Өсімдіктер - тірі ағзалар. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі табиғат: Өсімдіктер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Сабдина А.А.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктер- тірі ағзалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 - өсімдіктердің негізгі сипаттамасы мен тіршілік формасын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажыратады.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерекшеліктерін табады. Олардың өсетінін, қоректенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін біледі.

Кейбір оқушылар: Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре

түседі.

Бағалау критерийлері

 

  • Табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажырата алады;
  • Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерекшеліктерін таба алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жанды заттарды жансыз заттардан қалай ажыратуға болады?
  • Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

Сіздер неге деп ойлайсыңдар?

  • ... көкөністі тірі ағза ...
  • ... өсімдіктер көбейеді...

Тірек сөздер:

Жанды табиғат, жансыз табиғат, нысан, өсімдік

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Smart-тақта, презентация

Бастапқы білім

Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Кім жылдам?» ойыны

Мұғалімнің қолында 2,3,4 цифрлары болады. Музыка жүргізіледі. Оқушылар музыкамен қимылдар жасайды, бірақ мұғалімге қарамайды. Мұғалім 4 цифрын көрсеткенде, төрт-төрттен қолдарынан ұстап қалуы керек. Кейін қайтадан бір-бірден қимыл жасайды. Мұғалім 3 цифрын көрсеткенде, үш-үштен қолдарынан ұстап қалуы керек. Ең соңында екі-екіден тұрып, жұп құрайды.

  • Балалар, енді жұптарыңмен сыныптың ішіне қараңдаршы. Бір затты таңдап, оны жұбыңа жасыр. Бірақ заттың атын атама. Оны сипаттап көр. Мысалы: ол үлкен, ағаштан жасалған, оның үстінде оқулық бар, ....

Мұғалім жұптардың жауаптарын бақылап, өзінің бақылау парағына белгілеп отырады. Көмекті қажет ететін ооқушыларға сұрақтар қою арқылы жауапты толық айтуға жаттықтыру керек.

Цифрлары бар карточкалар

Сабақтың ортасы

7-15 мин

15-18 мин

18-22 мин

22-23 мин

23-30 мин

30-35 мин

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

  • Балалар, сендер сипаттаған заттар бірдей ме? Қандай ерекшеліктер болды?
  • Алма, алмұрт, алхоры- бір сөзбен қалай айтуға болады?
  • Гүл, шөп, ағаш, жидек- бір сөзбен қалай айтуға болады?
  • Бүгін сабақта не туралы айтамыз? Өсімдіктер туралы не білесіңдер?

Мұғалім өсімдік туралы бейнефильм көрсетеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Су құймас бұрын өсімдік қандай болды?
  • Кейін өсімдікпен не болды?
  • Ол жанды ағза ма әлде жансыз ағза ма?

Оқулықпен жұмыс: Оқулықта көрсетілген материалдардан басқа мысалдар келтіруін сұрау. Талқылағаннан кейін ойын ойнауға болады.

«Жанды және жансыз табиғат» ойыны. Тапсырманы топпен немесе жұппен ауызша орындауға болады. Бұл үшін сынып екі топқа бөлінеді, топқа ортақ әртүрлі заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттері беріледі. Бір топ жансыз заттарды, ал екінші топ жанды заттарды бөліп көрсетуі қажет. Тақтаға “Жанды” және “Жансыз” деп жазылған екі кесте қойылады. Топ бойынша оқушылар таң даған суреттерін қажетті жазбаның астына орна ластырады. Содан кейін мұғалім топтардың жұмысына баға береді. Бағалауды дескриптор арқылы жүргізуге болады.

Дескрипторлар:

  • Жанды заттарды дұрыс ажырата алады.
  • Жансыз заттарды дұрыс ажырата алады.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Презентациямен жұмыс: Зерттейік:

Оқушыларға суреттерге қарап, көргендерін түсіндіруді сұрау. Осы тапсырманың мәні — жанды және жансыз заттардың арасындағы ерекшеліктерді көрсету. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер: Суреттегі өсімдіктен не байқадың? Ол қалай өзгеріп жатыр? Сусепкіш не үшін қажет? Таспен не жасауға болады? Оқушылар өсімдіктердің өсетіндігін, өзгеретіндігін, дамитындығын, қоректенетіндігін түсіне алуы керек. Тас өспейді, оған судың қажеті жоқ. Оқушылардың жеке бақылау жасауы өте маңызды. Осы кезде өсімдіктердің жанды ағза ретінде ерекшеленетін белгілерін айтуы қажет.

Дифференцияция:

Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.

Дәптермен жұмыс: Суретке қара. Жанды ағзаларды боя. Жансыз заттарды сыз.

Презентация

Фильм

Суреттер

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі бойынша

Карточкалар

Дифференциация оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс барысында көмек қажет ететін оқушыларға сұрақтар қою арқылы өз ойын жеткізуге қолдау жасау.

Қабілеті жоғары оқушылар суреттерді салыстыру арқылы өсімдіктердің тір ағза екенін қорытындылай алады.

Дескриптор арқылы жанды және жансыз заттардың ажырата алуын өзара бағалайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Сергіту сәті, ұйымдастыру кезеңіндегі тапсырма арқылы денені жаттықтыру. Қауіпсіздік ережелерін ескеру. Топтық, жұптық, жеке жұмыс барысындағы ережелерді қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу