Өсімдіктердің қандай түрлері болады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Өсімдіктер | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Сабдина А.А. | ||||||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктердің қандай түрлері болады? | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату; 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өсімдіктердің түрлерімен танысады, ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері мен ұқсас белгілерін біледі; Көптеген оқушылар: жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады; Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздер неге … деп ойлайсыңдар?
Тірек сөздер: Ағаш, бұта, шөп, мәдени өсімдік, жабайы өсімдік | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Еңбек пен шығармашылық | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Smart-тақта, презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Өсімдіктер- тірі ағза | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-7 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). Қайырлы таң, күн! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады) ІІ. Қызығушылықтарын арттыру: (Ұ)Ойын «Артығын тап». Жанды және жансыз ұғымдарын қайталау мақсатында берілген суреттерден жанды затын анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақтада ағаш, бұта, гүлдің суреті ілініп тұрады. Барлық өсімдіктер бірдей ме? Биік, орташа, аласа. Мына суреттерден қайсысын білесіңдер? Гүлдің биіктігі қандай? Сабақтың тақырыбын ашып, сабақтың мақсатымен таныстыру. | Презентация | |||||||||||
Сабақтың ортасы 7-15 мин 15-23 мин 23-30 мин 30-35 мин | ІІ. Мұғалім өсімдік түрлері туралы I-mektep сайтынан бейнефильм көрсетеді. Талқылауға арналған сұрақтар:
«Ағаш, бұта, шөп» ойыны Егер мұғалім ағаштың атауын айтса, қлдарын жоғары көтереді, егер бұта болса, қолдарын алға созады, егер шөп болса, төмен отырады. Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы срутетер бойынша ағаштың, бұтаның, шөптің суретін табуға тапсырма беру. Далаға шығып, ағашты табу. Ағаштың дінін құшақтау. Жуан-жіңішке ұғымын түсіндіру. Сыныпқа келіп, мектеп ауласында өсімдіктердің қандай түрлері кездескенін айтады. Сергіту сәті: Жел еседі бітімізге, Шайқалады ағаштар. Жел ақырын-ақырын-ақырын Биік-биік ағаштар
Топтық жұмыс: 1-топ: көкөністердің муляжын табады. 2-топ: жемістер муляжын алады. 3-топ: ағаштардың суретін табады. 4-топ: бұталардың суретін табады. 5-топ: шөптердің суретін табады. Дәптермен жұмыс: Суреттерді өсімдіктердің түрлеріне бөлінген сөздерменмен байланыстырады. Берілген сұрақтардың жауабын не «ия», не «жоқ» деген сөздің астын сызады. Мәдени және жабайы өсімдіктерді суреттерімен байланыстырады. | Фильм http://www.imektep.kz/osimdik-turleri Суреттер, муляж | |||||||||||
Сабақтың соңы
| Рефлексия: «Кім жылдам?» ойыны. Егер мәдени өсімдікті көрсетсем, шапалақтайды, егер жабайы өсімдікті көрсетсем, секіреді. | Суреттер | |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Топтық жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы | Оқушылардың өсімдік түрлерін ажырата алуын бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?