Нәресте күндер. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А бөлім: Адам тіршілігіндегі үдерістер | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: 26.10.2015 | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||
Сынып: 1В Пән: Ғылымға кіріспе | Қатысқандар: 20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақ тақырыбы | Нәресте күндер | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4. 2 Адам.-Тіршілік әрекетінің үдерістері | ||||
Сабақтың мақсаттары | 1.4.2.1 1.4.2.1 Адам басқа да тірі ағза тәрізді өсетінін, дамитынын, қартаятынын білу 1.4.2.2 Адамның өсуіне және дұрыс дамуына қажетті мұқтаждықтарды анықтау (мысалы, тағам, ұйқы) 1.4.2.3 Дененiң дұрыс мүсінін сақтаудың маңыздылығын түсiну 1.4.2.4 Адам да өсімдік пен жануарлар сияқты табиғаттың бір бөлігі екенін түсіну | ||||
Жетістік критерийлері | Адам өмірінің кезеңдерін біледі және сипаттай алады. | ||||
Сөздік қор | Өсу, сәби, даму, нәресте, оқушы, балалық шақ, кезең, мектепке дейінгі кезең, мектеп жасындағы кезең. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: суреттерді рет-ретімен дұрыс қойып нөмірлеу. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар адамның өсіп, есейіп, қартаятындығы туралы өмірден алған түсініктері бар. Олар дені сау болу үшін не істеу керектігін сонымен қатар адамдардың жануарлар мен өсімдіктер сияқты тірі ағза болып табылатындығын біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Cабақты шеңберге жиналып, тақпақ айтудан бастау Ер жетсекНан жесеңдер балалар,Үлкен болып өсесің.Сүт ішсеңдер, балалар,Тезірек ер жетесің. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша, өздерінің әр кезеңдегі (1 жас, 3 жас, 5-6 жас шамасындағы) алып келген фотосуреттерін не үшін алып келгендеріне болжау жасатып, бірлесіп ОМ анықтап алу. | ||||
Сабақ ортасы
| (Ұ,МК) Оқушылардан отбасында інілері/қарындастары бар/жоқтығын, олардың жасын сұрау. Үйіне жаңа туған сәби келгенде олардың отбасылық өмірінде қандай өзгерістер байқалғаны жөнінде сұрау. Оқушылардан өздерінің 1 жастағы суреттерін көрсетуді ұсыну. «Сәби қандай, ол не істей алады?» деген сұрақтар қою. Оқушылардан өздерінің 3 жастағы суреттерін көрсетуді ұсыну. «Осы кезеңде бала не істей алады?» деген сұрақ қою. Оқушылардан өздерінің 5-6 жастағы суреттерін көрсетуді ұсыну. Оқушылар сәби мен мектеп жасындағы баланың әрекетін салыстырып, олардың айырмашылығын айырып айтуын сұрау. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін оқушыларға бейнежазба көрсету. Оқушыларға ұсынған ақпаратты түсінуі қиынға соғатындықтан, ресурстың дыбысын өшіріп қойып көрсету. Жаңа туған нәресте не істей алады? Біраз уақыт өткен соң қандай өзгеріс пайда болды? деген сұрақ қою. (Ұ,Т, МК) Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарастырып, салыстыруды ұсыну. Бала қандай еді? Бала қалай өзгеріп келеді? Өздеріңнің кішкентай кездерің естеріңде ме? Бірінші суретпен салыстырғанда екінші суретте не өзгерді? Бала нені істеп үйренді? Сыртқы келбеті, бойы қалай өзгерді? Үшінші суретті екінші суретпен салыстырыңдар. Кішкентай балада қандай өзгерістер пайда болды? Ол не істей алады? Жасы нешеде деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар? деген сұрақтар арқылы талдау жүргізу. Осылай адамның өмірі бірнеше кезеңнен тұратыны жайлы, солардың кейбіреулерін оқушылар өтіп те үлгергенін айтып, «Сәби», «Балалық шақ», «Мектепке дейінгі кезең», «Мектеп жасындағы кезең» деген ұғымдармен таныстыру. Сергіту сәті. Оқушыларды төрт оқушыдан шағын топқа топтастыру. Топтар арасында рөлдерді бөліп, кішкентай бөбектің өсу жолын көрсететін қысқа пантомима дайындауды ұсыну. Одан кейін тақтаны үш бағанға бөліп «Сәби», «Балалық шақ», «Мектепке дейінгі кезең» атаулары жазылған жолақшаларды қыстыру, өздерінің әр кезеңдегі (1 жас, 3 жас, 5-6 жас шамасындағы) фотосуреттерін өсу кезеңі бойынша орын-орнына қоюды ұсыну. Оқушылар жұпта бір-біріне сәби кезеңдерінен бастап өсуі туралы айтып берулерін ұсыну. Оқушылардың назарын олардың бір жастағы және 6 жастағы фотосуреттеріне аудартып, «Сәби кезінен кейін бала бірден оқушы бола ала ма? Неге бола алмайды?» сұрақтар қойып, оқушылар өмірдің әр кезеңінде әр нәрсені үйреніп, біле бастайды деген қорытынды жасауға жетелеу. Сондықтан адам үшін барлық кезеңдер маңызды. (ОТ) Топ арасында тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру. Әр топқа тамақтануға арналған бөтелке, емізік, сылдырмақ, текше, қуыршақ, ойыншық машина, картон, оқулық, қаламсауыт, дәптер үлестіру. Заттарды әр кезеңнің қажеттілігіне байланысты төртке бөлуді ұсыну. Топтың бір өкілі шығып, өздерінің таңдауының дұрыстығын дәлелдеп айтады. «Қай кезеңде қандай киім қажет?» - деп сұрау. (Ө) Тақырыпты бекіту үшін өзіндік жұмысты орындату. Оқушыларға дәптердегі суреттерді рет-ретімен дұрыс нөмірлеп, оны атауымен байланыстыруды сұрау. Кейбір әріпті әлі білмегендіктен оқи алмайтын оқушылар үшін сөздерді оқып беру. | ||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында ойын ойнатып, тілдік құзыреттілікті қалыптастыра отырып, адам өміріндегі әр кезеңінде істелетін әрекеттерді қимыл мен сөйлеу арқылы бекіту ұйымдастыру.
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Оқи алатын оқушылардың тірек сөздерді өздері оқуына тапсыру. Өмірдің әр кезеңіне байланысты қолданатын заттарды сәйкестіндіруге қиналатын оқушыларға, заттың не үшін қажет екенін сұрап, бағыт беру. | Оқушылар суретпен жұмыс жасап, топта талқылау жүргізу барысын бақылау арқылы бағалау. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды