Табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыс. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Сабақ: Ғылымға кіріспе

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыс

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1 Күш пен қозғалыс

1.2 Табиғатты тану әдістері

Сабақтың мақсаттары

1.5.1.3 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету.

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату

Құндылықтарды дарыту

Өзарасыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.!

Әр түрлі жануарлар мен төлдерінің суреттері.

Сабақтың ортасы

30 минут

(Ұ) Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындауды ұсыну:

  • Бір сызыққа тұрып, топпен бір фигураны салу, сосын сызық бойынша қозғалу
  • Балалар үдеріс кезінде қандай сызықты кескіндеді? Бұл сызықты траектория деп атайды.

(МК) Оқушылардан интерактивті ресурстарды көруді сұрау (қар, құм бетіндегі із). Оқушылармен іздер қозғалысының траекториясын талқылау.

(ОТ) Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсыну. Осыдан кейін бірнеше оқушы сыныпта не мектеп дәлізінде бастапқы позицияны ұстап, өздерінің ұшақтарын жібереді. Қалған балаларға ұшақтардың ұшу траекториясын бақылауды сұрау. Тақтада ұшырылған ұшақтардың қозғалысының әр түрлі траекториясын салу.

(МК) Қозғалыс траекторияларын суретте көрсете отыра, қалай зерттеудің жолдарын талқылау.

Жол апаты орын алған кезде МАИ қызметкерлері уақиға барысын автокөлік қозғалысының траекториясын өлшеп табатынын оқушыларға мәлімдеу.

(Т) Оқушыларға құмда, қарда, асфальта аяқ ізі бейнеленген суреттерді ұсыну. Бұл сызықтардың қалай аталатынын талқылау. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

(Ө) Оқушыларға дене қозғалысының траекториясын бейнелеген өз суреттерін салуды ұсыну.

 

Дененің қозғалысы

Денелер қалай қозғалады?

Олар кеңістікте үнемі түзу сызық бойымен қозғала ма?

Зерттеу

Доп пен ойыншық машинаның қозғалысын бақылау. Олар қандай траекториямен қозғалады?

Түзу сызық бойымен қозғалуға не бөгет жасайды?

Дәптермен жұмыс

Заттар қалай қозғалады?

Домалайды, секіреді

Тайғанайды, серпіледі

Тайғанайды, ұшады

Секіреді, сырғанайды

Жүзеді, секіреді

Жүзеді, жүреді

Мультфильм «Маша мен аю. Сандаған аңдардың іздері» https://www.youtube.com/watch?v=rnm61GN2O8w

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Бүгін не білдік?

Кері байланыс.

Бүгін не білдім?

Мен үшін қызықты болғаны

Әлі де түсініксіз...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заттардың қозғалысы туралы айтуда қиналатын оқушыларға көмекші сұрақтар беру.

Оқушылардың денелердің қозғалысын ажарата білулері, түсіндіре алуы бағаланады.

Сыныпта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу