Қозғалыс деген не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жаратылыстану

4-бөлім Табиғат физикасы

Бекітемін:___________________

Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А

Күш және қозғалыс

Мектеп: Ж.Мырзағалиев

Күні: 19.02.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: Саттарова Б

Сынып: 1 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыс деген не?

Сабақтың оқыту мақсаттары

1.5.1.1. «Қозғалыс» ұғымын түсіндіру.

1.5.1.2. Түрлі денелердің қозғалысын мысалға келтіру.

1.5.1.3. Табиғат пен адамдар өмірлеріндегі қозғалыстың маңыздылығын анықтау.

Табыс критейиі

Барлық оқушылар орындай алады:

• қозғалыс ұғымын түсіндіре алады;

• түрлі денелердің қозғалысына мысаал келтіре алады.

Көпшілік оқушылар орындай алады:

• қозғалысқа не келтіретінін түсіндіре алады;

• адам жəне тірі организмдердің өміріндегі қозғалыс маңыздылығын дəлелдей алады.

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

• түрлі көздерден қажетті ақпаратты таба алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Болжамдар айту жəне оларды сөйлемде дұрыс қолдану; белгілі бір сұрақтарды ашу жəне түсіндіру; сөздікті өзектендіру.

Көптілдік:движение – қозғалыс – motion.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:қозғалыс, физика, физик ғалымы,

денелердің қозғалысы.

Сабақ барысында сөйлесу/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар.

Билеп, жүгіріп, ойнап жүрген балаларды не ортақтастырады? Заттың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?

Адам үшін қозғалыс неге соншалықты маңызды?

Өткен сабақтардан алған білім

Барлық заттардың орнын ауыстыруы мүмкін екендігі туралы негізгі білімдер; доппен ойнау, ойыншық машинаны жүргізу. Шынықтырылған физикалық дағдылар мен білімдер

 Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Пайдаланылатын қор

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин.

(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылайойынын ұсынады.

Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). Жүгіріс ше? – Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады).

Түнгі ұйқы? – Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).

Аласың ба? Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше? – Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).

Ойын қалай? – Осылай! (Езулерін ауаға толтырып, оларды алақандарымен ұрады).

Ұрысқанда? – Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады)

(Ұ) Ұстаз балалар қазір не істегендерін сұрайды. (Жаттығулар орында- ды, қозғалды). Айналамызда тағы не қозғалады?

Музыкалық сүйемелдеу.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

2–5 мин.

Қызығушылығын ояту(топтық жұмыс)

1-топ:Машинаны қозғалысқа келтіру

2-топ: арба мен шананы қозғалысқа келтіру

3-топ: есікті қозғаллысқа келтіру

(Ұ) Ұстаз балалар қазір не істегендерін сұрайды. (Балалардың болжамдары тыңдалады).

Қозғалыс деген не? Бұл сабағымыздың тақырыбы. Біз бұл туралы не білеміз? Қозғалыс деген не жəне адамдардың өмірінде оның рөлі қандай.

. Ойланайық…

……қозғалыс – заттардың орнын ауыстыруы.

… тек тірі организмдер ғана қозғалмайды деп болжайық.

……қозғалыс адам өмірінде үлкен рөл атқарады деп ойласақ?

Түрлі денелердің

қозғалысымен танысу

Ақпарат дереккөзі – «бақылау»

Оқулықтағы кесте (кестені флипчартпен тақтаға шығаруға болады).

Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6–40 мин.

(Ұ, Т) Оқулықпен жұмыс жасау.

Суреттегі заттардың қалай қозғалатынын түсіндір

1-топ: бақа мен доптың қозғалу әрекеті

2-топ: ұшақ пен құстың қозғалу әрекеті

3-топ: жолбарыс пен машинаның қозғалу әрекеті

Мұғалім оқушыларға ғалым болуларын ұсынады... бірақ қай ғылымда? (белгісіздік).

Өзекті сұрақтар: олардың қозғалуына не көмектеседі? (Т, ОТ) Кіші топтарда жұмыс жасау:ұстаз оқушыларға 3 топқа бөлінулерін ұсынады – «балықтар», «құстар», «көліктер». Дайындалған ватмандарда əр топ өкілдерінің бейнелері салынған. (түрлі құстар, балықтар, жануарлар жəне көліктер), алайда олардың қозғалыста маңызды мүшелері жоқ. Балаларға топта олардың ненің көмегімен қозғалатынын талқылап, олардың суретін қосып салуы керек (құйрықтар, жүзбеқанаттар, аяқтар, дөңгелектер ... т.б.). Презентация, қорытындылар.

Су мекендеушілер ненің көмегімен қозғалады? Жүзбеқанаттар, құйрықтар, ескекаяқтар көмегімен.

Құстарға ұшуға не көмектеседі? Қанаттар, құйрығы.

• Қатты бетте не істеуге болады? Жүруге, жүгіруге, секіруге, жорғалауға, өрмелеуге жəне сырғуға болады. Жүгіре алатындарды ата. Ал кім жүре алады?

