Оқушылар ғалымдардың суреттеріне қарай отырып, қоршаған ортаның нысандары мен құбылыстарды, үдерістерді зерттеуге қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін анықтайды/

Сергіту сәті «Қара жорға биі»

(Т) Топтық жұмыс

Оқушылар топта отырып, өз ойларымен бөлісіп, постер құрастырады.

1-топ: Ғылым түрлері

Мысалы:өсімдіктерді зерттейтін ғылым, жұлдыздарды зерттейтін ғылым, т.б.

2-топ: Ғалымның бойындағы қасиеттер

Мысалы:еңбекқорлық, ізденімпаздық, т.б.

3-топ:Зерттеушінің іс-әрекеттері

Мысалы:зерттейді, іздейді, салыстырады, анықтайды, т.б.

4-топ: Зерттеуге қажетті жағдайлар

Мысалы:әдебиет көздері, энциклопедия, құралдар,білім, зертхана, т.б.

Жұмыстарын орындап болғаннан кейін оқушылар постерлерін қорғайды. Қалған оқушылар өз ой-пікірлерін қосады.

(Қ) Оқушылардың қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтай алуын бағалаймын.

Ғалымдардың фото суреттері

 

 

«Қара жорға» бейнематериал

Флипчарт маркерлер қима сөздер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Сөздік жұмыс жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- қандай жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды».

2 жұлдызша 1 тілек парақшалары

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы

Топта отырып, талқылаулар жүргізеді және нәтижелерін жазады.

Қалыптастырушы бағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу