Өсімдіктің бөліктері. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 2- бөлім:Тірі табиғат. Өсімдіктер. | Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Сабдина А.А. | |||||
Сынып:1 А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктің бөліктері | |||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білу керек: Өсімдіктердің бөліктерін таниды; Көпшілігі: Өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады; Кейбір оқушылар: Өз бақылауларының қорытындысын толық түсініде алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Табиғатты тану әдістері | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 | І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Қызығушылықтарын арттыру: (Ұ) Ойын «Бұл не?».
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Мәдени және жабайы өсімдіктермен танысамыз. | Муляж, өсімдіктердің суреттері, бөлме өсімдіктері, жасанды өсімдіктер. | ||||
Сабақ ортасы 25 | Жаңа сабақ: (Б,Т,ЖЖ,Ж,ф) Ой толғау Адамның қандай дене мүшелері бар? Өсімдікте мүшелері болуы мүмкін бе? (Б) Өсімдіктердің мүшелері туралы Аймектеп сайтында фильм көру - Өсімдіктің қандай мүшелері болады екен? -«Кім жыдам?» ойыны Алдарында жатқан сандардың ішінде суретте берілген қызанақтың мүшелеріне байланысты сандарды көтересіздер. Мен өсімдік мүшелерін айтамын, сіздер сурет бойынша мүшеге қатысты санды көтересіздер. Мысалы, мен «тұқым» деймін, сіздер 1 санын көрсетесіздер. Өсімдік бөліктерін қайталау. (хормен айту) (Т) Әр топқа өсімдік мүшелері беріледі. Бірақ бір мүшесі жетпейді. Оны анықтап, не үшін керек екенін айтып көреді. Сергіту сәті: (Б)Сахналап көрсету. Тұқым дегенде балалар отырады, сабақ дегенде өскін шығып жатқандай көтеріледі, жапырақ дегенде қолдарын ашады.
Дифференция: Презентациядан гүл мен ағаштың мүшелерін салыстыру. (деңгейі жоғары оқушылар гүл мен ағаштың мүшелерін салыстыруға мүмкін беріңіз) (Ж) Жұпқа сурет беріледі. Сурет бойынша оқушылар жемістерді атайды. Жемістің мүшелерін атайды. (суретті тақтадан да көрсетуге болады) Дәптермен жұмыс: (Ө)Өсімдік мүшелерін атауымен сәйкестендіру (ҚБ жинағында берілген тапсырманы қолдануға болады) | http://imektep.kz/osimdik-musheleri презентация сандар карточкалар | ||||
Сабақтың соңы 5 |
«Табо» ойыны Әр топ белгілі бір өсімдіктің құрлымын көрсетеді. Қалған топ өсімдіктің қай мүшесін көрсеткенін айту керек. Талдау
Өзін-өзі бағалау:
| Суреттер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Ағаш пен гүлдің мүшелерін салыстыру | Оқушылардың өсімдік бөліктерін ажырата алуын бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?