1 топ: балық 2 топ: құстар 3 топ: көліктер

Суреттерге қара. Табиғаттың қозғалыстың маңыздылығын түсіндір. Ойланыңдар, түрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіріңдер.

(Ұ) Динамикалық үзіліс.

Ұстаз балаларға ерекше стадионға баруды ұсынады. Онда барлық спортшылар жаттығады. Таңертеңгі сергіту жаттығуларының кешені өткізіледі.

Бұл ғылым денелер мен заттардың қасиеттерін жəне де қозғалыс, күш, жарық, дыбыс, жылу сияқты қызықты құбылыстарды зерттейді. Бұл қай ғылым деп ойлайсыңдар? Физика. Бұл ғылымды зерттеумен айналысатын ғалымдарды қалай атайды? Физик ғалымдар.

Оқулық.

Мультимедиялық презен-

тация.

(Ұ, МК) Өзекті сұрақтар.

Ойланыңдар, түрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіріңдер. Тек тірі организмдер ғана қозғала ала ма? Оқушыларға жел күшін, бұлттардың көшуі, жаңбыр, қар ұшқыны, көшкіннің жүруі, өзеннің ағуы жəне т.б. туралы фильм көрсеткен жөн.

(Ұ,МК) Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты əрі қолжетімді тəсілі – бақылау. Адамның айналадағы ортаны зерттеуге талаптануы көптеген аспаптардың пайда болуына əкелді. Бақылауды ненің көмегімен жүргізуге болады, ойланыңдар жəне болжамдаңдар. Олар: қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп, перископ, түнде көруге арналған аспаптар. Біздің дыбыстарды жəне тіпті электромагниттік толқындарды айыру қабілетімізді арттыратын құрылғылар да бар, олардың барлығын зерттеулерде қолдануға болады.

Көрнекі құралдар.

Мультимедиялық презен-

тация.

(Ұ) Өзекті жағдай.

Қозғалыс құстарға, балықтарға жəне жануарларға тіршілік етуге қалай көмектеседі? (Жыртқыштардан қашады, азық табады, жəне т.б.). Өсімдіктер əлемінде ше? (көбейеді, өседі ...).

(МК) Ал адам не істей алады? (Оқушылардың болжамдары)

Ұстаз ақпараты: адам табиғатынан қимылға икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз, жүземіз, күні бойы мыңдаған иілулер, бүгілулер, бұрылыстар жасаймыз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Ол сүйектерді, оларды байланыстырушы тіндер мен бұлшық еттерді қамтиды.

Музыкалық сүйемелдеу.

Ғылыми күнделік, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақ соңы IV. Сабақ қорытындысы. Рефлексия.

41–45 мин.

(Ө, Қ)

1-тапсырма: Өзің саяхатқа шыққанда отырған көлік түрлерін боя

2-тапсырма: Жануарларға қозғалуға көмектесетін денелерінің

бөліктерін қорша.

3-тапсырма: Суреттердің қайсысы артық екенін белгіле.

Өз таңдауыңды түсіндір.

Мұғалім балалардың бүгін қандай ғалым болғандығын сұрайды. Нені зерттедіңдер? Көбінесе есте қалғаны не? Тағы не туралы білгілерің келеді? Жақындарыңа итеріліс пен тарту туралы не айтып бере аласыңдар?

Ұстаз оқушылардан сабақтағы жұмыстарын түрлі-түсті стикерлерді бағалауды сұрайды,

1 деңгей – ештеңе түсінген жоқпын.

2 деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3 деңгей– барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.

Бағалау: ойыншықтар арқылы

Дəптер, түрлі түсті қарындаштар

Дифференциация. Оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балаларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлай- сыз?

Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/білімдерін қалай қадағалайсыз?

Пəнаралық байланыс

«Өзін өзі тану»

«АКТ»

Құндылықтар

Əр бала өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін тобына қызықты жəне жаңа бір мəлімет айтуы керек.

Неғұрлым үлгеретін оқушыларға өз бетінше компьютерді (ғаламторды) қолдануға мүмкіндік беру.

Ойлау тəжірибесіндегі көшбасшылық.

Өз бетіндік жұмысты орындау деңгейі.

Қойылған іздеу сұрақтарына жауаптардың түрлілігі.

Күнделіктегі тапсырманы орындау, деректерді өңдеу.

Құндылықтар – қызығушылық, танымпаздық, қоршаған ортаны тану.

Пропедевтика – физика.

Бақылаулар Оқыту/сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бұл жерді сабақ бойынша бақылауларыңызды жазып қою үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда жазылған, сіздің сабағыңыз жөніндегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Сабақ барысында неғұрлым сəтті өткен екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

1.

2.

Сабақты жақсартуға əсер етер екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

1.

2.

Жалпы сынып пен жеке оқушы туралы жаңа не білдім жəне бұл келесі сабақтың өтуіне қалай əсер етеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу