Жыл мезгілдерінің жануарларға тигізер әсері. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе 2- бөлім. Тірі табиғат: Жануарлар | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдерінің жануарларға тигізер әсері | Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | ||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру 1.2.2.4 мұғалімнің көмегімен жануарлар туралы иллюстрациялы альбом әзірлеу | ||||||
Тілдік мақсаттар | Жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқылай және салыстыра алады (мысалы: жыл құстары, жабайы жануарлар) | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Жануарлар түрлерін ажыратып, айта алады. Жануарларға қажетті жағдайларды біледі. Жануарлар түрлерін және тірі ағза екенін білу керек | ||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, музыка, бейнелеу өнері. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| (Ұ) Шеңбер бойында тұрған оқушыларға әртүрлі мінезді көрсететін сөздер беру. Әр оқушы өзіне берілген мінезді мимика, жест арқылы көрсетеді. | ||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (Ұ) - Балалар, білетінімізді еске түсірейік. - Қандай құстар қыстап қалады? Оны қандай құстар дейміз? - Ал қандай құстар күзде жылы жаққа ұшып кетті? Оларды қандай құстар дейміз? (қалыптастырушы бағалау) Елімізде кейбір құстар қыстап қалады. Аңдар да қыста тіршілігін жалғастыра береді. Осы аңдар, құстар өзін жауы жеп қоймау үшін жауынан қалай қорғанады? Естігендірің бар ма? (оқушылардың жауабын тыңдау) (Ұ) Ойын «Үй жануарлын тап» Оқушылардың үй жануарлар мен жабайы жануарларды ажырата алу дағдыларын тексеру мақсатында ойын түрін ұйымдастыру. Олай болса, мына жануарлардың жауынан қалай қорғанатынын, жыл мезгілдерінің ауысыуына байланысты қалай бейімделетінін әңгімелеп көрейік. («Бүркеніш» сөзімен таныстырып, оның нені білдіретінін сипаттау. Жануарлар жыртқыш аңдарға жем болмау үшін бүркенуге мәжбүр). Суреттер мен ажетті материал (Ұ) Жануарлар жауынан тез жасырынып қалу үшін өзіне тән БЕЙІМДІЛІГІ болады. Оны БҮРКЕНІШ рең деп атайды. Бүркеніш рең — жауы тез байқайтын жануарлардың жауынан қорғануы үшін қажет бейімділігі. Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы,ақ түлкі, қоян, шіл - қыста ақ түсті (қардың түсіндей) болады. (Ұ,Т,Ж,Қ) Қысқы ұйқыға кететін жануарларды анықтап, олар қайда қыстайтынын және қандай қорек қорын пайдаланатынын анықтаңыз. (Ұ) Құстарға арнап жем астауын жасап, қыс уақытында құстарды кезек-кезек қоректендіру үшін кесте құрыңыздар. Фотоларын жасауға тапсырма беру. (Ж) Оқушылар жануарлар туралы альбом құрастырады. (Ұ) Жергілікті 10 жануардың тізімін (суретті альбом түрінде) жасату. Қалыптастырушы бағалау - оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының миграциясы,қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі. | көркемдік материалдар,бүркенішті бояу үшін түрлі бояулар, дидактикалық материалдар. | |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім ? | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілеті төмен оқушылар слайд бойынша жануарлардың қорегін жүргізу арқылы көрсетсе, қабілеті жоғары оқушылар әңгімелейді. | Оқушылардың жалпы жануарлар туралы түсінгендігін байқау мақсатында тест жұмысы алынды. |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?