Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Адамдар ғарышты қалай зерттеді? | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау |
Сабақ мақсаттары | Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау, ғарышты зерттеуге арналған құралдарды суреттеу. |
Тілдік мақсаттар | |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі |
Алдыңғы меңгерілген білім | Жер, ғарыш |
Сабақбарысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин 5 мин | I.Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу Армысыздар ұстаздар! Ашық аспан арайлы Саған жиі қараймын Оқып зерттеп сабақта Көп мәлімет алайын! Сабақтың тақырыбын анықтау. Жұмбақ жасыру. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам дым да жоқ. (жұлдыз) Жұлдыз деген не? Оны қайда кездестіруге болады? Ғарыш деген не? Ғарышта не бар деп ойласыңдар? Адамдар ғарышты қалай зерттегенін білгілерің келеді ме? Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Оқушылар бағалау критериіне тоқталады. | |
Сабақ ортасы 3 мин 3 мин 7 мин 8 мин 5 мин | Жаңа сабақ: Ал,балалар! Біз өткен сабағымызда Ғарышпен танысқан едік.Ендеше бүгін адамдар ғарышты қалай зерттегені туралы білетін боламыз.Олай болса араларыңдағы бас ғарышкерді және дәрігерді ортаға шақырайық. Дәрігер бас ғарышкердің денсаулығын тексеріңіз. -Басқарушы бас ғарышкер ұшуға дайын.Тамыр соғысы бірқалыпты.Көңіл-күйі жақсы.Ұшуға рұқсат етіңіз.Рұқсат! (Ж)Балалар ,орнымыздан тұрып көзімізді жұмайық.Өздеріңді ғарыш әлемінде жүрміз деп елестетіңдер. Жұпта елестеткендерін айтады. Алғашында адамдар жұлдыздардың шоғырын әртүрлі бейнелермен суреттеген.сол бойынша кеңістікті бағдарлады.Кейін бертін келе Ай мен Күнді жіті бақылай отырып күнтізбелер ойлап тапты.1.Ай 2.Күн күнтізбелері.Адамдар аспан денелерін арнайы құралдармен зерттейді.Ерте заманнан бері келе жатқан Телескоп.Кейін жердің жасанды серігін ойлап тапты.Оны аспан делерінің қозғалысын,өлшемдерін,ондағы болатын өзгерістерді және де ауа райын зерттеуге,байланыс жүйесі саласында пайдаланады. Топтық жұмыс. 1.Планеталарды топтастыру 2.Жер шарынан Қазақстан ,Ресей ,АҚШ құрлықтарын табу Қағаздан қиылған картаны постерге жапсыру 3.Жеті қарақшы жұлдызының өрнегін құрастыру. /өзара бағалау/ Жеке жұмыс. Ғарышты зерттеуге арналған құралды анықта. | Презентация Зат және оның табиғат күйін өзгертуі Плакат, маркер Карточка |
Сабақтың соңы 7 минут | Мен астроном болғым келеді, өйткені… Астрономия – қызғылықты ғылым, себебі… Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені… Бағалау | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |