Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- бөлім:Тірі табиғат. Өсімдіктер.

Мектеп:Көкшетау қаласы ФМБ

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Сабдина А.А.

Сынып:1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.1.5 бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Өсімдікті қалай күту керектігін біледі;

Көпшілігі:

Өсімдікті күтуге қажетті заттарды анықтайды;

Кейбір оқушылар:

Өсімдікті күту жолдарын айтады.

 Бағалау критерийі

Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті құралдарды анықтайды.

Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы әңгімелейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Жағдай, күтім, мәдени, арамшөп, тыңайтқыш

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдік тіршілігіне не қажет?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Өткенді қайталау.

«Артығын тап» ойыны

Түрлі суреттер болады. Оқушылар өсімдікке қажетті жағдайларды ғана анықтайды. Артық суреттерді алып тастайды.

Зерттеу нәтижесімен танысу. Қорытынды шығару.

ІІІ. Қызығушылықтарын арттыру:

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң, сәні бұзылады.( Гүл )

-Дұрыс. Жарайсыздар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.

«Бағбанның қимылы» понтамимика.

Оқушылар топпен бағбанның қимылын ойлап тауып, неліктен ондай қимыл көрсеткенін түсіндіреді.

«Сиқырлы себет» ойыны

Себеттен сипап сезіп, заттарды алу. Гүлге суқұйғыш, сусепкіш, шағын күрек.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Суреттер, презентация.

Сабақ ортасы

5 мин

2 мин

1 мин

7 мин

3 мин

3 мин

4 мин

Жаңа сабақ:

Ертегі тыңдау.

Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтерді. Гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдардың көңілі түсіп қалатын болды. Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болды. Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болды.

Ой қозғау

- Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз?

- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

- Гүлдердің сыртқы келбетттері қандай?

- Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер?

Күтуге қажетті құралдармен танысу.

Сергіту сәті:

Жел еседі бітімізге,

Шайқалады ағаштар.

Жел ақырын-ақырын-ақырын

Биік-биік ағаштар

Зерттеу жұмысы:

Жұмысты жұпта жасайды.

Әр жұп шүберек, су сепкіш, су бүркегіш, таяқша беріледі.

Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылау.

  • Тым көп су құюға болмайды.
  • Су бүркегішпен қатты сепсе, жапырақтары сынып қалуы мүмкін.
  • Таяқшамен қопсытқанда, тамырына дейін тигізбе.
  • Гүлдің жанында жүгірме, ойнама, гүл құлауы мүмкін.

Болжау: Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады?

Төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алып, гүлге күтім жасайды.

  • Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суару.
  • Топырақты таяқшамен қопсыту.
  • Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себу.

Болжамдарыңыз дәл келді ме? Дәл келу үшін не істеу керек?

Бейнефильм көру. Бейнефильм бойынша топтар «Сен маған, мен саған» ойыны арқылы жұпта сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беру.

Топтық жұмыс:

Әр топқа өсімдікті күту жолдары көрсетілген түрлі суреттер беріледі. Суреттерді терминдер мен тірек сөздерді қолданып, суреттер арқылы гүлдің күту жолдарын ретімен орналастарды, сипаттайды.

ҚБ: бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды, бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

Дәптермен жұмыс:

Құрал-саймандардың атын дұрыс жазу.

презентация

карточкалар

суреттер

жемістер

көкөністер

су, топырақ, құтылар, суреттер

Сабақтың соңы

5

  • Рефлексия
  • Ыдыста қанша сан, сонша гүл сал.

«Сөйлемді аяқта»

  • Мен бүгін .... түсіндім.
  • Маған сабақта .... жасаған қызық болды.
  • Мен досыма .... туралы түсіндіре аламын.
  • Маған .... туралы қайта түсіндіру керек.

Суреттер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттеу жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы

-бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атауын, бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттай алуын бағалау. (дәптермен жұмыс, зерттеу жұмысы, топтық жұмыс)

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу