Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Жануарлар | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: 28. 03. 2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | |||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.1.3 Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырату. | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушыларды жабайы және үй жануарларының кейбір түрлерімен таныстыру; Оқушыларға жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсіндіру. | |||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар жабайы және үй жануарларының кейбір түрлерімен танысады; Оқушылар жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсінеді. | |||||||
Сөздік қор
| Жабайы, табу, қорек, құндыз, сиыр, жылқы, қой, ешкі, арыстан, маймыл, жолбарыс, керік, сусиыр. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларға жануарлардың аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күту туралы біледі. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды шеңберге жинап, дорбаға салынған жануарлардың мүсіндерін көрсету. (Сиыр, жылқы, қой, ешкі, арыстан, маймыл, жолбарыс, керік, сусиыр, мүйізтұмсық, есек). - Мұнда не бар екен? -Қалай ойлайсыңдар, мен не үшін сендерге оларды алып келдім? -Бүгін біз нені үйренеміз? Бүгін үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуды үйренеміз. | |||||||
Сабақтың ортасы
| (Ұ) Кіріспе тапсырма.
(Ө) Жұмыс дәптеріндегі (99 б.) Үй жануарлары қандай болады? тапсырмасын ұсыну. Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау. Өзара тексеруді ұсыну. (ЖЖ) Суреттерді қарап, үстіңгі және астыңғы қатардағы жұптарды сәйкестендіруді ұсыну.Оқушыларды қасында отырған баламен жұптастырып, екі сұрақ бойынша сөйлесуді сұрау:
(Ұ) Сұрақтар қою арқылы жабайы аңдар мен үй жануарларының тіршілік ерекшеліктерін түсіндіру. - Қандай жануарлар бейнеленген? («Құндыз» деп жазылған кеспеқағазды тақтаға ілу). -Бірінші суретте жануарлар не істеп жатыр? (Ем қабылдап жатыр). - Құндыз және иттің емделу ерекшелігі бар ма - Құндызға кім көмектесуде? - Ал итке ше? - Екінші суреттегі жануарлар не істеп жатыр? (Қоректеніп жатыр). - Олардың тамақтануларында қандай айырмашылық бар? - Үшінші суретте жануарлар не істеп жатыр? (Пана салып жатыр). - Мұнда қандай айырмашылық бар? (Ө,ҚБ) «Тағам және сусын» ортақ тақырыбы аясында жұмыс ұйымдастыру. Сұрақтар қою: - Ал жануарлардың тамақтануларында адаммен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар? - Адам пайдаланатын тағам мен сусындармен жануарлар қоректене ма? - Олар немен қоректенеді? (Шөп, су, жем). | |||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында «Төртінші артық» ойынын ойнату. Оқушылар тақтаға қарап, әр жолақта жазылған артық сөзді тауып, ол сөздің неге артық екенін түсіндіру керек. Түлкі, қасқыр, аю, ешкі Бұғы, жылқы, ит, керік Құлын, күшік, лақ, сиыр -Біз бүгін не үйрендік? | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?