1 сынып Қазақ тілі және әдебиеті 8 – бөлім «Дені саудың – жаны сау» Спорт туралы әңгіме оқу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
1 сынып Қазақ тілі және әдебиеті 8 – бөлім «Дені саудың – жаны сау» Спорт туралы әңгіме оқу
Дидактикалық материал
- Әңгіменің тақырыбын болжауға арналған материал
- Спорт туралы әңгіме
Бала Мұхтардың достары жазғы демалыс күндерінде өзенге шомылып, доп қуалап ойнайтын. Ал күз келгенде сабаққа барып, онда да түрлі үйірмелерге қатысатын. Тек Мұхтар ғана жазда салқын судан қорқып өзенге де бармайтын. Жүгірсем құлап қаламын деп, футбол да ойнамайтын. Мұхтар ауыршаң болып өсті. Бойы да өзгелерден аласалау. Денесі нәзік. Бір күні оның досы жүзуден жүлделі орын алды. Сыныптастары, ата-анасы, жаттықтырушысы да қатты қуанды. Мұхтардың досын құттықтап, сыйлық беріп жатты. Сол күннен бастап Мұхтар спортпен айналысуға бел буды. Өскенде ол да досы сияқты жетістіктерге жетті. Денсаулығы жақсарып. Денесі шымыр, сымбатты жігітке айналды. Ол «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі» екенін түсінді.
Денсаулығымызды нығайту үшін бәріміз де спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де, гимнастикамен айналысу да спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны, әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы. Мұның бәрі салауатты өмір салты үшін маңызды. Спорт сенің серігің. Жанға - дауа, қолға - күш. Жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?