Нәресте күндер. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақ: Ғылымға кіріспе 2А бөлім «Адамның тіршілік әрекетіндегі үдерістер» Тақырып: Нәресте күндер | Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||||||
1тоқсан . Сынып1
| Мұғалім: Сейсембаева С.И. | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.4.2.1Барлық тірі ағзалар тәрізді адамның өсетінін, дамитынын және қартаятынын білу Дағдылар. Бақылау 1.1.1.1. Сұрақтар қою: «Мен туған уақыттан бастап қалай өстім, өзгердім? Қазір мен сәбидің қолынан келмейтін не жасай аламын?» Мәлімет алу және ұсыну. 1.1.3.3.Әр түрлі түрлерді бақылаулар және салыстырулар. | |||||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар адам өмірінің тіршілік үдерісіне байланысты даму кезекңдерін айта алады. Төмендегі терминдер мен сөз тіркестері қарастырылады:
адам, жануар, өсімдік. | |||||||||||
Алдыңғы сабақта: | Адамның тірі ағза екендігін, оның өсімдік пен жануар секілді өсетінін, дамитынын, қартаятынын түсінеді. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||||||
Кіріспе бөлім 1 – 7 минут Негізгі бөлім 7 – 30 минут | (Ұ)1.Психологиялық дайындық. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру мақсатында төмендегі өлең жолдарын қайталауды ұсынамын. Бүгін бізде ерекше, Сабақ болып жатыр ғой. Тәртіп, оқу деңгейін, Ұстаздар көріп отыр ғой. Ал тәртіпті болайық, Жақсы оқып әр күнде, Білім керек әркімге. 2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бүгінгі сабақта төменде берілген сұрақтарға жауап аласыңдар. - Қалай өсіп, дамыдыңдар? - Адамның дұрыс өсіп дамуы үшін не қажет? 3. Оқушыларды жаңа сабаққа жетелеу үшін «Мен кішкентай болғанда» жаттығуын орындауды ұсынамын. Әр оқушы сәби кезеңдерінен бір сөйлем айтуы қажет. Сөйлемді мына үлгіде бастауыңа болады: «Мен кішкентай кезімде.....» (МК) 4. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Күлкілі сәбилер» атты берілген сілтеме бойынша бейнекөріністі көрсетемін. Бейнекөріністен кейін оқушылардың назарларын екі фотосуретке аударуын сұрап, төмендегі сұрақтарды қоямын. - Бұл ұл баланың екі түрлі суреті. Оларды салыстыр. - Бала қалай өзгерген? - Сенің өзіңнің сәби кезіңді білесің бе? Есіңде не қалды? |
«Күлкілі сәбилер» тақырыбына бейнекөрініс сілтемесі http://www.youtube. com/watch?v=bETdJy1ojXM | ||||||||||
Қорытынды бөлім 3 минут | 5. Оқулықпен жұмыс. Адам дүниеге келеді, өседі, өзгереді және дамиды. Сен туғанда нәресте болдың. Одан кейін балдырған болып өстің. Ал қазір сен – оқушысың. Mектеп жасынан кейiн жасөспірім кезең басталады, одан кейін жастық, есейген және қартайған шақ келеді. Оқушылардың жаңа сабақта білім, білік дағдыларын дамыту, бірлесіп жұмыс істеу арқылы ортақ шешімге келу мақсатында топпен жұмыс ұйымдастырамын. (Т) 6.Топпен жұмыс. 1 – топ. Сендердің бойларың мен салмақтарың қалай өзгерді? 2 – топ. Сөйлеуді қалай үйрендіңдер? 3 – топ. Сәби кезіңде не жасай алдың, ал қазір не істей аласың? 4 – топ. Кішкентай кезіңде қандай ойын түрін ойнадың, ал қазір қандай ойындар ойнайсың? 5 – топ. Тамақтану ережең өзгерді ме? (Т) 7. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. (Ө) Жеке жұмыс. Өзіңнің кез келген кезеңдегі суретіңді сал. (ЖЖ) Жұппен жұмыс. Жұптасып суретте қай кезеңді салғаныңды әңгімеле. (Ұ) Денің сау болып өсу үшін не істеу керек? Сөйлемді аяқта. «Мен сабақта түсіндім.......» | Оқушылардың сәби, нәресте кездеріндегі суреттері
Постер, түсті қарындаш | ||||||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||||||
Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||||||
қабілетті оқушылраға қосымша сұрақтар қою арқылы және өзінің сәбилік шақта есте қалғандарын 3 – 5 сөйлем көлемінде әңгімелеуді сұрау арқылы. | Салған суреттері, топтық тапсырманы қорғау барысында бақылау, түртіп алу, қошеме көрсету арқылы | Сауат ашу пәнімен байланысты топтық тапсырма орындау барысында орындаттым. Өнер пәнімен байланысты постер әзірлеуде сурет салғызу арқылы көрсетемін. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?