Жер атмосферасы. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім:Ғарыш Күні: Сынып: | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Тақырыбы | Жер атмосферасы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу. Дағдылар Бақылау 1.1.1.2.Бейнеклиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар неігізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу. | |||||
Жетістік критерийлері:
| Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Жердің ауа қабаты (атмосферасы) бар екенін біледі және түсіндіре алады. | |||||
Тілдікмақсаттар
| Оқушылар: Жер ғаламшарының ерекшеліктері, орналасуы және пішіні туралы айтып беруі.Жер ғаламшары; Глобус; шар –сфера; атмосфера; глобус | |||||
Құндылықтардыдарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану,өзін тану пәнімен байланысты | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуітиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Терең ғылым сананың, Тегідөп ой саламын. Маңызберіпоқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын (Ұ)Ойын «Не артық?» Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі: -Балалар, мына сөздерді оқып, ішінен қай сөз артық екенін анықтаңдар. Апельсин, мандарин, жер, жаңғақ, қарбыз, анар. -Не артық болып шықты? /жер/ -Неліктен? -Бұлардың ұқсастығы бар ма? Қандай? /барлығы да дөңгелек пішінді/ -Ортақ қасиетін анықтап көріңдерші. Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда, назарын жемістердің қабығына аударамын. -Балалар, бұл жемістер неліктен тез бүлінбейді?Ішіндегі шырыны неліктен ағып кетпейді? /балалардың жауаптарын тыңдау/ -Бұл жемістердің оларды зақымданудан сақтайтын сыртқы қабығы бар.Қабық оларды соққыдан, ыстықтан, суықтан қорғайды.Жердің де сыртында оны қорғайтын газдан тұратын атмосферасы бар. | Жеміс-жидектер мен глобустың суреттері. | ||||
Сабақтың ортасы | (МК)Жер атмосферасы жайлы бейнежазба көрсету. Бейнежазбаны талқылау, сұрақтар қою. -Атмосфера дегеніміз не? -Ол неден тұрады? -Атмосфера Жерге не үшін керек? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (ОТәж) «Ойлан!Тап!» айдары Әр топтың алдына глобус және қол шам, қолшатыр, орамал, пакет қойылады.Оқушылар заттар мен құралдарды пайдаланып, атмосфераның жерді күн қыздыруынан қалай қорғайтынын көрсетеді. Сергіту сәті: Көңілді балақайлар биі. (МК)Жер атмосферасының қабаты жайлы фото көрсету. Ғарыштан Жерді түсірген бірнеше фотоларды көрсетіп, оқушылармен әңгімелесу. (Т) Күннен қорғану – бас киім кию, тері мен көзді қорғау және т.б. туралы ескерту плакаттарын жасау. Қалыптастырушы бағалау - оқушылардың күннен қорғану туралы жақсы ойлары бар ма? (Ө) Рөлдік ойын Айға немесе басқа планетаға сапарды жоспарлап, қандай қажетті заттарды алу керек екендігін шешу. -Қандай киім кию керек? -Немен қоректену керек? (Ө)Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыс Қалай ойлайсың, атмосфераны қандай заттар көп ластайды? 1-тапсырма:Суреттерді шеңберлермен сәйкестендір: ластайтын заттар көп болған сайын шеңберді үлкейт. 2-тапсырма:Еркін түрде хат жаз. Мен атмосферамын (ҚБ)Оқушылардың атмосфераға зиян мен пайда келтіретін заттарды ажырата алуын бағалаймын. | Бейнежазба Сергіту сәтінің аудиожазбасы Жер атмосферасының қабаты жайлы фотоматериал Ойынға қажетті суреттер мен заттар ҚБ парақтары | ||||
Сабақтың соңы | Оқушылар жасаған плакаттарын қорғайды. «Өз жетістігін бағалау» парағы бойынша өз білімін түсті стикер арқылы бағалайды. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Тәжірибе жасау барысында және оқушылардың күннен қорғану туралы жақсы ойлары сұраймын. Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу. | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Суретпен жұмыс істеу барысында | Пәнара лық байланысДенсау лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары | ||||
Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?