Жануарлар бізге не береді? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: ғылымға кіріспе

4 А бөлім: Жануарлар

Тақырып: Жануарлар бізге не береді?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

4 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М.

1 сынып

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.4 Үй жануарларынан алынатын өнімдерді анықтау.

Дағдылар

Бақылау

1.1.1.1. Сұрақтар қою.

Мәлімет алу және ұсыну

1.1.3.5. Бақылауларды сызбамен көрсету.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Оқушылар үй құстарын асырау себептерін біледі.

Көпшілігі:

Құстардың пайдасы туралы айтады.

Кейбір оқушылар:

Жұмыртқаны зерттеуде қорытынды шығара алады.

Алдыңғы сабақта

Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білді.

Тілдік мақсат

Табиғат, құстар, құс фабрикасы, инкубатор, үй құстары, жұмыртқа, азық, жем, мамық

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

33 минут

Қорытынды бөлім

2 минут

Көңілді шеңбер. «Менің шөжелерім» әні ойналады. Оқушылар әуен ырғағымен шеңберге жиналады. Ойын «Сен білесің бе?» Шарты: оқушылар қолдарына қалаған суреттерін алып, біріне бірі «Сен білесің бе, қой бізге не береді?» үлгісінде сұрақтар қояды.

Оқушыларға қала сыртына серуенге шығатындары хабарланады.

(МТ) Қайда баратыны, кіммен кездесетіні туралы мәлімет беріледі. Қауіпсіздік ережелері айтылады.

(Ұ) Оқушылар қала сыртындағы табиғатты тамашалайды.

/Сапар барысында оқушыларға сұрақ қоюға, қойын дәптерлеріне алған мәліметтерін жазып алуға және суретке түсіруге мүмкіндік беріледі./

Маңайдағы құс фабрикасына бару.

Оқушылар құс фабрикасының қандай жерде орналасқанын бақылайды.

-Балалар, құс фабрикасы орналасқан жердің табиғаты қандай?

(Ұ) Фермадағы құстарды бақылайды. Алдарына келген тауықтарды санайды. Тауықтарға жем шашады.

Сұрақтар қойып, оқушылардың жауабын тыңдау.

-Балалар, бұл қандай құс?

-Құстар немен қоректенеді?

-Оларды не үшін асырайды?

Құс өсірушінің әңгімесін тыңдау.

-Үй құстарының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, мамығынан жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор болып, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды.

Жұмбақ шешу.

Кішкене ғана ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)

Сендердің күнделікті жейтін жұмыртқаларыңды осы тауықтар береді.

Балаларға жұмыртқа беріледі.

(ОТ) Жұмыртқаны зерттеу. Зерттеуге қажетті заттар: жұмыртқа, тәрелке. Жұмыс барысы: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа жұмыртқа, тәрелке беріледі.

Күтілетін нәтиже:

-Жұмыртқаның сыртқы қабықшасы ақ түсті және қатты;

Жұмыртқаны тәрелкеге жарып, бақылайды.

-Қабықтың ішінде ақ үлбіршегі бар;

-Негізгі құрамы: ақуыз және сарыуыз;

-Сарыуыз-жұмыртқаның тағамдық құндылығы жағынан маңызды бөлігі;

-Балалар, сендер білесіңдер ме, балапан қайдан шығады? /Жұмыртқадан/

-Жұмыртқадан қандай тағамдар жасалады? /Оқушылардың жауабын тыңдау/

(Ұ) Оқушылар құс өсірушіге тауық туралы тақпақтарын айтып береді.

Ақ тауық - ай, ақ тауық.Тауық неге қақсауық.

Жем шашайын, жейсің бе,

Су ішемін дейсің бе?

Сыныпқа оралу.

(Т) Сыныпқа келген соң оқушылар не білгендері туралы әңгімелейді.

Дифференциация. Оқушылар таңдауы бойынша өздері бақылаған құс фермасының немесе тауықтың суретін салады.

1-топ тауық туралы жұмбақтар шешеді.

2-топ сурет бойынша тауық туралы әңгімелейді.

3-топ тауық өнімдерінің пайдасы мен зиянын айтады.

4-осы мәліметтерге қорытынды жасайды.

Рефлексия. Оқушылар таңдау арқылы екі қатарға тұрады.

. Мен тауық туралы көп түсінік алдым.

Мен тауық туралы әлі де көп нәрсе білгім келеді.

https://www.youtube.com/watch?v=KwHP-sKnWog

Зерттеуге қажетті заттар: жұмыртқа, тәрелке.

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Оқушылар берген жауаптары үшін қол шапалақтау арқылы мадақталады.

Қабілетті оқушыларға жұмыртқаны зерттеу кезінде қорытынды жасау ұсынылады.

Топпен жұмыс кезінде мәліметтерге қорытынды жасайды.

Оқушылардың тәжірибе кезінде қорытынды жасау дағдылары бағаланады.

Сабақ математика пәнімен байланысты, өйткені оқушылар тауықтарды және жұмыртқаларды санайды.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланысты, өйткені тауық жұмбақтар шешті, тақпақтар айтты.

Сабақта оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес сұрақтар қойылды, тақпақ айтты. Қызығушылығын арттыру үшін құс фермасына саяхатқа бару жоспарланды.

Кіріспе бөлімде саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады:

-қоғамдық көлікте дұрыс отыр;

-тауықтардың қасына барғанда өзіңе сақ бол;

-зерттеу жұмысын жасағанда қолыңа арнайы қолғапты киіп ал.

Келесі сабақта оқушыларға үй құстары туралы АКТ-да таныстырылым жасау ұсынылады.

Оқушылар үй құстарына қамқорлық қажет екенін, олардың пайдасы мол екенін түсінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу