Біздің сынып оқушыларының бойы қандай? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: ғылымға кіріспе 1 А бөлім: Адам Тақырып: Біздің сынып оқушыларының бойы қандай?
| Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||||
1 сынып 1 тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М. | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.4.1.1 Әртүрлі белгілерді пайдаланып (мысалы, бойы), адамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау. Дағдылар Ақпарат алу және ұсыну 1.1.3.1 Стандартты емес өлшеу әдістерін қолдану (алақан, табан) 1.1.3.2 Мұғалім басшылығымен нұсқаулық бойынша қарапайым өлшеулер жүргізу. | |||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||
Алдыңғы сабақта | Сыныптағы басқа оқушылармен көздерінің түсін салыстырып, диаграмма жасап үйренді. | |||||||||
Тілдік мақсат | Бойы – рост – height, аласа – низкий – short, ұзын – высокий – tall сөздерін пайдаланып, үш тілде сөздік қорларын молайту. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||||
Кіріспе бөлім 5 минут Негізгі бөлім 30 минут Қорытынды бөлім 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді әуен ырғағымен шеңберге жиналып, өткен тақырып бойынша «Адамның көздері қандай болады?» деген сұраққа талқылау жүргізеді. Көздерінің қиығы мен түсі ата-анасының қайсысына ұқсағанын әңгімелейді. (Ұ) Ойын «Кімнің бойы ұзын, кімнің бойы аласа?» Оқушыларға бір қатарға бойларымен тұру керектігі айтылады. Сыныптағы кімнің бойы ең ұзын, кімнің бойы ең аласа екені анықталады. Ұзын бойлы баладан бастап, сапқа тұрады. Өз аттарын айтып, сол жақтағы көршісіне жымиып қарайды. Сыныптағы ең ұзын және ең қысқа баланың атын жазып, тақтаға іліп қоямыз. Оқушыларға бүгінгі сабақта сынып оқушыларының бойы қандай екенін білетіндерін хабарлаймын. (МТ) Оқушыларға әлемдегі ең ұзын және қысқа бойлы адамдар туралы бейне материалды көрсете отырып, түсінік беру. Адамның бойы немесе ұзындығы - ол басының жоғары нүктесінен табанындағы жазықтыққа дейінгі ара қашықтық. Көбінесе адамның бойы тұқымқуалаушылықпен байланысты. Ата-аналарының бойы ұзын болса балаларының да бойлары ұзын болады. Кей жағдайда олай болмауы да мүмкін. Көптеген ата - аналар өздерінің балаларына: «Жақсы тамақ жесең, үлкен болып өсесің» деп айтады. Адамның бойына, яғни ағзасына жаңа жасушалардың қалыптасуына ақуыз, майлар және көмірсулар қажет. Рационалды тамақтанудан басқа, белсенді түрде спортпен шұғылдану қажет. Физикалық ауыртпалықтар өсу гармоны соматотропинаның пайда болуына әкеледі, сонда ағза тез өсе бастайды. Ертеде «Адам ұйықтағанда, ол өседі» деп айтқан. Бұны ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге болады. Дұрыс ұйқы мен күн тәртібі де бойдың өсуне ықпал етеді. /Оқушылардың ойын, пікірін тыңдау/ (ОТ) Суретке қара. Оқушылар сурет бойынша «Балалардың ұқсастығы мен ерекшеліктері қандай?»- деген сұраққа ізденеді. Оқушылар шаштың, көздің түсі, шаш үлгілері, киімдері бірдей болғанымен бойлары әртүрлі екенін анықтайды. /Оқушылар адамның бойының ұзындығы оның басқа ерекшеліктеріне: шашының, көзінің түсіне, киімдеріне, ойлауына тәуелді емес деген қорытынды шығару керек) Сергіту сәті. Оқушылар көңілді әуен ырғағымен төмендегі қимылдарды көрсетеді: аяғының ұшынан тұрып, қолдарын жоғары созады, еңкейеді, отырады. Осылайша қимылдарды бірнеше рет қайталайды. /Адам аяғының ұшымен тұрса бойы ұзарады, ал еңкейсе бойы қысқарады деген қорытындыға келеді./ (Ұ) Суретпен жұмыс. Оқушылар «ұзын», «аласа», «орта» деген ұғымдарды қалыптастыру үшін ұзын бойлы адам (сол жақта), аласа