Өсімдіктерді өсіру. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1B бөлім: Өсімдіктер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 5.10.2015

Мұғалімнің аты-жөні : Сарыева А.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар:20

Қатыспағандарсаны: 0

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерді өсіру

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.Өсімдіктер. Гүлдейтін өсімдіктердің бөліктері және маңызы

 Сабақтың мақсаттары

1.2.2.1 Өсімдік мүшелерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін көрсетіп, өсімдіктерді сипаттау (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)

1.2.2.2 Тамыр- өсімдіктің жерасты бөлігі, ал сабақ, жапырақ, гүл және жемістер жер үсті бөлігі екенін білу.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар өсімдіктердің қандай мүшелерден тұратынын біледі;

Суреттен өсімдіктің бөліктерін (гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым, тамыр) танып, атай алады.

 Сөздік қор

Өсімдік, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым, тамыр, дің, өсімдік бөліктері, өсімдіктің мүшелері, өсімдіктердің жер үсті және жерасты мүшелері.

 Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

АКТ. Тәжірибе жасау барысында іс-әрекеттердің белгілі бір кезегін (алгоритмін) сақтау

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, алдымен шеңберге жиналып, өлеңді іс-қимыл жасау арқылы айтуды ұсыну.

) Армысың , алтын күн! (Күнге қарап бас иеді)

Көгілдір көк аспан! (Аспанға қолдарын жаяды)

Бармысың құстарым! (Құстарға қол бұлғайды)

Қанатты достарым ! (Құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (Оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (Сол қолын сол жаққа созады)

Бас ием тауларға (Бастарын иеді)

Жамылған қарларға (Қолдарын жоғары созады)

Жайқалған даланы (Қолдарын жан – жанқа соз)

Табиғат ананы (Алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

Көруге сағынып (Қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз (Бастарны иеді)

(Ұ) Ойын жүргізу. Оқушылардан өздерін өсімдіктер деп елестетулерін сұрау: қолдарын жоғары көтеріп немесе отырып, саусақтарының арасын ашып көрсетуді ұсыну (мұғалім де бір өсімдікті көрсетсе болады). Оқушылардан қандай өсімдікті көрсеткенін және оның қандай мүшелері бар екенін сұрау.

Сабақ ортасы

, МК) Сурет бойынша жұмыс.

Суретке қарауды ұсыну. Оқушылардан бұл өсімдікті бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұрау. Өсімдіктің мүшелері жазылған жеке жолақшалар дайындап қою (гүл, сабақ, жапырақ, тұқым, тамыр). Оқушылар өсімдіктің мүшелері атаған кезде тиісті жерге жолақшаларды қыстырып тұру. Оқушылар әр мүшенің атауын, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс.

(ЖЖ) Оқушыларды жұптастырып бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыну. Әр жұпқа жеке сурет беру.

Алдын ала дайындалған әр түрлі өсімдіктердің суреттері бойынша жұмыс жасау. Осы жұмыстың барысында оқушылар «Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?» деген сұраққа жауап берулері тиіс. Суреттерде өсімдіктердің әр түрі көрсетілген: ағаш пен бұта, ағаш пен шөп, бұта мен шөп. Оқушыларды өсімдіктер пішіндері жағынан әр түрлі болса да, олардың бірдей бөліктері болатыны туралы өздігінен қорытынды жасауға жетектеу.

(Ұ) Көзге арналған жаттығу.

(ОТ,Т) Тәжірибелік жұмыс жүргізу. Жұмыс барысында оқушылар «Тұқым қалай өнеді?» деген сұраққа жауап берулері тиіс. Оқушыларды төрт топқа бөлу. Әр топқа заттардың тізімін беру:

  • асбұршақ
  • құты
  • мақта
  • су
  • стақан

Жұмыс барысы: құтыны алып, түбіне мақта салады. Мақта ылғалданатындай, бірақ су тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп аздап су құю. Су ауаның өтуіне кедергі жасамау үшін, тұқымдардың бетін су жаппайтындай құю. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойып, қақпақпен жабу. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктері бар. Тұқымды жылы жерге қою.

Оқушыларға тұқымның өну үдерісін бақылап жүріп, 3 және 6 күннен кейін суретке салатынын/түсіретінін ескерту.

(Ө) «Өсімдік бөліктерінің атауларын жазу» тапсырмасын жұмыс дәптеріндегі 52 бетте орындау. Жазу дағдысы қалыптасқан оқушылар өсімдіктің әр бөлігінің атын жазады. Жазу дағдысы төмен оқушылар өсімдік мүшелері атауын сәйкес суретімен сәйкестендіруді ұсыну. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау. Орындау жылдамдығы мен тазалығына назар аудару. Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға көмектесу.

Өсімдіктердің суреттері. Асбұршақ, құты, мақта, су, стақан

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында «Жемістерді ата» пантомимо ойынын ұйымдастыру. Ортаға кезекпен бірнеше оқушыны шақырып, басқа оқушылар көре алмайтындай етіп жеміс-жидектердің суреттерін көрсету. Ортада тұрған оқушы оны қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар қандай жеміс-жидекті көрсетіп тұрғанын табулары керек.

Рефлексия.

Бүгін сабақта:

... білдім

.... жасадым

.... үйрендім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Өсімдік бөліктерінің атауларын жазу» тапсырмасын орындау барысында жазу дағдысы қалыптасқан оқушылар өсімдіктің әр бөлігінің атын жазуға, жазу дағдысы төмен оқушылар өсімдік мүшелері атауын сәйкес суретімен сәйкестендіруді ұсыну арқылы көмектесу

Оқушылар өсімдіктің бөліктерін атап, көрсете алатындарын бақылау арқылы бағалау. Өсімдіктің әр бөлігінің атын жазып немесе атауды сәйкес мүшемен дұрыс қосу қабілеттерін атап, мадақтау.

Сергіту сәттері, көзге арналған жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу