Қазақ тілі 1сынып 8 бөлім Дені саудың-жаны сау Спорт туралы әңгімені оқу ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ


Қалыптастырушы бағалау

Қазақ тілі және әдебиеті

Оқушының аты-жөні_____________________________________________________

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

О 1

Ақпаратты

түсіну

Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

Оқушыларға оқылған мәтіндегі негізгі оқиғалар мен кейіпкерлерге талқылау жасауды тапсырыңыз. Мысалы, оқиғаның орнын, кім қатысқанын және немен аяқталғаны,т.б. туралы. Кейіпкерлерді аттары немесе мәтіндегі суреттері арқылы табуға жұмылдырыңыз. Оқиға туралы детальдарды көбірек табу үшін иллюстрацияларды қолдануды, сипаттау сөздерді, сөз тіркестерін қайта оқуды тапсырыңыз. Оқушылардың мәтіннің мазмұны мен кейіпкерлеріне сүйене отырып, нақты ақпараттарды анықтай алу қабілетін бағалаңыз.

1-тапсырма:Мәтінді оқы.

Спорт алғаш рет Грекияда пайда болған. Біздің елімізде спорттың барлық түрі дамыған. Спортшыларымыз спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылды. Түрлі жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров –еркін күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов - әлемнің екі дүркін чемпионы,Балуан Бекзат Саттарханов –Сидней олимпиадасының чемпионы.Олар- біздің мақтаныштарымыз.

2-тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.

-Спорт алғаш қай елде пайда болған?

-Қазақстанда спорттың қай түрлері жақсы дамыған?

-Мәтінде Қазақстанның қай спортшылары туралы айтылған?

3-тапсырма:Сұрақтарға жауап жаз.

-Серік Қонақбаев кім болды?

_______________________________________________________________________________________________________

-Еркін күрестен олимпиада чемпионы кім болды?

_______________________________________________________________________________________________________

-Бекзат Саттарханов қай олимпиаданың чемпионы?

_______________________________________________________________________________________________________

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Оқылым

әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады;

мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу