қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_Әңгімені оқу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын Күні: 12.04.17ж Сынып: 1А | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Әңгіме оқу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату 1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну |
Сабақ мақсаттары | Әңгіме оқимыз, мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береміз. |
Бағалау критерийлері | Мәтіннің тақырыбын анықтайды. Автордың ойын болжап айтады |
Тілдік мақсаттар | Тағам және сусын тақырыбына қатысты сөздер |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | |
Бастапқы білім | Ертегі мазмұнымен таныс |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 мин | «Шаттық шеңбері» Күндей жадырап, Айдай арайлап, Күндей таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастаймыз. Сабаққа кіріспе: -Балалар «Ас атасы-нан» деген мақалды қалай түсінесіңдер? (оқушы жауаптары) Кешегі оқыған «Бір үзім нан» ертегісі бойынша жұмысты жалғастырамыз. Бүгінгі сабақта не істейтініміз жайында айту, оқу мақсатын хабарлау Әңгіме оқимыз, мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береміз. | Интерактивті тақта | ||||||||
Сабақ ортасы 8-10мин 10мин 10мин | (Ж) Мәтінмен жұмыс Мақсаты: оқылған мәтіннің мазмұнын естеріне түсіру, жұпта бір-біріне әңгімелеу Мұғалімнің іс-әрекеті: Барлық топ оқушыларына ББҮ кестесін таратады. Нан туралы не білетіндерін жазу ұсынылады. Топтық жұмыс. ББҮ кестесін толтыру. Нан туралы не білесіңдер?деген сұрақ қойылады.
Әр топтың жауабы тыңдалады. (Т) Ертегі мазмұнына талдау жасау 1-топ: Бай қандай адам?- сипаттама бер 2-топ: Кедей қандай адам?- сипаттама бер 3- топ: «Бір үзім нан» сөзінің мағынасын түсіндіру 4-топ: Ертегідегі мақалдың мағынасын ашыңдар 5-топ: Ертегі соңы қалай -Дастарханға нан қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар?Оқушылардың ойларын тыңдау. -Бүгін біз «Дастарханға нан қалай келеді?» деген өлеңмен танысамыз. (Ж) Өлеңмен жұмыс Мақсаты: Жұптаса отырып ,өлеңді оқып, мазмұнын түсіну Нұсқаулық: 1.Өлеңді түсініп оқыңдар 2.Жұпта әңгімелеңдер 3.Суреттен ретін белгілеп көрсетіңдер Шығармашылық жұмыс. (қосымша тапсырма) «Бір үзім нан» ертегісінің кейіпкерлеріне қарапайым сөздерді қолдана отырып, шағын хат жазу, оны өздері таңдап алу. 1.Байға хат жазу. 2.Кедейге хат жазу. | кесте | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ бойынша кері байланыс жасау. Не қиын ? Неқызықты? Не маңызды? Оқушылар көңіл-күй суретінде жазылған әр сұраққа қарап, бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады. Мұғалімнің жетекші сұрақтары: Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды? Мәтіндегі кейіпкерлерге қандай тілек айтасыңдар? Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады. | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Сергіту сәті | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?