Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||
Сынып:1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтақырыбы | Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау | ||
Оқу мақсаттары | О1.Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады | ||
Сабақ мақсаттары | Әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді.. | ||
Бағалау критерийлері
| әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады. | ||
Сөздік қор | кейіпкер ,мазмұн,достық, адал, еңбекқор, ақылды, тату-тәтті, т.б. | ||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады. | ||
Сабақбарысы | |||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтажоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Психологиялық дайындық Дөңгеленіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Қол ұстасып бәріміз, Ақ тілекті жолдайық. Әлемде нұр тынышты,қ Әрбір бейбіт күн ыстық. Қайырлы таң, мектебім! Қайырлы күн, достарым! Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламын! Сәлем! Сәлем! Сәлем! -Балалар, кімді көргенде қуанып қарсы аламыз? -Ал ендеше, бүгін біз бір әңгіме оқимыз. -Ал қандай әңгіме оқитынымызды қазір ойын ойнау арқылы білеміз. (Т) «Ойлан.Тап!» ойыныарқылы сабақтың тақырыбын ашу. -Мына суретті ребусты шешіп көрсеңдер, бүгінгі сабақта оқитын әңгіменің тақырыбын білесіңдер.
-Балалар, қандай сөздер шықты? -Сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? -Ендеше біз бүгін «Екі дос» жайлыәңгімемен танысамыз. Сабақтың мақсатын оқушыларға хабарлау.Жетістік критерийлерін анықтау, тақтаға жазу. (Ұ) Дәптермен жұмыс Оқушыларға бүгінгі күнді дәптерлеріне жазғызу. Көркем жазу сәті:Сөзерді сауатты жазып, буынға бөлу: Серік Берік (Ұ) Әңгімені оқу /Әліппе 152-бет/ Оқушылар ертегіні оқиды, тыңдайды. (Ұ) Әңгімені талдау -Әңгіме кімдер туралы? - Әңгіме немен басталды? -Беріктің әкесінің аты кім? -Абдолла ағай не істегісі келді? -Ол не деді? -Берік не деп жауап берді? -Серік не істеді? -Абдолла ағай қалай мақтады Серікті? Сергіту сәті:«Көңілді балақайлар биі» (Т)Мәтінді рөлге бөліп оқу (Т) «Сипаттама беру» айдары Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру мақсатында 3 топқа кейіпкердің аты жазылған тірек сызба таратылады. Оқушылар топта отырып, кейіпкерді талқылайды, сипаттама беріп, тірек сызбаны толтырады. мейірімді сыпайы тату-тәтті СЕРІК ақылды еңбекқор адал дос (Ж) «Бұл кім?» ойыны Оқушыларға кейіпкерлердің суреті беріледі. Олар бір-біріне теріс қарап отырады. Біреуі кейіпкердің суретін көрсетпей, оны ауызша сипаттайды. Екіншісі кейіпкерді табуы тиіс. | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары Суретті жұмбақ Үлгі сөздер Әліппе Мәтін жазылған парақтар Тірек сызба Әр түрлі кейіпкерлер суреттері | |
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Сабақтан не үйрендің? -Не қызықты болды? Оқушылар өз үйренгендерін айтады Жетістік критерийлеріне оралып, кімнің неге жеткенін анықтау. | Интерактивті тақта | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға кейіпкерлерді еркін сипаттайды. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?