Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 8 бөлім Дені саудың - жаны сау Спорт туралы әңгіме оқу ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Пән:Математика |
Бөлім/тақырып |
8-бөлім: Дені саудың-жаны сау Cпорт туралы әңгіме оқу |
Оқу мақсаты |
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды. 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады |
Жетістік критерийі |
Қолдану : Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды. Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар |
Спорт - денсаулық кепілі Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген. Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» теле арнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. Спорттың адам денсаулығы үшін қандай маңызы бар? Қандай спорттық ойын түрлері бар екен? Бала отбасымен қандай спорт түрімен шұғылданады? Қандай жаттығулар жасайды? Денсаулық мықты болу үшін, тағы неге көңіл бөлген дұрыс? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?