бойлы (оң жақта), орта бойлы (ортада) деп анықтайды. (Ж) Ойлан! Ортаға ұзын және қысқа бойлы екі оқушы шығады. Балаларға биік сөреден кітапты алуды ұсынылады. «Кімге алуға ыңғайлы болды? Ал енді төмендегі сөренің біреуінен алып көріңдер. Енді кімге алуға ыңғайлы болды? Қай жағдайда ұзын болған? Қай жағдайда қысқа болған? Балалардың назарын әртүрлі бойдың өзінің оң және теріс жақтары бар екеніне назар аударту керек. Адамның бойына қарап бағалау дұрыс емес екенін түсіндіру. (Ж) Оқушылар жұптасып, екі қатарға біріне бірі қарама-қарсы отырады. Бірінші қатардағы балалар ұзын бойлы адамдардың қандай іс-әрекетке бейім екенін, ал екінші қатардағы балалар қысқа бойлы адамның қандай іс-әрекетке бейім екенін айтады. Мысалы, - ұзын адам ағаштан алманы тез жұлып алады, қарауылда тұрады. - аласа бойлы адам құлпынайды тезірек табады. (Т\Қ) Зерттейік! Оқушылар топқа бөлінеді де бойды өлшейтін затты таңдайды. Оқушыларға қауіпсіздік ережесі ескертіледі. /Алақан, табан қиылған суреттер, қылқалам, кітап, дәптер/ Бойын өлшейтін оқушы қандай қалыпта тұруы керек екендігі туралы түсіндіріледі (тіп-тік, қабырғаға желкеңмен және жамбасыңмен сүйеніп тұру). Бойды өлшеу барысында ережелерді сақтамаса, өлшеу нәтижесі дұрыс болмайтынын ескерту. Әр топ өз зерттеулері мен нәтижелері туралы айтады. Баяндаулары мысалы былай болуы тиіс. «Біздің топтың оқушыларын сурет салатын қылқаламмен өлшедік (А-ның) бойы-6 қылқаламды, (С-ның) бойы-6 жарым қылқаламды құрады. Ал (М-ның) бойы-7 қылқалам болды. Яғни, бәрінен де бізде (М-ның) бойы ең ұзын, ал ең аласа (С) болды» Әр топ өздерінің зерттеу нәтижесін айтып шыққан соң, диаграмма жасап, басқа топтың оқушыларымен салыстырады. 7,9 жұмыс парағындағы тапсырманы орындау. Оқушылар шеңберге жиналады. А.Бартоның «Мен өсіп келемін» атты өлеңін оқып беру. «Бұл өлеңде кім туралы айтылады? Неге өлең «Мен өсіп келемін» деп аталады?» - деген сұраққа оқушылардың жауабын тыңдау. Рефлексия. Оқушыларға бүгінгі сабаққа белсене қатысқандары үшін біріне бірі қол шапалақтайды. Оқушылар өз көңіл күйлеріне қарай смайликтер таңдап алады, аттарын жазып, ең ұзын баладан бастап тақтаға іледі.
| https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA https://www.youtube.com/watch?v=EiCvsfOKs98 Слайд арқылы көрсету
| ||||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||||
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||||
Оқушыларға берген жауаптары үшін қол шапалақтау, мадақтау сөздер арқылы қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға стандартты емес өлшеу құралдарымен бойды өлшеуде қорытынды шығару және диаграмма құруды басшылыққа алу ұсынылады. | Оқушылардың адамдарды бойларын ажыратуда «ұзын», «аласа», «орта» деген ұғымдарды қолдана білуі, топта стандартты емес құралдармен бойларын өлшеп, қорытынды шығаруы бағаланады.
| Дүниетану пәнімен байланысады, өйткені, әңгімелесу барысында салауатты өмір салтын сақтанудың адам бойына әсер ететіні және әлемдегі ең ұзын, ең қысқа адамдар туралы біледі. Бойларды салыстыру, ұзын, қысқа, орта ұғымдарын бойды өлшеу барысында қолдануда және диаграмма жасауда математикамен байланысады. Сергіту сәті және А.Бартоның «Мен өсіп келемін» атты өлеңін оқып беруде өнермен байланыс болады. Стандартты емес құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесі айтылады. Суреттер мен видеоматериалдарды көрсету кезінде АКТ қолданылады. Оқушыларда тазалық пен денсаулықты сақтаудың бойдың өсуіне әсер ететіні туралы түсінік қалыптасады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?