Жасанды жарық көзі деген не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні:02/16 | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | |||||
Сынып: 1А Пән: Қазақ тілі және әдебиет | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: 0 | |||||
Сабақ тақырыбы | 3A-бөлім «Жарық» Жасанды жарық көзі деген не? | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | Жарық– физикалық құбылыс | |||||
Сабақ мақсаттары | 1.8.1.2. Жасанды жарықты қолдану туралы білу Дағдылар Ғылыми зерттеуді жоспарлау 1.1.2.2 Топ болып туындаған ғылыми сұрақтарға жауап беру жолдарын ұсыну Дәлелдерді табу мен таныстыру 1.1.3.2 Мұғалім басшылығымен нұсқаулық бойынша қарапайым өлшеулер жүргізу (жарықтың үдемелілігін) | |||||
Жетістік критерилері | Адамның қандай жасанды жарық көздерін қолданатынын біледі. | |||||
Сөздік қор | жасанды жарық | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту, өзара сыйластыққа баулу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, «Кеме» ойыны барысында қолданылған географииялық атауларды зерттеу. Өнер. Шамшырақ аппликациясы | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Табиғи жарық көзі деген не? | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. ОМ анықтап алу Бүгін сабақта
| |||||
Сабақ ортасы | (Ж,Ұ,Қ) Жарықтандыру мақсатында қолданатын әр түрлі жасанды жарық көздері туралы әңгіме жүргізу. Табиғи жарық көзі әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді.Сондықтан адам баласы ерте кезден жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жасанды жарық көздерін ойлап тапты. - Бүгінгі күні қолданатын жарық көздерін атап шығыңдаршы. -Қалай ойлайсыңдыр? -Бұлар қандай жарық көздері? -Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көздерін қоданады? Суретке қара Жасанды жарық көздерінң арқасында өмірді сақтап қалуға болады. «Дауыл күшейіп келеді.Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет» Суреттен белгі шамшырақпен белгі беретін жасанды жарық көздерін анықта. -Адам өмірін сақтап қалу үшін, жарық көзінің қандай маңызы бар? Шамшырақ. Кемелер бір-біріне соғыспау үшін және жағалаудың қауіпті аумағын жарықтандыру үшін қажет. Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін. Көше шамдары.Түнгі уақытта көшені жарықтандыру үшін. Белгі беретін шам. Ракета көмегі арқылы ұзақ аралықта белгі беру үшін қажет. Жасанды жарық көзі адамдарға күн сайын қажет. ҚБ – оқушылар күнделікті өмірде қолданатын жарық көздерін анықтайды. Ойланайық! От қандай жарық көзіне жатады? «Білгір» ойыны Оқушыларды екі топқа бөлу. Жасанды жарық көздерін атап айту. Мысалы: шырақ, от, алау, отшашу, ошақ, белгі беретін тапанша,торшер, шам,аспашам,қолшам. | презентация, шығармашылыққа аппликациямен жұмыс жасау кезіндегі жиынтық, жарық көздерінің жиынтығы | ||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау.(Ұ) Кері байланыс. Жасанды жарық көзі дегеніміз не? Адам өміріндегі жасанды жарық көздерінің маңыздылығы қандай? | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Жасанды жарық көздерін анықтауда қиналған оқуыларға жеке қолдау көрсету. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз күнделікті өмірде қолданатын жарық көздерін анықтайды | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Сергіту сәттерін ұйымдастыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?