Уақытты анықтау не үшін керек? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт

Мектеп: Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сабдина А.А.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақытты анықтау не үшін керек?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Уақыт не үшін керек екенін біледі және оны қалай анықтау керектігін үйренеді.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Уақыт, сағат

 Бағалау критерийі:

  • Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды және уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.
  • Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.
  • Уақытты өлшеу құралдарына қатысты өлшем бірліктерін ажыратады.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

глобус

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

I.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

«Тамаша» ойыны

Мұғалім кше, бүгін, ертең сөздерін қолданып сөйлемді бастайды да балаға доп лақтырады. Бала сөйлмді аяқтау керек. Ал қалғандары тыңдап болған соң, «тамаша» деп жауап беру керек.

  • Кеше, бүгін, ертең деген ұғымдар нені білдіреді?
  • Бүгін не туарлы айтамыз?

ІІІ. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Оқушылар бағалау критериіне тоқталады.

ІҮ. Өткенді қайталау.

«Қатемді тап» ойыны

Оқушылар мұғалімнің айтақан қате тұжырымдамаларды тауып, дұрысын айтады.

  • зымыран вокзалдан ұшады.
  • жұлдыздарды микроскоп арқылы бақылайды.
  • Күн Жерді айналады.
  • глобус Айдың моделі.

Презентация,

доп,

Сабақ ортасы

7-11

11-20

20-21

21-27

27-32

32-35

Ү. Жаңа сабақ:

Проблемалық сұрақ:

- Балалар, сендер сабаққа кез келген уақытта келе аласыңдар ма? Неліктен?

- Сонда уақыт деген не?

Жұмбақтардың шешімін табу. Кейін тақтаға жұмбақ шешімі бойынша суреттерді іліп, атауларын айту. (күнтізбе, сағат, қол сағат, электронды сағат, оятар, жыл мезгілі, құм сағат)

Сағат туралы бейне материал көру.

Көру барысында оқушылар уақыт өлшем бірліктерін есте сақтап, айтуы керек.

Зерттейік Топтық жұмыс:

топтар белгілі уақыт ішінде не істеуге болатынын ойластырып, 30 с ішінде айтуға үлгеру керек.

1 минуттың ішінде не істеуге болады?

1 сағат ішінде не істейміз?

1 тәулікте не жасауға болады?

1 аптаның ішінде не істеуге болады?

1 айдың ішінде не істеуге болады?

Сергіту сәті

Жұппен жұмыс:

Оқушылар жұпта бір қолмен белгілі ай бойынша күнтізбені бояйды. неліктен мұндай сурет салынғанын анықтайды.

ҚБ жұмысын орындау.

Уақытты не үшін білу керек?

Уақытты қалай үнемдейміз?

1 минут ішінде жарыс ұйымдастыру.

ол үшін құм сағат пен электронды сағатты қолдану.

бейнематериал

сағаттың моделі, карточкалар, күнтізбе.

Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

«Ішкі-сыртқы шеңбер» ойыны

Оқушылар екі шеңбер құрып, бір-біріне қарама –қарсы тұрады. Бүгінгі сабақта қандай жаңалық ашқанын айтады.

Бағалау

Егер мен уақыт не үшін керек екенін білемін десеңдер- оң қолды көрсетіңдер.

Егер әлі толық түсінбедім дегендер бар болса, сол қолды көтереді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыстағы тапсырмалар деңгейі

Мұғалімнің бақылауы, оқушылардың өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу