Ғарыш. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт

Күні:10.01.2017ж

Мектеп: Көкшетау қ.

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

 Сөздік қор

  • астрономия
  • ғарыш
  • шоқжұлдыз

 Бағалау критерийі

  • Ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
  • Шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және еңбек

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуітиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкен де «Сіз»Кішіге де «Сіз»Сізге сәлем береміз.Құрметпенен біз

Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат. Оқушылардан ғарышты қалай елестететіндерін сұрау. Суретке назар аударту.

Анықтау:

— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

Ғарыш жайлы видео көрсету

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Ежелгі астрономия.

(Т) Оқушыларды шағын топтарға бөлемін. Олардың назарын суретке аудару. “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені байқаулары мүмкін еді?” дегенге болжам жасап көруді тапсырамын. Талқылаудан кейін барлығын тыңдап, барлық жауап нұсқаларын тақтаға жазып қоямын. Егер қиындық туындаса, оларға ерте заманда адамдардың немен айналысқанын, қандай құралдарды қолданғанын еске түсіруді сұрау. Оқушылар сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болғанын түсінуге мүмкіндік алады. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден байқауға болады.

Сабақ барысында қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар аударту. “Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?” (Жайылымдық жерді ауыстыру үшін және жыл мезгілінің өзгеруімен байланысты көшпенділік салтын ұстанды.)

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойылады:

— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына ерекше назар аударуға болады. Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталатыны туралы айтып беремін. Қазіргі адамдар олардың барлығын ерте заманда көрінгендей көре алмайды. Жұлдыздардың бір бөлігі жоғалып, күңгірттеніп кетті. Оқушылардың қай шоқжұлдыздарды білетінін өздеріне айтқызу.

Зерттейік. Оқушыларды топтарға бөлу. Топтарда қабілеті жағынан деңгейлері әртүрлі оқушылар болғаны дұрыс. Топтық жұмыс жасау үшін түрлі түсті қағаз, картон, А4 форматты ақ парақ, желім, түрлі түсті қарындаштар, шоқжұлдыздар туралы аңыз кітаптар қажет болады.

Таңдап алынған шоқжұлдыздар туралы аңыздардан үзінді оқып беру. Бұл шағын мәтіндер болуы керек. Тапсырмаларды күрделендіру мақсатында оқи алатын оқушыларға оны өз бетінше орындауды ұсынуға болады.

Оқушыларға тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырамын. Топ мүшелер міндеттерді бөліп алады: олардың жартысы шоқжұлдыздардың суреттерін салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды бірнеше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сыныптың талқылауына ұсына алады.

Зерттеу барысында мынандай сұрақтар қойылады:

— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?

— Ол несімен қызықты?

— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды? “Астрономия” сөзінің аудармасы жайлы айтып беру. Оқушылардан: “Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?” — деп сұраймын. Әңгіме барысында оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады.

Дәптермен жұмыс

Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.

Шаттық шеңбері

видеожазба

жұлдызды аспан суреті

Ақ қағаз, маркерлер

Сабақтың соңы

Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойшағарыштамыз деп елестетеді. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?” — деп сұралады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш ту ралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұралады.

 

дәптер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ғарышты елестете отырып салған суреттеріне қарап бағалаймын

 Дене шынықтыру.

 Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу