Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 8 бөлім Дені саудың - жаны сау Әдеби емес мәтіндерді жазу .ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР.


Сабақ жоспары

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Дені саудың-жаны сау

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Әдеби емес мәтін жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді

 Сабақтың мақсаттары

мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады,

әріп пен дыбысты ажырата біледі, сөзді дұрыс жазады

өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді

 Жетістік критерийлері

жай сөйлемді құрастырып, әдеби емес мәтін жазып үйренеді

 Сөздік қор

әңгімені баяндауға қажетті тілді, сөз бен сөзді байланыстырушы элементтерді (мысалы: алдымен, содан соң, кенет, алайда, соңында т.б. сөздерді) қолдану

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, адамгершілікке, жақсы әдетті бойға қалыптастыру, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика пәндерімен байланыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Денсаулықты күтуді үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

10минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты төменде берілген өлең жолдарымен бастау.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Достарымызды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Сәлем, сәлем, сәлем!

ОМ таныстыру

Бүгін сабақта:

  • Әдеби емес мәтін жазып үйренесіңдер

60 минут

(Ұ) Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.

«Кім шапшаң» ойыны 1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді?3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?4. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?5. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?

Әдеби емес мәтіндер дегеніміз не?

-әдеби емес мәтіннің қарапайым ерекшеліктерін атап өтіңдерші.

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болады, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек.

«Бірлесіп жазу» әдісі

Денсаулықты күтудің жолдары.

1.Айқын жасалған күн тәртібінің болу керек.2. Дұрыс тамақтанғаның дұрыс.3. Дұрыс тынығу қажет.4. Дене еңбегімен шұғылданудың да пайдасы бар.5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенде.6. Табиғат аясында бол.7. Зиянды әдеттерден сақтан.8. Дұрыс қозғалыста бол.Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?- Денсаулық.Денсаулық туралы «Тапқырлық» сайысы.

Мақал – мәтелдерді аяқтау.1. Денсаулық -........................ (зор байлық)2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)3. Емнің алды -................................ (еңбек)4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/Бірлесе отырып дұрыс тамақтану ережесін құрып жазайық:

1.Майлы тағамдарды көп пайдаланба.

2.Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтан.

3.Тәттілер көп, ал денсаулық біреу-ақ.

4.Жеміс – жидектер - пайдалы тағам.

5.Күніне 3рет, бір уақытта тамақтан.

6.Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.

7.Тым ыстық не суық тамақтан тіс эмалі бұзылады.

8.Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян.

Сабақтың соңы

10 минут

  • Тамақтану ережелері
  • Тамақтану режимін сақта! 
  • Тамақ  құрамы туралы ойланыңдар! 
  • Тамақты дұрыс шайна! 
  • Тамақты артық жеме! 
  • Тамақ  уақытында асықпа! 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әдеби емес әңгіме жазуда, қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

Әдеби емес әңгіме жазып үйренеді

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу