Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 7-бөлім Тағам және сусын Сыныпта кафе құру САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 28.03.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Сыныпта кафе құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді

1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды

 Сабақтың мақсаттары

Өзгелермен қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйрету. «Кафе» тақырыбына сөз, сөйлем, мәтін құрастыруға төселдіру. Оқу дағдыларын жетілдіру.

 Жетістік критерийлері

Қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді Белгілі тақырыпқа сөз, сөйлем, мәтін құрайды.

 Сөздік қор

 

Кафе, тұтынушы, сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын, салқын сусын, ыстық күн, ыстық кофе, даяшы, балмұздақ.

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс. Әр түрлі сөйлем түрлерін айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру . Ортақ тақырыпты еске түсіріп, постердегі суретті көрсетіп сабақты бастау. 

2.Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу

Сабақтың ортасы

(ЖЖ) Ауызша «Кафе» сөзіне қатысты сөздер тізбегін құруды ұсыну. Оқушылар өз түсінігінде бұл сөзді немен байланыстыруға болатынын ойланып, айтып көруге мүмкіндік беру. Содан соң олардың назарын суретке аудару.

(Ұ) Оқушылардың тілін дамыту мақсатында сурет бойынша жұмыс жүргізу. Оқушыларға суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну. Оқушылар сөздерді айтып болған соң, алдын ала жолақшаларға (кафе, сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын, салқын сусын, ыстық күн, ыстық кофе, даяшы, балмұздақ) дайындап қойған сөздер/сөз тіркестерді кезекпен тақтағы суреттердің қасына қыстыру. Сөздердің ішінде олардың айтқан сөздері де бар екеніне назар аударып тұру. Сөздерді оқушылар хормен оқыған соң, тақтаға іліп қою. Келесі кезекте оқушыларға сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыруды ұсыну. Сөйлем құрастырған балалар кезекпен ортаға шығып тұрады. 4-5 сөйлем құрылған соң, әр баланың сөйлемін алдымен өзі, содан соң сынып оқушылары хормен айтып қайталайды. Солай шағын мәтін құрылады. Қажет болса мәтін бірізді болу үшін, сөйлемдердің орнын, яғни тұрған оқушылардың орнын ауыстыру керек. Сыныптағы 2-3 оқушыға мәтінді толық айтып шығуға мүмкіндік беру. Мәтінді түсінгендерін бақылау мақсатымен сұрақтарға жауап беруді ұсыну.

(Ұ,ЖЖ) Оқушылар «Кафеде» мәтінін оқуды ұсыну.

Кафеде

Осы демалыста біз достарымызбен кафеге бардық. Кафеде көп адамдар болды. Олар тамақ ішіп отырды. Даяшы бізбен амандасып қарсы алды. Ол бізге бос үстелдерді көрсетті. Балалар үстел жағасына жайғасып отырды. Даяшы бізге ас мәзірін ұсынды. Ас мәзірінде кафеде дайындалатын түрлі тағамдардың аттары жазылып тұр екен.

Ұлдар ас мәзірінен өздеріне «Тұшпара» тағамын таңдады. Қыздар болса «Сірне» тағамын таңдады. Сусындардан алма шырынын, ал тәтті тағамдардың ішінен балмұздақты таңдадық. Даяшы бізден тапсырысты қабылдап алды. Біраз уақыттан кейін біздің тапсырысымыз дайын болды. Даяшы біздің алдымызға тағамдарды әкелді. Тағамдар өте дәмді дайындалған.

Бізге тағамдар өте ұнады. Біз аспазшыға алғыс айтып, қоштастық.

Түсінбеген сөздермен жұмыс жүргізу. Мәтінді талдау.

Сұрақтар:

  • Балалар қайда барды?
  • Оларды кім қарсы алды?
  • Даяшы балаларға нені ұсынды?
  • Онда не жазылып тұр екен?
  • Ұлдар қандай тағам таңдады?
  • Қыздар ше?
  • Мәтіннің соңғы екі сөйлемінде не деп айтылған?

Сергіту сәті «Көңілді күн»

(Ұ,ЖЖ) «Кафеде» диалогін алдымен өз беттерімен оқуды, содан соң жұптасып оқуды ұсыну. Үйде осыған ұқсас диалог құруды тапсыру.

Кафеде

Тұтынушы: Сәлеметсіз бе?

Даяшы: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!

Тұтынушы:Сіздерде бос орын бар ма?

Даяшы: Бар, мына үстел бос. Мен даяшымын, атым- Абылай.

Тұтынушы:Маған ас мәзірін беріңізші.

Даяшы: Өтінемін. Қандай тапсырыс жасайсыз?

Тұтынушы:Маған «Көктемгі салат» және палау.

Даяшы: Сусындардан ше?

Тұтынушы:сүт қосылған шай. Десертке - кекс .

Даяшы: Ракмет! Сіздің тапсырысыңыз 10 минутта дайын болады.

Тұтынушы:Ракмет, тағамдарыңыз дәмді болды. Сау болыңыз.

Сюжетті сурет;сөздер жазылған жолақшалар

Сабақтың соңы

-Сабақта не үйрендік?

Сабақ ұнаса бармақпен көрсетуді сұрау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқуға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың сөз ойлап тапқандарын, сөйлем құрағандарын, мәтінді ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтқандарын «көңілді смайл» беру арқылы бағалау, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу