Атмосфераны қалай cақтаймыз? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
ПӘН: Ғылымға кіріспе3A БӨЛІМ: «Ғарыш» ТАҚЫРЫБЫ: «Атмосфераны қалай cақтаймыз?» | Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
КҮНІ: | МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Абдилова Б.М. | ||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 1 | ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: | ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: | |||||||||||||||||||
ОҚУ МАҚСАТЫ: | 1.6.1.3. Жер шарының атмосфера қабаты бар екенін білу 1.1.1.2. Бақылау жүргізу арқылы сұрақтарға жауап іздеп табу(мысалы, Жер атмосферасы) | ||||||||||||||||||||
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: |
| ||||||||||||||||||||
ТІЛДІК МАҚСАТ: |
| ||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Оқушылар Жер ғаламшары туралы және Жер ғаламшарының ғарышта орналасқанын біледі | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Кіріспе бөлім | (Ұ)Ұйымдастыру сәті Сәлемдесу, сыныпты түгендеуСынып бөлмесін даярлау Оқушыларды сабаққа даярлау | ||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | (Ұ) Қызығушылықты ояту«Экологиялық бағдаршам» ойыныОйынның шарты: Ойын барысында әр оқушыға үш түрлі дөңгелекшелер (қызыл, сары, жасыл) таратылады. Әр түстің маңызын түсіндіріңіз. Барлық оқушыға көрінетін орынға экологиялық бағдаршамның ескертпелерін жазып қойыңыз. Қызыл-қоршаған орта мен адам өміріне зиян келтіретін іс-әрекеттерге қарсы. Сары - табиғатқа келтірілетін қауіптен сақтауды ескертеді. Жасыл-өсімдіктер мен жануарларды қорғау іс-әрекеттерін мадақтайды. Мұғалім адамның табиғатқа қатысты жасайтын іс-әрекеттерінен үзінділер оқып тұрады. Оқушылар сәйкесінше бағдаршамның түстерін көтеру арқылы жауап береді. (МК) Мұғалімнің түсіндірмесі Соңғы уақытта қоршаған ортаны қорғау тақырыбы өте көп талқыланып жүр. Біздің ғаламшарымыз жыл сайын ластануда. Ауаның ластануының басты себебі табиғи отынның жануы. Бұрындары адамдар зауыт пештері мен паровоздарда көмір жақса, бүгінгі күні оның орнына мұнай өнімдері қолданылып жатыр. Одан мыңдаған тонна өнімдер ауаға шығарылып, ауаға көптеген улы газдар таралуда. Жауын жауған кезде бұл газдар еріп, топырақ пен өсімдіктерге түседі. Мұның салдарынан өсімдіктер қурап, жануарлар өліп жатыр. Көліктер болса ауаға булықтырма түтіндерді шығарады. Ол сумен араласып жерге қышқылды жауын ретінде түсуі мүмкін. Күн сәулелері ауаның ластануын түтінге айналдырады. Яғни, бұл адам өміріне қауіпті улы тұман болып табылады. Бұл заттардың барлығы тірі ағзалар үшін қауіпті. Сондықтан ауаның тазалығы туралы ойлану қажет. Қазіргі уақытта ауа тазалығын қорғау үшін көп жұмыс жасалуда. Көптеген кәсіпорындарда шаң, күйе мен улы газдарды шығармайтын құрылғылар орнатылған. Ғалымдар ауаны ластамайтын жаңа автокөліктерді шығаруда. Әртүрлі орындарда арнайы станцияларды орнатып, үлкен қалалардағы ауаның таза болуын бақылайды. Ауаны тазалау үшін ағаштар, талдар (жөке, терек, мамыргүл) отырғызу керек. Шыршаның шайырлы иісі, аққайың, еменнің, балқарағайдың иістері адам үшін өте пайдалы. (Ұ) Ойлан! Сыныпта оқушылар «Өзі кішкентай болса да, табиғатты қорғау үшін әр адам баласының қолынан не келеді деп ойлайсың?» деген сұраққа жауап іздеп, өз ойларымен бөліседі. (Ө) «Суреттер сөйлейді» ойыны ұйымдастырылады.Оқушылар суреттерге қарап, өз ойларын айтады. (Ж) Оқушылар «Өзің тұратын өлкең таза болу үшін, сен не істер едің?» деген сұраққа жауап іздеп, өз ойларын айтады. (ТЖ) «Зертте!»Адамдар қандай ауамен дем алатынын анықтау үшін өзі тұратын жерде тәжірибелік жұмыс жүргізеді.
(Т)Топтық жұмысБұл тапсырманы орындау үшін оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ суретке қарап атмосфераны қорғау туралы постер жасайды. Постерге ауаны таза ұстауға байланысты ережелер жазады:
• Басқаларға да қоқыстарды тастатпа. • Көктемде ағаш отырғызып, оны күт. • Қоршаған ортадағы өсімдіктерді аяла! (МК) Сен білесің бе? Ауаны ең жақсы тазартатын үйеңкі мен күнбағыс екен. Бірақ басқа да өсімдіктердің пайдасы туралы айтуды ұмытпау керек. (Д) ДифференциацияҚабілеті жоғары оқушыға тапсырма беріледі.Тапсырма: «Мен атмосфераны қорғаймын» атты жобалау жұмысын жасайды. (Қ) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды.1-тапсырма: Атмосфераға зиян келтіруді бейнелейтін суреттерді қорша. 2-тапсырма: Ауаны қорғау шаралары туралы жаз. Көліктердің ауаны көп ластайтыны белгілі. Екінші орында зауыттардан бөлінетін газдар тұр. Үшінші орында жылыту жүйлері тұр. Төртінші орында өрттер. Қоқысты арнайы кәсіпорындарда өртейтін болса, одан ауаға келетін зиян өртке қарағанда әлдеқайда төмен болады. | • қызыл, сары, жасыл түсті қағаздардан жасалынған дөңгелекшелер. вазелин; •адамға зиян келтіретін жағдайлар бейнеленген суреттер; | |||||||||||||||||||
Соңы | Сабақты қорыту. Бекіту. Рефлексия.Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру Экология туралы бейнесюжет көрсету барысында үш тілде тірек сөздермен танысады. (бейнесюжеттегі тірек сөздерге қатысты үзінділермен жұмыс жасайды.)Өзін өзі бағалау: Зымыранды боя - Егер сабақта бәрі түсінікті болса, зымыранның бірінші бөлігін қызыл түспен боя.Егер сабақ түсініксіз болса, онда зымыранның екінші бөілігін жасыл түспен боя. Егер сізге көмек керек болса, онда зымыранның үшінші бөлігін сары түспен боя. | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс: Математика | |||||||||||||||||||
Оқушылар «Мен атмосфераны қорғаймын» атты жобалау жұмысын жасайды. | Оқушылар атмосфераны қорғау керектігін түсінуі бағаланады | Өнер. Табиғатты қорғауға байланысты суреттер салу.АКТ. Ғаламтор арқылы табиғат туралы бейнефильмдер көру | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті? Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?) Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіземін? |
| ||||||||||||||||||||
Қорытынды баға Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)? 1: 2: Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)? 1: 2: Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?